Леопольд және қасқыр мен қоянның оқиғалары



бет1/2
Дата13.03.2023
өлшемі18.07 Kb.
#470695
  1   2
Нұрсұлтан Балауса мәтінтану срс2 ресми стиль


Леопольд және қасқыр мен қоянның оқиғалары
Мультфильм – бала психикасына түрлі әсем суреттерімен, қиялға толы шытырман оқиғаларымен, сазды дыбыстармен әсерін тигізетін бірден-бір құрал. Кез-келген жеткіншек “Қап, бәлем, тоқтай тұр!”, “Леопольд мысықтың оқиғалары” басқа да орыс мултьстудиялардың туындыларын көріп өсті. Солардың ішінде өзіміз де бармыз. Осы мултьфильмдердің шығу тарихы, оның дыбысталуы, қалай, қайда жасалуы туралы ойлап қарамаппыз.
Қап, бәлем, тоқтай тұр! (Ну, погоди! )

Бұл – арнайы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген мултисериал. Алғашқы түсірілім 1969 жылы болды. Яғни, ⅩⅩ ғасырдың басында Уолт Диснейдің атағы таныла бастаған кезде Ресей шенеуліктері жауап ретінде де тең дәрежеде сондай комедиалық туынды шығаруды талап етеді, әрі оған көп қаражат бөледі. Бұл жайлы Александр Курляндский былай дейді: «40 жыл бұрын бізді «Союзмультфильм» киностудиясында шақырып, күлкілі туынды жасауымызды сұрады. Біз екі жұп болдық. Курляндский – Хайт және Камов – Успенский. Біз жас әрі танымал сықақшылар едік. Хайт екеуміз сюжет ойластырдық. Ойлана келе, бұл қуғын фильмі болу керек деп шешіп, кімнің кімді қуатынын таңдадық. Сөйтіп, өзіміздің халық ертегілерімізге лайықты екі жұпқа тоқталдық. Менін ойымша, біздің ойлап тапқанымыз – диснейлік жыртқыш емес, өзі қазған орға өзі түсіп жүретін аңқау қасқыр болды. Басында бізге бейне шеберлік жағынан Камов көмектесті. Бірақ кейіннен Хайт екеуміз жұмыс істедік. Бастапқыда көптеген режиссерлер біздің «түкке тұрмайтын» ойымыздан бас тартқан болатын. Сонда режиссер Вячеслав Котеночкин ғана бұдан бірдеңе шығады » деп үміттенді.

Мултьфильмнің заңды режиссері–Котеночкин. Сценарий авторы – Аркадий Хайт. Ал, көрермендердің санасына жатталған аңқау қасқырдың қырылдап шығатын, қатулы дыбыстың иесі Анатолий Папанов, алайда, 1987 жылы дубляж жасаушы қайтыс болып, кейінгі бөлімдерін оның дауыс қиындыларынан құраған. Сонымен қатар, ешкім біле бермейтін мәліметтердің бірі филмьнің бір бөліміндегі әуезді ысқырық әнші, актер Владимир Высоцкий. Енді осы қасқырдың жауы, тапқыр қоянның нәзік үні–Клара Румяноваға тиесілі. Ол 2004 жылы түсірілім жұмыстары тоқтап тұрған кезде, оны күте алмай қатерлі ісіктен көз жұмады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет