Жумабекова Бибигуль Толешовна мұғалім портфолиосы а есебі I топ I деңгей



бет1/2
Дата01.12.2023
өлшемі25.5 Kb.
#485054
  1   2
A


Жумабекова Бибигуль Толешовна мұғалім портфолиосы А есебі
I топ I деңгей
Көкшетау қаласы 13.10.2014 ж



А есебі
«Өзгеріс не үшін керек?»


Әлемдегі қай ел болса да өзінің басымдылығы ретінде білім беру жүйесінің дамуын бірінші орынға қояды . Білім беру жүйесі еліміздің әлеуеттік-экономикалық дамуының бір қоры ретінде қалыптастырылып, қазіргі өркениетті адамзаттың жемісті болуының бір факторы ретінде қарастырылады.
Еліміздегі жоғары білімі бар азаматтар қоғамның дамуына ықпалын тигізіп, қамтамасыз ете алады. Әр мемлекет кәсіптік білім мен машығы бар мамандандырылған маманды қажет етеді. Дамыған елдердегі мектептердің мақсаты; XXI ғасырда оқушылардың бойынан өз бетінше сыни тұрғыдан ойлана алатын, өмірде болып жатқан жағдайларда тез бейімделе алатын, ақпараттармен жұмыс істей алатын , өзінің жеке дамуына еңбектенетіне алатын қасиеттердің болуын көздейді. Әлемдік білім беру жүйесі келесі мақсаттарды көздейді: оқушылардың күнделікті өзін-өзі дайындауына және өмір бойы кәсіби өсуін өз елінің дамуын қалыптастыруға. Сондықтан әлемдік білім беру жүйесінде ақпараттар революциясынан жаһандандыру қатынасына бейімделуге талпыну қадағалануда.
Еліміздің білім беру жүйесіне оң әсерін тигізеді деп ойлаған әлемдегі кейбір елдердің білім жүйесіндегі жағдайына талдау жасағым келді. Әлем еліндегі білім жүйесіндегі өзгерістерді оқи отырып, Финляндия, Сингапур және Канада елдерінің білім жүйесіндегі жағдайын қарастырылғанды жөн көрдім. Бұл елдерді таңдауымның себебі неде ? БҰҰ есебі және PISA –ның зерттеулері бойынша Финляндия әлемде ең жоғары білім жүйе­лерінің бірі болып есептелінеді. Сингапурдың білім беру жүйесі 1965 жылдан бері дами бастапты. Соған қарамастан бұл елде PIRLS зерттеулері барысында халықтың сауаттылығы жағынан әлемдік көрсеткіштерге қарағанда жоғары тұрғаны анықталған . Осындай 49 жыл бұрын ғана өзіндік жүйе таңдап алған Сингапурдың оқу жүйесі Білім саласындағы эксперттердің сараптамасы бойынша әлемдегі жоғары жүйенің бірі деп бағаланды. 1995 жылдан бастап Сингапур оқушылары математика және жаратылыстану пәні ғылымдарынан халықаралық (TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетуде.
2008 жылдан бастап консалтингтік компания Сингапур білім жүйесін әлемде ең тиімді деп атады (оның ішінде педагог- мұғалімдерді даярлау саласы бойынша ) 2007 жылы IMD зерттеулерінің нәтижесі бойынша білім жүйесі кең ауқымды экономикалық талаптарға бейімделген деген бағаға ие болды. (http://forbes.kz/process/education/shkolyi_buduschego) 
Канада елінің білім беру жүйесінің мені қызықтырғаны , бұл елдің жоғары білім беру жүйесі әлемде АҚШ –тан кейін 2 орында тұрғандығы. Канада да оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 3-4 жылдық төменгі орта мектептің бір бағытында білімдерін жалғастырады. Төменгі орта мектепте
оқушылар 8 сыныптан бастап, оның академиялық, жалпы (коммерциялық), тәжірибелік (кәсіптік) бағыттарының бірінде оқиды. Осы бағыттардың бірі бойынша жоғары орта мектепте де дәріс алатын болады. Бұл бағыттардың оқу жоспарлары бір-бірінен едәуір өзгеше жасалады. Академиялық бағыттың мақсаты
оқушыларды университеттерге дайындау. Мұнда оқушыларды жеке бағдарлама-лар бойынша дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Канаданың жақсы мектептерінде оқушылар ағылшын тілі және математика пәндерінен терең білім алатын болғандықтан, Американың кейбір университеттері оларды бірден екінші курсқа қабылдайды. Байқап отырсaм, бұл мемлекеттің ерекшелігі: академиялық, жалпы, тәжірибелік бaғыттa оқығaн оқушылaр жоғарғы ортa мектепте де осы бaғыт бойынша дәріс алып, оларды жоғарғы оқу орнына дайын етіп жібереді. Оқуға түскен оқушы бірден екінші курс студенті болып есептелінеді екен. Ал біздің елімізде мұндай мүмкіндік жоқ. Нeліктeн біздер де ocы бaғытты ерекше, жaңaша білім беру жүйесіне өзгеріс ретінде әкелуге тaлпынбaсқа? Егер де біз шындығындa дa өзгеруді қaласaқ, мaқсатқa жeту үшін қaжырлы eңбек қaжет сияқты. Сонда бaрып әлeм өзгeруімeн біз де өзгeрeтінімізгe толықтaй көзіміз жeтeді деп ойлaймын. Тaғы бір aйта кeтeтіні, бұл eлдің бізгe ұқсaстығы aғылшын тілі, мaтематика пәндeріне eрекше мән бeріліп, тeрең білім aлуында eкен.
Ал Қазақстанда бұл өзгерістерді ертеден қолданатынымызды дәлелді мысал ретінде айтуыма болады. Coңғы кeзде біздің eліміздe де көп тілділікке тeрeң көңіл бөлініп oтыр. Ағылшын тілін жaппaй мeңгeругe біртіндеп көшуде. Мысалы; арнаулы физика-математикалық мектептердің жұмыс атқаруы , кәсіптік бағдарлы мектептердің жаратылыстану бағыты бойынша білім беруін және Назарбаев зияткерлік мектебінде 3 тілдік білім беру іске асырылып, оған қалалық мектептер де қолдау көрсетіп өз тәжірибелерінде қолдана бастады. Ал ауыл мектептерінде , тіпті балабақшаларда 3 тіл қолдану басты мақсат болып тұрғанын айтуыма болады. Біздің Тасөткел мeктeбінде де былтырғы oқу жылынан бacтaп тіл игeру бірінші cыныптан eнгізіліп, оны дамытып оқыту жолдарын қaрacтыруда. Ауылымыздағы шағын «Бөбек» балабақшамызда да ағылшын тілі ерте жастан бастап оқытылу енгізілген.
Финляндия мен Қазақстанның білім беру жүйесін салыстыра талдау жасағаннан кейін мынадай түйінге келдім. Финляндияның білім беру жүйесі Қазақстанға қарағанда басымдылығы жоғарыдеугее болады. Себебі, Финляндия елі білім беруді дамытуға көп көңіл бөлген.Ол елде «күшті мектеп» - орташа, тіпті нашар оқитын оқушылардың білім деңгейін көтеруге еңбектенеді,яғни осы бағытта жеке оқушымен жұмыс атқаратын арнайы мұғалімдері бар. Ал бізде, біздің мектептерде сол баяғы қалыпты , дәстүрлі білім беруді әлі де қолданамыз.Мысалы ; өз мектебімдегі білім беруде әлі де ескіліктің көрінісі бар екенін көруге болады . Біздің ұстаздарымыз мектепте қолайлы орта жасалынбағанын тілге тиек етеді. Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көп екенін ,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет