Тақырыбы: Жекешелендіру кезеңдері



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі26.26 Kb.
#463273
  1   2   3
жекешелендіру кезеңдері


Тақырыбы:
Жекешелендіру кезеңдері

Орындаған: Келжанова П


Мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиет
Тексерген: Ыбышова С.Т

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланысты болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекелеген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.
Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
д) мүліктері мемлекеттік меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.
1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жеке меншікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелері топтарының қалыптасуына бағытталды.
Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру саясатының алғашқы толқыны әрқайсысы алдыңғысының қисынды жалғасы болып келетін төрт кезеңмен жүзеге асырылды. Әрбір кезең тиісті нормативтік құқықтық базаны жасаумен және онан арғы түбегейлі өзгерістердің барысын анықтайтын бағдарламаларды әзірлеумен қатар жүрді. Кеңес одағынан кейінгі көптеген мемлекетердегідей, Қазақстандағы жекешелендіру мемлекеттік меншіктен сақтап қалуға салмай, жалпы экономикалық реформалар мән мәтінінде қарастырылды. Жекешелендіру өз алдына экономикалық өрлеу үшін әмбебап рецепт болып табылмайды. Ол бар болғаны меншіктің жеке және мемлекеттік түрлерін өндіріс құралдарына осы сөздің кең мағынасында енгізетін экономикалық саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет