Катонқарағай ауданының 2006 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама



Дата26.02.2016
өлшемі94.54 Kb.
#26920
Катонқарағай ауданының 2006 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы АНЫҚТАМА

Ауданның 2006 жылғы 9 айына жасалған талдау әлеуметтік-экономикалық дамудың бірқалыпты өсуін көрсетті. Ауданда егін салатын жер - 65109,5 га. құрайды, соның ішінде бидай үшін - 27400,2 га, майлы дақылдар үшін - 16984 га, картоп пен көкөніс үшін - 1430 га, көпжылдық шөптер 18354 га жерге орналасқан. 13000 га жердің аумағы бидай егу үшін гербицидтармен өңделді.


Бүгінгі күнге дейін бидай тұқымын орып алу толығымен аяқталды. 25,4 мың. тонна бидай жиналды, орташа өнімділігі 9,7 ц/га, картоп - 12 мың тонна, көкөніс- 4,2 мың тонна. 3 мың. га алқабтың күнбағысы жиналды, өнім түсімі - 7 ц/га.
Ауданда 145 мың тонна шөп дайындалды, 5 мың тонна пішендеме, 1 мың тоннна сабан, 1 мың тонна пішен немесе 1 малдың басына 26,3 центнер дайындалды. Ауыл шаруашылығының қолдауымен қаржы қорынан 52 заңды тұлға 7,7 млн. теңгеге орта мерзімді несие алды. БНЖ «Катонқарағай» арқылы 72 млн. теңгеге несие алынды.
27,3 мың га. аймақ сақтандырылған. Жыл басынан бері 93 ауылшаруашылық құрылымдары 24 млн. теңгенің жәрдемақысын (субсидии) алды. Ағымдағы жылы есеп беру кезеңінде 17 млн. теңгеге - 9 бірлік техникасы сатып алынды.

Облыс ауылшаруашылығында:

Бүгінгі күні шаруашылықтың барлық санаттарында 47259 бас ірі-қара, соның ішінде сиыр - барлығы 18398 бас, немесе 2005 жылдың 9 айының деңгейімен салыстырғанда 104,3 % болды. 95246 бас қой-ешкі, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 102 % құрады. Ауданда 20971 бас жылқы немесе өткен жылдың 105 % құрады, 9538 бас шошқа немесе 87 пайыз. 6594 бас теңгіл бұғы мен марал бар. Құстың барлығы - 81495 бас, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 113 пайызы.


2006 жылғы 9 айында ауданның барлық шаруашылықтарында 6149,0 тонна ет немесе өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 112 % құрады, 29670 тонна сүт немесе өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 105,4 % құрады, 6519 мың дана жұмыртқа немесе өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 102,1 % құрады, 172,5 тонна жүн немесе өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 101,3 % құрады. 3537 кг панты өнімдері консервіленді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1 млн. 840 мың. тг немесе 2005 жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 107,4 % құрады.

Бюджеттің орындалуы

Аудандағы басым бақылаулардың бірі - бюджеттің реформаларын жүзеге асыру болып табылады. Бюджеттің кіріс бөлігі 100 % орындалды. 2006 жылдың 9 айында аудан бюджетіне салық пен басқа міндетті төлемдерге болжамдағы 723 млн. 683 мың теңгенің есесіне 723 млн. 323, оның ішінде өзіндік кіріс сомасы болжамдағы 176 млн. 182 мың теңгенің есесіне 176 млн. 560 мың. теңгені құрады немесе болжамның 100 %.


Салықтар бойынша: өзіндік кіріс салығы100 пайызға, әлеуметтік салықтың орындалуы 98 пайызды құрады.
2006 жылдық 1-ші қазандағы жағдай бойынша мезгілінде төленбеген салық 1 млн. 320 мың. теңге немесе жыл басындағы мөлшердің 40,6 пайызы, оның ішінде жергілікті салық 954 мың. теңге немесе жыл басындағы мөлшердің 55,5 пайызы.
Бюджеттің шығыс бөлігі 95,4 % құрайды. Шығыстың ең үлкен үлесі 71,9 % білім беру саласына, әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек 8,0 %, көлік және байланыс 1,2 % бөлінген. Бюджттің шығыс бөлігінің орындалуы білім беру саласында – 95,9 %, әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек – 98,7 %, көлік және байланыс – 73,3 %.
2006 жылдың 9 айдағы аудандағы орта айлық еңбек ақы 20359 теңге немесе өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 127 пайызды құрады.

Өнеркәсіп

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарумен және өңдеумен 102 кәсіпорын шұғылданады. 25 наубайхана, 23 май соққыш, 19 диірмен, 2 пантокрин және гематоген шығаратын цехтар, 13 тұрмыстық-өңдеу пункті ашылды.


2006 жылдың 9 айында барлық жеке меншік кәсіпорындардың өндірген өнімдері 171 млн. 671 мың тг құрады немесе өткен жылдың деңгейімен 116 %. ШҚ АЭС ЖАҚ (ЗАО ВК РЭК), «Шығыс-Энерго-Трейд» ЖШС 24 млн.109 мың теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 129 % құрады. Адам саны 1-ден 50-ге дейінгі кәсіпорындар 47 млн. 729 мың. теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 136,7 % құрады.

Автокөлік жолдары

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 277 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 494 км. Қыс кезінде автокөлік жолдарының жергілікті жүйесінің атқарған жұмыстары, соның ішінде қысқы бораннан тазарту жұмыстары, көктайғақты болдырмау үшін құм төгу, көше бойында тұрып қалған суды ағызу және жергілікті автокөлік жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары мен жергілікті жолдарды ұстау үшін жоспарланған 3,4 млн. теңге игерілді. Жергілікті жол қатынастарын жазғы уақытта және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,8 млн. теңге жоспарланған, 5,1 млн. теңге игерілді немесе 65,3 пайызы.



Сумен қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылы сумен қамтамасыз ету нысандарында 1845 мың.теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Топқайың ауылында ЭВЦ/6 терең насос орнатылды, 3 су алатын құдық, 300 метрге су құбырлары, аудан орталығында - 370 метр су құбыры және 1 су алатын құдық орнатылды.



Тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық

Ағымдағы жылдың 1-ші қазанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы көрсеткен қызметтер мөлшері 28168,2 мың теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 152 пайыз, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету 26781,2 мың теңге, сумен қамтамасыз ету 1387 мың теңге. Тұрғындарға 3559 мың теңгенің қызметі көрсетілді, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету 2598 мың. теңге, сумен қамтамасыз ету 961 мың. теңге.



Автокөлік

Ауданымызда транспорттық жүйеде алдыңғы қатарлы орындарды автокөліктер алады. Ауданда автокөліктермен 114,5 мың тонна жүк тасымалданып, ағымдағы жылдың 9 айында жүк айналымы – 1058,6 мың тонн/км құрады.16935 мың. теңге кіріс кірді немесе өткен жылмен салыстырғанда 199 пайыз.



Көркейту

Көркейту жөніндегі жоспарланған шаралардан басқа, елді мекендерді санитарлық тазалау мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша көктемде 22810 түрлі ағаш өскіндері егілді. Барлық мектептер мен мекемелерде гүлзарлар мен көгалды алаңдар орналастырылды. Ауданның елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау жұмыстары барысында жергілікті бюджеттен 5232,0 мың. теңге игерілді.



Құрылыс

2006 жылы 9 айында аудан аймағында жалпы ауданы 1360,5 ш.м 22 бірпәтерлік тұрғын үй қабылданды, оның ішінде Үлкен Нарын ауылдық округінде 950,6 ш.м 5 пәтер, Ново- Хайрузовка а/о – 3 пәтер, Катонқарағай а/о – 4 пәтер, Ново-Поляковка, Солоновка а/о – 2 пәтер, Өрел, Коробиха, Чернова, Жамбыл, Белқарағай, Ново-Березовка ауылдық округтерінде 1/1 пәтерден берілді.


2006 жылы Ново-Хайрузовка ауылдық округінде 320 орындық орта мектептің жұмысы аяқталды, республикалық бюджеттен 173,5 млн. теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен Жаңаүлгі орталау мектебін салуға 129,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2005 жылы 25,0 млн. теңге игерілді, 2006 жылы 104,7 млн. теңге бөлінді.

Орман шаруашылығы.

9 ай ішінде Үлкен Нарын мемлекеттік орман шаруашылығына 129 рейд жүргізіліп, 25 тексеру өткізілді .Табиғатты қорғау низамында 15 заң бұзу оқиғалары болды, 24,8 мың тг. бюджеттен алынды.



Шағын кәсіпкерлік

Ауданда шағын және орта бизнесті қолдаудың бағдарламасы түзілді.


Ауданда 232 дүкен, 4 базар, 23 қоғамдық тамақтандыру орны, 18 дәріхана дүңгіршегі, 12 ЖҚШ, 19 қоғамдық қызмет көрсету кәсіпорны іс-қызмет жасайды.
Шағын бизнес саласында 3870 адам қызмет істейді. Шағын кәсіпкерлік нысандардан 28882 мың теңгенің салығы түсті немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,2 пайызы.
Бүгінгі күні бірреттік талонмен жұмыс істейтін 75 жеке кәсіпкерлер тіркелген немесе 1248,2 мың теңгенің алымы жиналды.
Ағымдағы жылдың 9 айында 12 дүкен, 4 кафе, 3 дәріхана дүңгіршегі, тұшпара цехы ашылды. Жыл басынан бері арақ-шарап сатумен айналысатын 10 кәсіпкерге рұқсат (лицензия) берілді.
Несие алу жақсы қарқынмен дамып келеді, екінші дәрежелі банктер арқылы 54 млн. 300 мың. теңгенің несиесі берілді. Халық банкі арқылы жеке тұлғаларға 68 млн. 921 мың. теңге бөлінді.

Білім беру

Қазіргі уақытта ауданда жалпы білім беретін 54 мектеп бар. Соның ішінде 29 - орта мектеп, 18 - орталау, 7 – бастауыш мектеп. 54 мектептің ішінен қазақ тілінде оқытатын мектептер – 31 мектеп, орыс тілінде оқытылатын мектептер – 9 мектеп, 14 мектепте сабақ екі тілде жүргізіледі. 9 мектеп жанында сырттай консультативтік бөлімдері құрылған, оларда 48 оқушы оқиды. Шағын комплекті мектептер саны – 48 (89 %), олардағы оқушылар саны - 4561 адам, мектепке даярлық жасындағыларды қосқанда – 4920 оқушы.


Білім беру жұйесін дамытуда компьютерлендіру үлкен роль атқарады. Ауданның барлық мектептері компьютерлендірілген, жалпы компьютерлер саны – 360, 60 компьютер сыныбы жұмыс істейді, барлығы 413 компьютермен жабдықталған 2 мультимедий кабинеті жұмыс істейді. 54 мектептің ішінде 38 мектеп телефонмен жабдықталған. 46 мектеп Интернет желісіне қосылған.
Маусым айында өткен бірыңғай ұлттық тестілеуге аудан бойынша 560 мектеп бітірушілер қатысты. 2006 жыла аудан БҰТ-ден облыс бойынша 3-ші орынды иемденді. Аудан бойынша орташа бал 66,1 балды құрады.
Ауданда білім беру жүйесінде 1892 мұғалімдер мен тәрбиешілер жұмыс істейді. Оның ішінде жоғарғы біліммен – 744 мұғалім, орта арнаулы білімді -209. Жоғарғы санатты – 56 мұғалім, бірінші санатты – 241, екінші санатты – 362 мұғалім.
Ауданда 2 мектеп жанында 2 интернат жұмыс істейді. 60 орындық интернат Катонқарағай ауылының Ленин атындағы орта мектебінде, 40 орынды интернат Жамбыл орта мектебінде бар, 2 балабақша жұмыс істейді.
2006 жылы білім беру саласының бюджеті 706219,6 мың. теңге, оның ішінде мектеп бюджті 695068,6 мың.теңге. Оның ішінде мектепті ағымдағы ұстап тұру үшін 569961 мың. теңге бөлінді, мектепке керекті құрал-жабдықтар алуға 18853 мың. теңге, мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 10102 мың. теңге, оқулықтар алу және оны жеткізуге - 9362 мың. теңге. Республикалық бюджеттен 84213 мың. теңге біртұтас ағымдағы трансферттер бөлінді.
2006 жылдың 1-ші қазаннан қаржыландырудың жоспарының төлемдері – 505865 мың. теңге (аппаратсыз), білім беру саласындағы кассалық шығын – 484542,2 мың. теңгені құрады, оның ішінде мектептерге 481575,2 мың. теңге.
9 айдың ішінде 1 оқушыны ұстап тұратын шығын 63083 теңгені құрады.
Білім беру саласындағы орташа айлық жалақы -19916 тенге.
2006 жылдың 1-ші қазанынан барлық оқыту қорынан 3575 мың.теңг бөлінді және игерілді. Аз қамтылған, көп балалы отбасылары мен жетімдерге материалдық көмектер көрсетіліп отырады.

Денсаулық сақтау

Қазіргі уақытқа дейін аудандағы денсаулық сақтау нысандары бұрынғы қалпында.


Аудан бойынша дәрігерлердің жалпы саны - 69, орта медициналық қызметкерлер саны - 257. 2005 жылғы 40280 төсек күннің есесіне 2006 жылдың 9 айында 36037 төсек-күн өткізілді.Төсек қоры - 150 орынды құрайды.
2006 жылдың 9 айында аудан бойынша ауруханаға қатынау – 150319 адам. 2006 жылдың 9 айында 305 сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар - 305 адам.
2006 жылдың 9 айында ақысыз медициналық көмек көлемі 156707,8 мың. теңгені құрады, ал 2005 жылы - 153671,6 мың. теңге немесе 153671,6 мың. теңгеге немесе 102 пайызға өсті.
Жыл көлемінде медицина құрал-жабдықтарын алуға 37381,7 мың. теңге бөлу жоспарланған, ағымдағы 9 айдың ішінде - 24511,1 мың. теңге игерілді немесе 66 пайызы. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нығайды.
2006 жылдың 9 айында күрделі жөндеу жұмыстарына – 14150 мың. теңге жұмсалды, жоспардағы 14500 мың. теңге, соның ішінде Катонқарағайдағы АОА, Үлкен Нарында 8000 мың теңге, Катонқарағайдағы № 1 АА- 6000 мың теңге және Солдатово ауылындағы дәрігерлік пунктке- 150 мың. теңге жұмсалды.
Бүгінгі күні 362800 мың. теңгенің медициналық құрал-жабдықтары түсті.

Әлеуметтік қорғау

Еліміздің президентінің Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде ең бірінші кедейлік пен жұмыссыздықты азайту, білім беру мен денсаулық қызметін көтеру, әлеуметтік қорғауды жақсарту керек екенін атап көрсеткен.


01.10.2006 жылына 831 отбасы ММӘК-ке (ГАСП) өтініш жасады, өткен жылмен салыстырғанда 379 отбасына азайды. Оның ішінде ММӘК-ке 821 отбасы тағайындалды. Бүгінгі күні ММӘК-ті 821 отбасы алды.
Ауданда экономиканы көтеру, тұрғындарды жұмыспен қамту, білім беруді көтеру арқылы кедейліктің санын қысқарту жұмыстары алға қойылған.
9 ай ішінде кедейліктің саны 504 адамға қысқарды, аудан бойынша кедейлер саны 3014 адамды құрайды.
2006 жылы тұрғын үй көмегіне 1520,5 мың теңге бөлу қарастырылған. Ағымдағы жылдың 9 айында тұрғын үй көмегіне - 149 отбасы өтініш жасады, оның ішінде 141 отбасына 970 мың. теңге төленді. 2006 жылдың 9 айында тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 764,4 теңгені құрады.
Ағымдағы жылы балалардың жәрдемақысын төлеуге 30762,0 мың. теңге бөлу қарастырылған. Есеп беру кезеңінде 1308 отбасы өтініш жасады, оның ішінде 1308 отбасына 17404,3 мың теңге бөлу қарастырылған. 2006 жылдың 9 айында 1307 отбасына 17000,0 мың. теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төленді.
Балалар жәрдемақысының орташа мөлшері 642,04 теңгені құрады.
1991 жылдың 21 тамызындағы «ҚР мүгедектерінің әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 23 бабын іске асыру үшін, оқыту мен тәрбиелеу үшін мүгедек балалары бар ата-аналарға материалдық көмек үшін 2206,5 мың теңге төленді.

Еңбек нарығы

Жыл басынан бері жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 476 адам өтініш жасады. Оның ішінде 194 адам консультацияға (кеңеске) келсе, 282 адам жұмысқа қамту мәселелері туралы, оның ішінде 170 әйел адам және 50 адам 16 мен 24 жас аралығындағы жас өспірімдер.


Есеп беру кезеңінде 258 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішіне аз қамтылған отбасынан 131 жұмыссыз) немесе өтініш жасағандардың 91,4 пайызы.
Жыл басынан бері 725 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 306 тұрақты, 419 орын уақытша және маусымдық..
Экономикалық саланың түрлерінен тұрақты жұмыс орындары құрылды; ауылшаруашылығында – 118 орын, сауда-саттықта – 50 орын, білім беру мен денсаулық саласында – 61 орын, көлік пен байланыс саласында – 1 орын, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта – 23 орын, 53 орын басқа салаларда. Жылдық жұмыс орындарының орындалуы – 184 пайызды құрайды.

Спорт

Атқарушы барлық мекемелерде мәдени дене шынықтыруды өркендету және спортпен шұғылдану алға қойған жұмыстардың бірі. Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен аудан және облыс көлемінде спорттық жарыстар өткізуге 1 млн. 858 мың теңге бөлінді, 9 ай ішінде 1 млн 679 мың теңге игерілді.


Ауданда жыл сайын 20-25 үлкен жарыстар болып тұрады. Жыл басынан бері аудан спортшылары 20 облыстық, 2 республикалық жарыстарға қатысты.

Мәдениет

Ауданымызда мәдениет ошақтары халыққа мәдени ақпараттық қызмет көрсетуде. Аудан бойынша 12 мәдени ошақ және 15 кітапхана жұмыс істейді. АМҮ өлкетану мұражайы және О. Бөкейдің мұражай-үйі жұмыс істейді.


2006 жылдың 9 айында ауданның мәдениет орындарымен 420 ірі мәдени-іс шаралар болып өтті. Сол өткізілген іс-шараларға 5400 адам қатысты. АМҮ және Катонқарағайдаға АМҮ 2 электронды сандық кинотеатр орнатылды. Ағымдағы жылы 510 мың теңгеге мәдениет үйіне сахналық кастюмдер алынды, 84 мың. теңгеге музыкалық аспаптар, 200 мың теңгеге киіз үй, 58 мың теңгеге микрафон сатып алынды.
Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры 200962 нұсқа кітап қорынан тұрады. 2006 жылдың 9 айында 9100 адам кітапханаға қатынады, 185000 нұсқа кітап берілді.

Құқық бұзушылық

Ауданымыздағы қоғамдық қауіпсіздікті қорғауда, аудан аумағында оперативті мақсатта алдын алу іс-шаралар өткізілді. 2006 жылдың 9 айында 133 қылмыс жасалды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57-ге кеміді. Ауыр және өте ауыр қылмыстар 2005 жылмен салыстырғанда азайды, 2005 жылдың 9 айында 3 қылмыстық іс жасалса, 2006 жылдың 9 айында 1 қылмыстық іс тіркелді .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет