Кафедра: ағылшын филологиясы және аударма ісі



бет1/2
Дата09.12.2023
өлшемі3.18 Mb.
#486035
  1   2
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Кафедра: ағылшын филологиясы және аударма ісі

БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан жеріндегі орта тас дәуірі (мезолит)
Тобы: ФАФ-311
Орындаған: Асадова С.
Қабылдаған: Жолсейтова М.

Түркістан 2023ж


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Орта тас ерекшелігі
2.2 Орта тас мәдениеттері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптын өзектілігі: Мезолит (мезо – орта және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. XIX —V-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. X — VII-мыңжылдықтарды қамтиды.


Тақырыптын зерттелуі: Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады.
Тақырыптын мақсаты мен міндеттері: Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті. “Мамонттық фауна” құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды қаумалап ұстау, қуалап аулау, тағы басқа аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді.
Негізгі бөлім
Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал (микролит). Микролиттер – тас тілігінен не жаңқасынан дайындалған шағын еңбек құралдары; шағын тас бұйымдары. Кесік, трапеция қостабан, үшбұрыш секілді геометриялық қыстырма қалақшалар мезолит заманында пайда болып, қола дәуіріне дейін сақталған. Бұл кезеңдерде пышақ, қанжар, т.б. заттар сүйектен не ағаштан жасалды. Оларға ұзынша келген қиық саңылаулар түсіріліп, бұл жерлерге бірнеше Микролиттер шайыр не қара майлы затпен бекітілді. Осындай тәсілмен алғашқы қауым адамдары өздеріне күнделікті тұрмыста қажетті бірқатар бұйымдарды (қырғыш, сүргі, түйреуіш, біз, кескіш, жебе, сабын өңдеуге арналған қырғы, т.б.) дайындады. Олар жебе ұшы ретінде де көп қолданылды. Және кейінгі замандарда көп қолданған садақ та осы мезолит дәуірінде пайда болған. Көне адамдар мезолитке дейінгі дәуірлерде мамонт сияқты ірі аңдардың етін және терісін жеп күн көрсе, мезолитте бұндай аңдар жойылып кеткен. Ірі аңдардың орнына жабайы аттар, бұқалар, қой-ешкілер, түйелер сияқты ұсақ (мамонтпен салыстырғанда) жануарлар көбейді. Бұл жануарлардың бір ерекшелігі бар - бұлар тым жылдам қозғалады, соңдықтан оларды ұстау үшін ескі қарулардың, найза мен пышақ сияқтылардың пайдасы шамалы еді. Сөйтіп садақ ойлап табылды.
Мезолиттегі адамдардың негізгі кәсібі аңшылық болғандықтан, ел малмен бірге көшіп жүрген.
Малшылықтың қалыптасуы. Көне адамдар жабайы жануарларды өлтіргенде, олардың кішкентай, қорғансыз төлелерін өлтірмеген. Оларды өсіріп, өскеннен кейін бауыздаған. Сөйтіп малшылық қалыптасты. Қазіргі үй жануарлардың көбі сол дәуірде - мезолит дәуірінде қолға үйретілген.
Иттер үйлердің айналысында адамдардың жемеген тамақтарын жеп, қолға үйретілді. Ит аң аулауда адамдардың көмекшісіне айналды.
Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып жүріп аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе болып есептеледі. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді.
Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Қаратаудан, Есіл маңынан, Атбасар төңірегінен, Сарыарқадан, Торғайдан, Батыс Қазақстан облысынан, Екібастұз төңірегінен, Маңғыстаудан табылды. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғұрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық қалдықтар қалмады деуге болады. Сонымен бірге б.з.б. 8 мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Археологиялық зерттеулермен осы дәуірдің 20-ға жуық тұрағы табылды, бұл б. з. д. 8 мыңжылдықтағы жұмсақ және жылы климатпен түсіндіріледі. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында – Тельман – 7, - 8а, - 9а, - 14а, одан да оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды – 15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка – 2а, - 12 тұрақтары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында – Дұзбай – 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырыла құрылып, үстінен аң терісі жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр, қанқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бұрышты құрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай – ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана қалған.
Бұл уакыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды. 70—80-жылдардағы В. Ф. Зайберттің Есіл өңірінде, В. Н. Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және онын далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялык зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрак ашылды. Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі және бейімделген нұсқаны қосымша өңдеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай – 6, Дачная тұрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтық та, хронологиялық та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал – Каспий суайрығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы мен Солтүстік – Батыс және Оңтүстік – Батыс Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассиметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалақшалармен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.
Табиғат және адам. Мезолит ауа райының күрт жылынуымен, мұздардың шұғыл еруімен ерекшеленеді. Ауа райындағы бұл өзгерістер 12-14 мың жыл бұрын басталды. Өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі өзгерістер керісінше болды. Шөбі мол далалар мен шалғындардың көлемі азайды. Көптеген жануарлар құрып кетті немесе саны азайып, селдіреп қалды. Шөпқоректі ірі аңдар-мамонттар мен мүйізтұмсықтар өліп бітті. Олардың құрып кетуіне адамдар да аз үлес қосқан жоқ. Кішігірім аң-құстарды, бұғы, бөкен, жылқыны аулау қиынға түсті. Бір жерде отырып бүкіл қауымды асырау қиын болғандықтан, адамадар жайылым іздеген жануарлардың артынан көшіп отыруға мәжбүр болды. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік кұралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін тұғызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі қалыптасады.
Тас өңдеу әдісі де жетілді. Пышық тәрізді тілгіштер басқа құралдардың бәрін ығыстырып шығарды. Тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді.
Тас ғасырының аяғына қарай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр құрамы едәуір артып: жылқы, қоян, сутышқан, құндыз, бизон, тур болды. Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау палеолит дәуірінде қалыптасқан тобырлы түрде қамалап және қуалап аулау дағдысы жойылмады. Бірақ Қазақстан тұрғындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет