Кдмс приказ лат cdr



Дата21.12.2023
өлшемі165.82 Kb.
#487496
мугалимдер куни0926175929



_________________№___________________


______________________________________


Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының және облыстардың
әкімдіктері

Мұғалімдер күніне орай
«Ұстазыма мың алғыс» челленджін ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 5 қазан – Мұғалімдер күніне орай этнос балалары мен жастары арасында «Ұстазыма мың алғыс» челленджінің ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірледі.


Челлендж 2-5 қазан аралығында жүргізіліп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралуы қажет.
Челлендждің мақсаты – мұғалімнің кәсіби мәртебесі мен имиджін көтеруге ықпал ету, ұстаз еңбегіне құрмет көрсету негізінде жас ұрпақ санасында халық бірлігі, ынтымақтастығы идеяларын нығайту, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен эмпатиясын дамыту, мұғалімге, Отанына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, руханият пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және дамытуға ықпал ету.
Челленджге қатысушылар әлеуметтік желілерде қарапайым мысалдар арқылы мұғалімнің әр адамның өміріндегі рөлін, сіңірген еңбегінің ерекше мәнін айта отырып («Facebook», «Instagram», «TikTok», «Telegram» мессенджері және т.б.), #ұстазымамыңалғыс, #ustazymamynalgys, #сүйіктіұстазым, #suiktiustazym, #арамыздағыбатырлар, #aramyzdagybatyrlar хэштегімен жариялануы тиіс.
Әр жарияланымда Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ресми krmo_gov.kz Instagram және TikTok парақшаларын белгілеу маңызды.
Бұл Министрлікке челленджді қорытындылауға және оларды әлеуметтік желілерде жариялауға мүмкіндік береді.
Қосымша: __ парақта.
Вице-министр Қ. Ысқақов


Орынд. М. Нұрадинов,
тел.: 74-14-66

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет