Калякала его боксер убит ваш есеп мен, Қаирбек Дана Мұратқызы мамандығым бойынша «Дәрілік препараттарды өндіріске енгізу»



Дата23.05.2024
өлшемі61.3 Kb.
#501779
Дана шрифт


Калякала его боксер убит ваш ЕСЕП
Мен, Қаирбек Дана Мұратқызы мамандығым бойынша «Дәрілік препараттарды өндіріске енгізу» 19.09.2022-25.11.2022 аралығында практикадан өттім.
Практикалық оку басталған алғашқы күні қауіпсіздік техникасы қағидаларын және еңбекті қорғау жайында білдім, экология және өндіріс қауіпсіздігі қағидаттарын зерделедім. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеттері мен функцияларымен таныстым. Фармацевтикалық өнімді өндіруді ұйымдастырудағы GMP принциптерін зерттедім. Фармацевтика өнеркәсібіндегі нормативтік базамен таныстым.Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын қарап шықтым.
Тақырыптық жоспарға сәйкес өндірістік тәжірибеден өттік. 19.09.2022ж бастап ТОО «Antigen» атты компанияларының тәжірибеге жауапты жетекшілері бізге силлабусқа сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тікелей өндіріс орындарынан мүмкіндігінше өндірістің жүру барысын көрсетті. Практикаға жауапты жетекшілердің тәжірибені өткізген форматы өте пайдалы әрі қызықты болды, себебі танысу барысында өндірістің құрылымы мен жалпы жұмыс істеу принципі жайлы мағлұмат алдық.
Өндірістік тәжірибе барысында практикадан бөлек, ЖШС «Phitoleum»,ЖШС «Паритет» өткізген лекциядар болды. Лекция барысында біз практикадан кем емес мағлұматтар алдық.Осы өндіріс орындарының қағидаларын арнайы жасалған презентация арқылы көре алдық. Оқу практикасы аяқталғаннан кейін басты мақсатқа қол жеткізілді - оқыту процесінде алынған практикалық білімді нақты міндеттерді шешу кезінде қолдану. Оқу практикасынан өту барысында мен жұмыстарды орындау процесіне қатыса алдым, жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларымен таныстым. Практика барысында көптеген жаңа ақпараттар біліп, өзімізге керегін алдық. Бұл тәжірибе одан әрі тәуелсіз қызмет үшін жақсы практикалық тәжірибе болып табылады.Сонымен “Дәрілік препараттардың өндірісіне кіріспе” оқу практикасы 25.11 аяқталды.
Қорытындылай келе, осы тәжірибелік жұмыстар, алынған жаңа ақпараттарды жинақтау –фармацевтикалық өндіріс саласында болашақта сәтті жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жалпы ,10 күндік тәжірибе кезінде біздің мамандығымыз үшін өте пайдалы әрі құнды ақпараттар ала алдық деп ойлаймын.Бұл ақпараттар ендігі оқу барысында да ,жұмыс барысында да озінің көп көмегін тигізетініне толықтай сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет