К.Бозтаев атындағы
қазақ мектеп-гимназиясының
директоры Қ.Ғ. Қамытбаевқа
ағылшын тілі мұғалімі
Амантаева Гүлім Ардаққызының
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Тәлімгер: Ахметжанова Э.А.
Жас маман: Амантаева Г.А.
2020-2021 оқу жылында жасаған жұмыс туралы есебі
Ең алдымен тәлімгерім педагог жұмыстары және оның ережелерімен таныстырып өтті. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырылдым. Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жоспарды тәлімгеріммен біріге отырып жаддым. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатыса отырып тәжірибе жинақтадым. Тәлімгерімнің барлық сабақтарына қатысуға тырыстым, әр сабақтан өзіме сабаққа қажетті тиімді әдістерін дұрыс жолмен бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейінде әртүрлі ынталандыруды қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылауын және т.б. үйрендім.
Ағылшын тілі апталықтарында барлық ашық сабақтарға қатыстым және тәләмгеріммен біріге отырып “How is your English” атты сыныптан тыс іс-шара өткіздім.
Тоқсан бойынша сапа және үлгерім:
ІІ тоқсан
|
ІІІ тоқсан
|
ІV тоқсан
|
9 “А” үлгерім: 100%, сапа:82%
|
9 “А” үлгерім: 100%, сапа:82%
|
9 “А” үлгерім: 100%, сапа:82%
|
10 “А” үлгерім: 100%, сапа:83%
|
10 “А” үлгерім: 100%, сапа:83%
|
10 “А” үлгерім: 100%, сапа:83%
|
11 “Б” үлгерім:100%, сапа: 77%
|
11 “Б” үлгерім: 100%, сапа: 77%
|
11 “Б” үлгерім:100%, сапа: 77%
|
Әр сыныптың үлгерімін жақсарту барысында қосымша сабақтар жүргізілді, қосымша сабақтар аптасына 2 рет өткізіліп, оқушылардың тақырыптан қалмай, жаңа тақырыптарды тереңдете түсінуне арналған жұмыстар жасадым.
Жетістіктерім:
Қараша айында өткізілген мектепішіл Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген “Абайдың қара сөздері” атты жатқа оқу сайысына қатысып ІІІ орын иелендім.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…” атты аудан мұғалімдері арасында байқауға қатысып Бас жүлде иегері атандым.
Халықаралық ағылшын тілі пәнінен өткізілген “Лидер” конкурсына оқушыларды қатыстырып, жүлделі 2 және 3 орын иеленді
Ұлттық Білім Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген “Педагог мәртебесін көтеру және педагогикалық білімді жаңғырту” атты республикалық ғылыми-конференцияға мақала жаздым және ол басылымға шығарылды.
Қорыта келе, болашақта білімді маман болатыныма сенімдімін, әр мұғалімнің сабақтарына қатыса отырып, өзіме керекті тәжірибені жинақтадым. Мектептің біліміне үлес қосып, ұлағатты ұстаз боламын деген ойдамын
Достарыңызбен бөлісу: |