2010 жылы аграрлық саланың жас мамандарына шағын несие беру бағдарламасы



Дата04.07.2016
өлшемі53.59 Kb.
#178082
2010 жылы аграрлық саланың жас мамандарына

шағын несие беру бағдарламасы
Аграрлық сектор дағдарыс жағдайында ел экономикасының қозғалтқыш салаларының бірі ретінде белгіленген. Секторды қолдау үшін елеулі мемлекеттік қаржы бөлінуде, 8 инвестициялық жобаны іске асыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік аграрлық саясатты тиімді іске асыру үшін кадрмен қамтамасыз ету ажырамас жағдай болып табылады.

Осындай жағдайда ауылға жұмыс істеуге барған ауыл шаруашылығының мамандарын қосымша қолдау ретінде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жас мамандарды жеңілдікпен несиелендіруді іске асыруды бастады.


Бағытталған топ:

Қаржы төмендегі жағдайларға сәйкес жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіби білімі (колледждер) бар аграралық саланың жас мамандарын шағын несиелендіруге бағытталады:

І. Кәсіби оқу орындарын 3 жыл бұрын (одан көп емес) бітіргендер :

1. Ветеринарлық медицина,

2. Ветеринарлық санитария;

3. Агрономия;

4. Өсімдіктерді қорғау және карантині;

5. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы;

6. Аграралық техника және технология.

ІІ. Ауыл шаруашылық ұйымдарында, шаруа (фермерлік) қожалықтарда, ауылдық жерлердегі аграрлық саланың мемлекеттік кәсіпорындарында кем дегенде 3 ай жұмыс істейтіндер не ауылдық жерлердегі ветеринарлық емдік-сауықтыру қызметіде 3 айдан кем емес жұмыс істегендер.


Шағын несиелендірудің негізгі жағдайлары:

Несие «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы ( бұдан былай –Қоғам) арқылы 400,0 мың теңгеге дейінгі көлемде үш жылға дейінгі мерзімге, жылдық 9,5 пайыз жеңілдікпен үй малын сатып алуға беріледі.


Өтеу кестесінің бір мысалы:

Несие бойынша негізгі борышты қайтару және несие үшін пайыздарды төлеу жылына бір рет жүргізіледі:

- бірінші жылы (12 ай үшін ақы төлеу) негізгі борыш – 70 мың теңге және банктік сыйақы – 38,0 мың теңге;

- екінші жылы (12 ай үшін ақы төлеу) негізгі борыш – 130,0 теңге және банктік сыйақы – 31,35 мың теңге;

- үшінші жыл (12 ай үшін ақы төлеу) негізгі борыш – 200,0 мың теңге және банктік сыйақы – 19,0 мың теңге.

Осы өтеу кестесінің мысалы бойынша негізгі борышты бір уақытта төлеу сатып алынған үй малынан табыс алған соң борышкерге несиені және сыйақыны өтеуді жүзеге асыруға жағдай жасайтын ауыл халқын несиелендіру ерекшелігіне байланысты. Қарызды өтеу мал шаруашылық өнімдерін сатудан түскен табысты алуға арналған уақытпен қарастырылатын несие комитеті Қоғамының белгілеген төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мысалы, осы соммаға шамамен 3 бас мүйізді ірі қара және 12 бас қой сатып алуға болады («ҚазАгроМаркетинг» АҚ мәліметтері бойынша 1 бас мүйізді ірі қараның құны 70 мың теңге, 1 бас қойдікі – 15,5 мың теңге).
Шағын несие беру тәртібі:

Жас мамандарды шағын несиелендіруді ұйымдастыру аудандық әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады. Осы мақсатта әкімдіктерде қарымды қарыз алушыларды іріктеу бойынша комиссиялар құрылады. Комиссия шағын несиеге сұранысты зерттейді, қарыз алуға тілек білдірушілердің тізімдерін бекітеді және осы тізімді Қоғамның өкілдігіне/филиалына береді. Осы тізімде қарымды қарыз алушылардың жұмысы, білімі, тұрғылықты жері туралы мәліметтер және байланыс телефондары болуы тиіс.

Қоғамның өкілдігі жоғарыда көрсетілген тізімдерді алған соң шағын несие беру бойынша қарымды қарыз алушылармен жұмысты ұйымдастырады. Өкілдіктің несие офицері жас мамандармен байланысты орнатады (шағын несиелендіру жағдайлары бойынша кездесулер, жиналыстар ұйымдастырады), шағын несие алуға қажетті құжаттарды жинау бойынша жұмысты жүзеге асырады (құжаттар пакетін тексереді, сауалнама және басқа бланкілік құжаттама толтыру кезінде түсіндіреді және жәрдем көрсетеді). Одан кейін жас маман белгіленген нысандағы дайын жазбаша тапсырыспен, қарыз алушының сауалнамасымен және қажетті құжаттар пакетімен Қоғамның өкілдігіне келеді. Несие беру туралы немесе қарыз беруден бас тарту жөніндегі шешімді өкілдіктің Несие комитеті қабылдайды.

Өкілдік қарыз берген соң мақсатты пайдалануға тексерісті жүзеге асырады.

Несиені қарау мен рәсімдеу үшін ақы алынбайды.
Несие алу үшін қажетті:


  • Белгіленген нысанда несие алуға арыз;

  • Қарыз алушының сауалнамасы;

  • Жеке бас куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;

  • СТН беру туралы куәліктің көшірмесі;

  • ӘЖК беру туралы куәліктің көшірмесі;

  • Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) көшірмесі;

  • Еңбек шартының көшірмесі;

  • Қарыз алушының жұмыс орнынан еңбек ақысының мөлшері туралы анықтамасы;

  • Соңғы үш айдағы жинақтаушы зейнетақы қорының көшірмесі;

  • Құрастырушының (қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, қолымен расталған, несиеленуші шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесі (бизнес-жоспардың жобасы);

  • Несие алуға зайыбының (жұбайының) нотариалдық расталған келісуі немесе некенің жоқ екендігі жөніндегі нотариалдық расталған келісімі;

  • Қарыз алушының қолтаңба үлгісімен нотариалдық куәланадырылған карточка;

  • Егер қарыз алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда: жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, жеке кәсіпкердің қызметін растайтын басқа құжаттар;

  • Несие бойынша қамтамасыз етуге ұсынылған тәуелсіз бағалаушының баға жөніндегі есебі;

  • Несиені қамтамасыз ету бойынша құжаттар.

Міндеттемені қамтамасыз ету - жылжымайтын мүлік, автокөлік және ауыл шаруашылық техникасы түрінде берілуі мүмкін.


Мүлікті кепілге беру кезінде мыналар қажет:

  • Мүлікті кепілге беруге зайыбының (жұбайының) және басқа меншік иелерінің нотариалдық расталған келісуі;

  • Некенің жоқтығы жөніндегі нотариалдық расталған арыз;

  • Кәмелетке толмаған балалардың үлесін кепілге беруге қорғаншылық және қамқоршылық органының келісуі (егер мүліктің меншік иесі кәмелетке толмаған немесе қосар меншік иесі болса);

  • Мүліктің құнын бағалау бойынша есеп тиісті лицензия мен мүлікті қарау актісі көшірмелерінің қосымшасымен бірге;

  • Егер кепіл шартына қол қойған тараптардың біреуіне кепілге алынған мүлікті сақтандыру бойынша міндет жүктелген жағдайда қарыз алушы сақтандыру полисін көрсетеді.


Жылжымайтын мүлікті, пәтерді, тұрғын үйді, жер телімдерін, мүліктік кешенді, үйлер мен ғимараттарды кепілге беру кезінде мыналар қажет:

  • сатып алу-сату, жекешелендіру, айырбас, сыйлау шарты, мұрагерлік актілері, басқа құқығын белгілейтін құжаттар;

  • пәтер, үй иелігінің жоспары, түпнұсқамен бекітіліген азаматтарды тіркеу үй кітабының көшірмесі, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша аумақтық орталықтың техникалық төлқұжаты;

  • ауыртпалықтардың (тұтқындау, кепіл) жоқтығы жөніндегі, коммуналдық төлемдер бойынша қарызының жоқтығы жөніндегі анықтама;

  • телімге тұрақты мұрагерлік, жер иелену құқығы (тұрақты жер пайдалану құқығы) туралы мемлекеттік акт;

  • жер теліміне тіркеу туралы куәлік;

  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоқ болған жағдайда құқықтық кадастрда мазмұндалған мәліметтер және тіркелген қозғалмайтын мүлікке құқықтар және олармен мәмілелер туралы анықтама.


Автокөлікті және ауыл шаруашылық техникасын кепілге беру кезінде қажет:

  • техникалық төлқұжат (түпнұсқалар мен нотариалдық расталған көшірмелер);

  • жыл сайынғы автомашиналар мен ауыл шаруашылық техникасының техникалық байқаудан өтуі туралы анықтама не көлік құралының техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің көшірмесі;

  • техниканың есепте тұратындығын және іздеуде тұрмағандығын, қандай да бір шектеулердің (тұтқындау, кепіл және т.б.) жоқтығыны растайтын жол полициясы органының Мемлекеттік техникалық инспекциясының анықтамасы;

  • көлік құралын сақтандыру шарты (жобаны мақұлдаған соң көрсетіледі).

Өкілдік ұсынылған кепілдік қамтамасыз етумен несеиелдіру мүмкіндіктерін анықтау үшін басқа қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет