Кафедра: Арнайы педагогика 101



Дата30.09.2024
өлшемі89.82 Kb.
#504126
түріРеферат
қаржы2 (1)


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Реферат
Тақырып:Қаржылық құқық және қаржы негіздері
кафедра:Арнайы педагогика 101
Орындаған:Беркінбай Дана Жәнібекқызы
Тексерген:Смагулова А.С
Қарастырылатын сұрақтар
  • Қаржылық құқықтың құқықтық реттеу пәні: түсінігі, маңызы. Мемлекеттік қаржылық қатынастар: түрлері өздеріне тән белгілері және олардың тауарлық-ақшалай қатынастардан айырмашылығы.
  • Қаржылық құқық: қаржылық құқықтың қазіргі кезеңде құқық саласы ретінде дамуының тенденциялары және ерекшеліктері. Қаржылық құқық қаржылық қызметті іске асырудың нысаны және әдісі ретінде. Қаржылық-құқықты реттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері.
  • Қаржылық құқықтың Қазақстанның құқық жүйесінде алатын орны және оның шектес жатқан конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық салаларымен өзара байланысы, арақатынасы, сондай-ақ, олардан ерекшеленетін айырмашылығы.
  • Қаржылық құқықтың құқықтық реттеу әдістері: түсінігі, түрлері, өзіне тән белгілері, қолдану салалары. Біржақты-өктем императивтік әдістің баса қолданылуының себептері мен негіздері.

Тезис:
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны,олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді. Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады. Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады. Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде fіnatіo, fіnancіo деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар fіnancе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мҹліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі. Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И. Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бӛлу процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді. Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Әдебиеттер
1. Химичева Н.Н. Финансовое право. М. БЕК, 1998.
2. Химичева Н.Н. Налоговое право. М. БЕК, 1997.
Нормативтік құқықтық актілер:
  • Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі. 24.04.2004 жылы қабылданған ҚР Заңы

  • 2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы «Қазастан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы. (ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілген).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет