Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына
-
1– қосымша
«Кеден одағы аумағының шегінде
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
-
көрсетілетін қызметті беруші;
-
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты табиғи немесе жасанды тасығыштармен шығаруға арналған рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Қағаз тасығышта рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8 .Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; 2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі)
1) Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
қосымшаға сәйкес өтінім;
өкілдің жеке куәлігі мен өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
егер геологиялық ақпарат табиғи тасығыштарда болса:
геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісі;
шығарылатын геологиялық ақпараттың тізбесі;
кеден зертханасының сараптамалық қорытындысы;
егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:
шығарылатын геологиялық ақпараттың тізбесі;
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі қосымшаға сәйкес;
егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:
геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісінің электрондық көшірмесі;
шығарылатын геологиялық ақпарат тізбесінің электрондық көшірмесі;
кеден зертханасының сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі;
егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:
геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісінің электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасы қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, өтініштің көшірмесіне қойылған белгі қағаз тасымалдағыштағы өтінішті қабылдауды растайды.
Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәлімет көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш бере алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz және Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-33-05, 74-37-00. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Кеден одағы аумағының шегінде
Қазақстан Республикасының аумағынан
тысқары жерлерге
геологиялық ақпаратты шығаруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
нұсқа
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану
комитетіне
_________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй
Өтініш берушінің деректемелері: __________________
(БСН, ЖСН)
ӨТІНІМ
Рұқсат беру құжатын беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайджалануға келісемін.
______________________________________________
(өкілдің Т.А.Ә., лауазымы/өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Күні:
Достарыңызбен бөлісу: |