Мазмұны
Аннотация ..............................................................................3-6
І.Кіріспе..................................................................................4-6
І.Тұздың адам өмірінде алатын орны
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті................................................7
1.2 Тұздың ағзаға пайдасы.......................................................8
Тұздың көптеген пайдалы тұстары..................................9-10
ІІ. Тұз халық ауыз әдебиетінде
2.1 Мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар................11
2.2 Аңыз –әңгімелер.................................................................12
ІІІ. Практикалық бөлім.............................................................14
3.1 Тұздың түрлері.....................................................................
3.2 Тұздың қасиеті........................................................................
Қорытынды..............................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................15
Кіріспе
Ас тұзы - қатты және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі.Ауыл шаруашылығында, медицинада, шыны, металлургия, тамақ өнеркәсібінде, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Есіл, Ертіс, Балқаш маңында тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы 2 км-ден асады.[4] Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндіріліп, 10 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Оба өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды. Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетінділігі тақырыптың өзектілігі болмақ.[1]
Менің осы тақырыпты таңдауымның мақсаты - тұздың адам өміріндегі пайдасын ашып көрсету.
Мақсатқа жету барысында міндеттерді алға қойдым:
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту.
Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Абстракт
Достарыңызбен бөлісу: |