Сабақтың тақырыбы : Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні



бет1/3
Дата09.09.2024
өлшемі60.5 Kb.
#503498
түріСабақ
  1   2   3
stud.kz-2274


Бақтыгүл Калимова Төлеуғалиқызы
Жамбыл орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Атырау қаласы,Жаңаталап селосы


Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып, Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру.Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармашалығына байланысты слайд, «Таза бұлақ» кітабы т.б.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, ой талқы.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын тексеру.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығы, ағартушылық қызметі.
«Кел, балалар, оқылық», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңдерін жатқа айту.
«Авторға хат»
І слайд Ыбырай портреті Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1.Ыбырайдың жазушылық, ағартушылық қызметіне әсер еткен адамдарды ата.
2. Ы.Алтынсаринді не себепті балалар әдебиетінің атасы дейміз?
3. 1887 жылы Торғай даласында қандай жаңалық болды?
4. «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығы қай жылы шықты және қандай өлеңмен ашылды?
5. 1883 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралының кіріспесінде не жазды? Бұл кітаптың құндылығы неде?
6. «Дала қоңырауы» поэмасының авторы кім? Поэма кім туралы жазылған?
ІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.

  • Қазір үнтаспадағы шығармаға құлақ түрейік.

  • Балалар, бұл шығарма сіздерге таныс па? Шығарманың аты мен авторын сұрау.

  • Дұрыс, балалар. Бұл Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі.Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні» Лексикалық тақырып: «Тәрбие –адамдықтың түп қазығы»

Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет