Жуалы ауданы әкімдігінің 12 қаңтардағы 2011 жылдың



бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#206169
  1   2   3   4


Жуалы ауданы әкімдігінің

12 қаңтардағы 2011 жылдың

№17 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Б.Момышұлы ауылы 2011 жыл



Мазмұны

1

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы және пайымдауы

3

2

Жуалы ауданы бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы ағымдағы жағдайын талдау және дамуының қарқыны



3-9

3

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен қызметі.


10-14

4

Функционалдық мүмкіндектер мен ықтимал тәуекелдер



15-19

5

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттармен сәйкес келуі



20-21

6

Тәуекелдерді басқару



22-23

7

Бюджеттік бағдарламалар



24

1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы және пайымдауы




  • Ауданның аграрлық саясатын іске асыру, Жуалы ауданының агроөнеркәсіп кешенінің өсуіне ықпал жасау және ауыл шаруашылығының бәсекелестікке қабілеттілігін жаңа сатыға көтеру.

  • Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру, ауданның өнеркәсіп секторының бәсекеге қабілеттігін, шаруашылық аралық байланыстарын қамтамасыз ету, инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды және жаңа жұмыс орындарын ашуды жүзеге асыру.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту. Өңірлік өнімдердің бәсекелестік артықшылығын дамыту, ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шағын және орта дамыту үшiн жағдайлар жасау, жаңа өндірістерді ашу, қайта құру, жетілдіру, өнеркәсіп салаларын диверсикациялау, тұтынушыларға сатып алуында жергілікті өнімдер үлесін арттыру, ауданның тұтыну рыногының конъюнктурасын жақсарту және оны дамытуды болжамдау, шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн дамытуға ықпал ету, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету функцияларын кәсіби атқаруға арналған мемлекеттік орган.


2. Жуалы ауданы бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы ағымдағы жағдайын талдау және дамуының қарқыны
2.1 Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы.

Қазіргі кезде ауданның агроөнеркәсіп кешенің барлық саласында еңбек өнімділігінің артып келе жатқаны, ауылдарда қаржылық қызмет көрсетудің дамуы, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасының артуынан байқалып отыр. Соңғы жылдары ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақтанды. 2001 жылдан бастап ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны өңдеу тұрақты түрде ұлғаюда. Шаруашылықтардың жаңа техникамен, қажетті құрал жабдықтармен жарақтануы өсуде, сырттан ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау төмендеуде.

Аудан экономикасында ауыл шаруашылығы жетекші роль атқарады. Аудан аумағында соңғы 5 жылда өндірілген ішкі жалпы өнімнің 91-92 пайызын ауыл шаруашылығы өнімдері құрады. Атап айтқанда егін орағы кезіндегі түрлі қиындықтарға қарамастан егін орағының қортындысы жақсы деңгейде болды. Аудан бойынша масақты дәнді дақылдардың әр га-нан 16,1 ц өнім жиналды. Бұндай жетістіктерге агротехникалық шаралардың сақталуы, дәнді дақылдардың сорттарын жаңалау және ауыстырып отырудың, егіс мәдениетін көтерудің, машина-трактор паркын жаңалаудың арқасында қол жеткізілді.

Бүгінгі күні ауданның табиғи жағдайына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді диверсификациялау, ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшелітерін ескеру, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу бағытында жұмыс жүргізілуде.

Мал шаруашылығы аграрлық сектордың негізгі салаларының бірі болып есептеледі. Аудан түрғындарының тұрмыс тіршілігінің жақсы болуы ауданның халқын өз өнімдерімен оның ішінде сүтпен,етпен қамтамасыз етілуі осы саланың жағдайы мен дамуына тікелей байланысты.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығында жүргізіліп отырылған саясаттың арқасында егшін шаруашылығында өнімнің молаюы және өнім сапасының жақсаруы, мал шаруашылығында мал басының өсуі, мал өнімдерін өндіру, оның өнімділігін арттыру тұрақты қамтамасыз етіліп келеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 2009 жылдан бастап субсидияланған минералды тыңайтқыштар бөлініп келеді. Биылғы жылы аудан бойынша 180 тонна аммиак селитрасына тапсырыс беріп, бүгінгі күні оның 158 тоннасы алынды. Сонымен бірге шаруашылықтарға соңғы жылдары кепілді дизель жанармайы тұрақты түрде бөлініп келеді. Биылғы жылдың көктемгі дала жұмыстарына және егін жинау және күзгі дала жұмыстарына 3480 тонна дизель жанармайы бөлініп шаруашылықтарға таратылды. Соңғы 3 жыл ішінде аудан шаруашылықтарында себілген егіс алқаптарына жұмсалған шығындар көлемін субсидиялау тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Биылғы жылы аудан көлемінде егілген басым дақылдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 47,138 млн теңге бөлініп оның 47 млн 138 мың теңгесі игерілді. 2007-2009 жылдары отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерін күтіп баптағаны үшін 67 шаруашылыққа 14 млн 840 мың теңге субсидия төленді. 2010 жылы «Дархан» ш/қ отырғызған 42,5 га жерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерін отырғызып өсіргені үшін 19 млн 147 мың теңге субсидия төленді.

Ауданда асыл тұқымды малдардың тұқымын сақтау және оны жетілдіру мақсатында республикалық бюджеттен бөлініп отырған қаржының арқасында бұл саладағы жұмысты жақсарту мүмкін болып отыр. Атап айтқанда 2008 жылы асыл тұқымды шаруашылықтарға асыл тұқымды мал сатқаны үшін 59 млн 300 мың теңге төленсе 2009 жылы бүл көрсеткіш 74 млн 500 мың теңгеге жетті. 2010 жылы асыл тұқымды мал алғаны үшін ауданда 11 шаруашылыққа 17 млн. 253 мың теңге дотация төленсе мал өнімдері бойынша «Гамбург» ЖШС-і сиыр етіне 3 540 960 теңге, шошқа етіне 12 250 000 теңге, сүт өніміне 9 072 900 теңге және «Күреңбел» ӨК – і сүт өніміне 216 500 теңге дотация төленді.

Аудандағы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында бір біріне мал сату мақсатында өткізілетін аукциондарға аудан шаруашылықтары тұрақты қатысып отырады.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында ауылдық елді мекендерде ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері 17. Бұл пункттер сүтті көп беретін ірі қара малдардың жоғары өнім беретін тұқымдары әкелінуде.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 25 түрлі цехтар мен диірмендер жұмыс істейді. Қайта өңдеу саласында 150 азамат еңбекпен қамтылған. Соңғы 5 жылда қайта өңдеу кәсіпорындарымен жылына 2 млрд теңгенің өнімі қайта өңделуде.


2.2. Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму

Қазақстандағы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, аймақтарда өнеркәсіптің қарқынды дамуына жағдай туғызуда. Ауданның өнеркәсібінде де соңғы бес жылда орнықты өсім айқындалып келеді.

2010 жылдың қорытындысында өнеркәсіптің барлық саласы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі тұрақты деңгейде болды. Осы мерзім ішінде ауданның шағын және орта кәсіпкерлігі 5 353 466 теңгенің өнімін өндірді, бюджетке 161 млн. 219 мың 800 теңгенің салығы түсті. 2009 жылмен салыстырғанда салық түсімі 13 млн. 697 мың 800 теңгеге артып отыр.

Ауданның экономикалық дамуы соңғы жылдары тұрақты өсу сипатында. Аудан аграрлы бағытта болғандықтан ішкі өнімнің 70,8 % ауыл шаруашылығы құрайды, өнеркәсіп – 6,4 %, сауда-саттық – 13,5 %, көлік және байланыс – 0,1 %, құрылыс – 0,1 %, басқа да өнімдер 2,7 пайызды құрады.

Өнім өндіруші кәсіпорындардың бюджетке төмендегідей салық төледі:


  • «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС-і ірімшік және сары май өндіріп, бюджетке 2010 жылы 9 118 мың теңге салық төлемдерін төледі.

- «Гамбург» ЖШС - 117,1 тонна шұжық өнімін, 10 тонна ұн, 5,6 тонна нан пісіріп, жалпы 58 047 мың теңгенің өнімін өндірді.



  • ««Жуалы» АТК-і нан өнімдерін өндіру және басқа да қызмет көрсету арқылы бюджетке 2009 жылы бюджетке 131,9 мың теңге салық төлесе, 2010 жылы 200,6 мың теңге салық төледі.

«СМТС» ЖШС - 5,1 тонна сары май, 17,2 тонна ірімшік, 10,8 мың литр алкогольсіз сусын, барлығы 14 790 мың теңгеге өнім өндірді, 2008 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 3 есеге дейін артып отыр;

2.3. Инновациялық жүйедегі ұлттық құрылым


Отандық өнеркәсіптегі табысының тағайындау факторы өндірістің және бәсекелестікке төтеп беретін ннновациялық қызметі болып табылады, отандық және шетелдік ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетін қолдану және бәсекеге төтеп беретін негізде құрылған өндіріс.

Инновациялық дамуда саясаттың негізгі міндеттері инновациялық жүйенің құрылымы мен дамуы: ғылыми әлеует, инновациялық инфрақұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік.

Инновациялық бағытта ауданда жаңадан өндірістік екі жоба жүзеге асты. Олар кірпіш зауыты және сүт өнімін өңдеу жобасы.

Көптеген отандық зерттеулер мен әзірлеулер әлсіз болғандықтан нақты нарықтық талаптарға және импорттық өнімдер мен қызметтер талаптарындағы бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Инновациалық өнімдерді өткізуде алға жылжу әлсіз дамыған. Инфрақұрылымдық және инженерлік шарттардың мәнін құру өте маңызды.

2.4. Индустриалдық-инновациялық дамудағы түйінді мәселелер

-өнімді өңдеу секторының бәсекелестікке төмен қабілеті;

-негізгі қордың тозуы және ескірген технологияның пайдалануы;

-айналым қаражатының жетіспеуі мен ұзақ жылдық төмен пайызды несиеге қол жетпеуі;

-отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен дәрежесі;

-cалықтық, кедендік заңдылықтарда өндірістік кәсіпорындардың дамуын көтермелеу төмендігі.

-инновациялық саланы дамытудың шешу жолдары.

-инновациялық қызметінің белсенділігін көтеруге, сондай-ақ қаржыландыруға өзгерістер енгізіп, қолданбалы НИОКР-де ғылыми зерттеулер мен қаржыландыру сызбаларын қолдану керек.


2.5. Кәсіпкерліктің және сауданың даму үрдісі

Тұрғындар өмірін қамтамасыз ететін ең бір керектісі ішкі сауда қызметі, республикада нарықтық қайта құрылым мерзімі мен өзгерістерге шыдап келді.

Экономиканың қай саласын алсақ та, саудада көтеріңкі кәсіпкерлік белсенділік құрылып, бұл тұтынушылық рыногтарда баяуламай көрініп отырды.

Аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 957,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерліктің сауда айналымы 480,6 млн. теңгені құрады.

Бірнеше сылтаулармен сауда рыногтарында айналым көлемі төмендеді.

Біріншіден: Екінші деңгейлі банктердің сауданы қаржыландыру көлемінің төмендеуінен, сауда ұйымдарының қызметтерін айналым қаражатына толтыруда несие берудің қысқаруынан туындады.

Екіншіден: Тұтынушылық белсенділіктің төмендеуінен, тауарлар түрлерінің бағасының өсуі мен тұрғындардың оны төлеу қабілеттігінің төмендігінен, яғни қаражатының жетпеуінен туындап отыр.

Статистика мәліметі бойынша ауданда 2010 жылы жалпы шағын кәсіпкерліктің саны 3115 құрады. Оның ішінде 86 шағын кәсіпорын, 987 жеке кәсіпкер, 2039 шаруа қожалықтары жұмыс атқарады. Өткен жылға қарағанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,3 пайызға өскен. Жұмыспен қамтылған адам саны 7654 адам. 2010 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша 5 353 466 мың теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып, бюджетке 161219,8 мың теңге салық төлемі жасалды, былтырғы жылға қарағанда өнім көлемі 113,4 % артты. Шаруа қожалықтарының өндірген өнімі 3 209,1 мың теңгені құрады.

Кәсіпкерліктің бірден-бір іс-әрекеті шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау несиелендіру болып табылады. Шағын бизнес субъектілерінің қызметтерін несиелеу жергілікті бюджеттен, республикалық және облыстық екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

«KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Б.Момышұлы филиалымен 2009 жылы 238 685 мың теңге, 2010 жылдың 12 айында 278 млн. 680 мың теңге несие берілді.

Аудандағы бүгінгі күнге белсенді жұмыс атқарып жатқан «Жуалы Рантье» ЖШС-гі 2009 жылы аудан тұрғындарына 115 борышкерге 42 млн. 490 мың теңге шағын несие таратса 2010 жылы 64 борышкерге 23 900 мың теңге несие таратқан. «Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-ның несие игеру туралы мәліметтеріне сүйенетін болсақ 2009 жылы 3 шаруа қожалығына 3 425 мың теңге несие берілді.

2010 жылдың сәуір айынан бастап аудан орталығында ЖШС «Азиялық Несие Қоры» шағын несие ұйымы 52 аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерге 12 млн 340,0 мың. теңге несие таратты.

«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы көктемгі дала жұмыстарына «Ақсай» шаруа қожалығына төрағасы Сапаев Жасұланға 2,0 млн. теңге, «Сайлау» шаруа қожалығының төрағасы Қасымбеков Мұратқа 1,5 млн. теңге, одан бөлек аудан кәсіпкерлеріне 5,0 млн. теңге несие беруге сұраныс жасалып, аталған қор мал өсіруге 10 кәсіпкерге 400,0 мың теңгеден несие берді.

Сонымен қатар «Жуалы сервистік дайындау орталығы» ЖШС- і 2009 жылы «Оңтүстік» аймақтық агрокешені» ЖШС-нен лизинг түрінде 39,8 млн теңгеге 15 дана әртүрлі ауыл шаруашылығына қажетті техникалар алды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жоспарларына сай қызмет көрсетуде. «Аграрлық несие коорпорациясының» Жамбыл облысы бойынша өкілдігінен «Азат» өндірістік бірлестігі» АТК-і сүт өнімдерін өндіруге 19 228 мың теңге несие алды, «Ақтөбе» АТК –і өсімдік майын өндіруге 5 420,8 мың теңгеге құрал жабдықтар алып, орнатып, бүгінгі күнде 2 тонна көлемінде мақсары майы өндірілді. Кооперативтің тәулігіне 1 тонна мақсары майын шығаруға мүмкіндігі бар.


Аудандағы кәсіпкерліктің дамуы мен қолдаудағы негізгі мәселелер

1. Кәсіпкерлікте қаражаттың жетіспеуінен, әсіресе ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер:

Несиелеу көлемінің төмендеуінен және несие алу мүмкіндігінің жетіспеуінен;

Несилеу ставканың жоғарылауынан;

Несие алуды рәсімдеудің қиындықтары мен ұзақтығынан.

2. Шағын және орта бизнестің арналған әкімшілік тосқауылдарға жауап беруі:

Кәсіпорын рыногына кіре бергендегі тосқауыл – лицензиясы, рұқсаты, тіркелуі, жоба құжаттарының келісімі;

Тауарларды рыногқа шығарудағы – сертификаты, иденфикациясы, тауарды белгілеу құжаттары;

Ағымдағы қызметтер процесінде кәсіпкерлердің әкімшілік шығасысы, бақылаулар, лицензиялық бақылауды қосқанда, іс жүргізу, құжаттар айналымы, көптеген міндетті есептер формаларын сақтау.


  1. Аумақтардағы кәсіпкерлікті қолдаудағы инфрақұрылымның дамуының қалыпты еместігінен кәсіпкерліктің даму дәрежесіндегі сәйкессіздік.

Ауданның ауылдық округтерінде бухгалтерлік және бизнесті жүргізуіндегі қаржылық есептілік, маркетинг, менеджмент, құқықтық және қаржы сұрақтары аясында орталықтандырылған қызметін жүргізу және консалтинг бойынша кәсіпкерлердің шектеулі мүмкіндіктері.
Шешу жолдары

1. Шағын несие ұйымдар жұмысты дамытып, мүмкіндіктері төмен кәсіпкерлер мен жұмыссыз тұрғындарды несие ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында;

2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің басымдылық танытқан жобаларын қаржыландыру;

3. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржы институттары арқылы «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму, ЕДБ, ӘКК «Оңтүстік» несие алуларына ықпал жасау;

4. Кәсіпкерліктің біріккен қоғамдастығымен бірлесе отырып, кәсіпкерлік сұрақтары бойынша әлеуметтік сауалдар мен аналитикалық сауалдар жүргізу;

5. Ауылдық жерлердегі ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын цехтарды көбейтуге, өнеркәсіп саласын дамытуға және қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге ықпал жасау;

6. Халықтық ойларды жаңғырту мен дамытуға ауылдағы жұмыссыз әйелдер мен жастарды тарту;

7. Профессионалдық оқу процестерін ұйымдастырып мемлекеттен басқа, жұмыс берушілер мен басқа әлеуметтік әріптестердің тартылуына ықпал жасау керек. Бұл өз кезегімен құрылған бағдарламаларды ұстауға практикада әсерін тигізер еді.

8. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарын тарту үшін ауданда кәсіпкерлікті қолдау орталығын құрып, аймақтардағы кәсіпкерлерді ақпарақтық-аналитикалық, консалтингтік және оқу-методикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;

9. Шағын және орта кәсіпкерлік консалтигінің дистанциондық, виртуалдық жүйесін құру, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің біріккен қоғамдастықтарымен бірлескен семинарлар мен оқу тренингтерін өткізу кәсіпкердің ақпарат алуда уақытша шығыны мен қаражат шығынын қысқартады.

10. Бюрократиялық іс жосықтарын жеңілдету және қызметті реттеу «үздік тәжірибе» қабылдауға септік тигізу жолымен бизнеске қолайлы ортаны жасау кәсіпкерлерге толық мәлімке қол жеткізуіндегі уақыт пен құралдарының, рұқсат құжаттарының санын үнемдеуіне мүмкіндік береді;

11.Бақылау қызметтегі мемлекеттік органдарымен және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктермен кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік тосқауылдарын төмендету және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп кәсіпкерлікті құқықтық қолдау және қорғау мақсатындағы түсінік жұмыстарын жұргізу.


3. ЖАМБЫЛ ОБЛЫЛЫСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ.







Өлш.

­бірл.


Есепті кезең

Болжамды кезең




2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

8

Стратегиялық бағыты 1. Агроөнеркәсіптік сала кешендерін тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін өсіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мақсат 1.1. АӨК өнімдерінің тұрақты өсуі негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау

Нысаналы индикаторлар:







Ауылшаруашылығы өндірісінің жалпы өнімінің өсуі

%

102,2

103,0

104,0

105,0

106,0

108,0

108,0

Ауылшаруашылығы саласында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету

%

104,2

105,3

107,5

109,0

110,0

111,0

111,0

Шағын бизнес субъектілерінің ВРП үлесі

%

22

22,5

23,8

25

25

25,5

25,5

Белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны

өл.

3063

3120

3245

3340

3455

3530

3530

Белсенді шағын несие беруші ұйымдардың саны

өл.

2

2

2

2

3

3

3

Міндет 1.1.1. Егін шаруашылығында егін шығымдылығы мен өнімнің сапасын арттыру және ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бизнес климаттын жаксаруы







Егін шаруашылығы өнімдерінің өсуінің қамтамасыз етілуі

%

100,0

101,5

102,7

103,9

105,0

109,0

109,0

Ылғал сақтау технологиясын қолдана отырып, рентабельді ауылшаруашылығы дақылдарының көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету

%

6,5

8,5

15,0

20,0

21,0

22,0

22,0

Басым дақылдарға агротехникалық циклдың қолдананылуын қамтамасыз ету (субсидия берілу арқылы)


мың га

70,0

73,4

73,9

74,3

74,6

74,7

74,7

/11,0

/11,5

/11,9

/12,0

/13,0

/14,0

/14,0

Минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемін ұлғайту (органикалық тыңайтқыштан бөлек)


%

12,0

15,0

20,0

25,0

27,0

30,0

30,0

Себілетін тұқымның кондициясының үлесін арттыра отырып, тұқым экспертиза сапасын және тұқымды сынақтан өткізуді жетілдіру (шығындар)

%


99,3

99,5

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Болжамды көлемге көбеюіне және таралуына қарсы химиялық өңдеу жүргізу:

- аса қауіпті аурулар мен қауіпті организмдерге

- карантинді зиянкестерге, өсімдік аурулары және арамшөптерге

мың га


га

20,0


1,6

25,0


2,0

30,0


2,5

33,0


2,9

30,0


3,2

30,0


4,0

30,0


4,0

Ауылшаруашылық дақылдары тұқым шаруашылығын дамыту (субсидиялау арқылы):

элиталық тұқымның өткеру көлемін қамтамасыз ету




тонн


250

260

280

300

350

400

400

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, отандық тауарөндірушілерден мемлекеттік қорға астық сатып алып резервтік қорды қамтамасыз ету

тонн


500


500


510


515


530


550


550


Жеміс дақылдары мен жүзімнің өнімін арттыру, көлемдерін ұлғайту арқылы:

жеміс дақылдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет