Тірі ағзалардың классфикация жүйесі Лекция №5 Жоспар: - 1. Систематика - биологиялық ғылым ретінде.
- 2. Таксономиялық категориялар.
- 3.Бактериялар.
- 4. Өсімдіктер патшалығы
- 5.Балдырлар
- 6. Саңырауқұлақтар
- 7. Қыналар
Систематика - биологиялық ғылым ретінде. - Систематика ғылымы біздің планетамызда кездесетін өсімдіктер түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген, миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастырумен айналысады. Қазіргі кезде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 мыңдай.
Таксономиялық категориялар. - Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау) жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады.
- 1)Түр (species) - морфологиялық жағынан ұқсас даралардың жиынтығы.
- 2)Туыс (genus) - жақын түрлердің жиынтығы.
- 3)Тұқымдас (familia) – жақын туыстардың жиынтығы.
- 4)Қатар (ordo) - жақын тұқымдастардың жиынтығы.
- 5)Класс (classis) - жақын қатарлардың жиынтығы.
- 6)Бөлім (divisio) - жақын кластардың жиынтығы.
- Бұл таксондардан басқа қосымша таксондарда бар. Олар туыс тармағы, тұқымдас тармағы т.б. жатады.
- Өсімдіктер үлкен екі топқа : төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер болып бөлінеді.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер - І.Өсімдіктер дүниесінің жасушасыз өсімдіктер тармағы
- 1.Вирустар
- ІІ.Өсімдіктер дүниеснің төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер тармағы
- 2.Жылтырауық сары балдырлар бөлімі
- 3.Сары-жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі
- 4.Диатомды балдырлар бөлімі
- 5.Пирофит балдырлар бөлімі
- 6.Эвгленалар
- 7.Қоңыр балдырлар бөлімі
- 8.Қызыл балдырлар бөлімі
- 9.Жасыл балдырлар бөлімі
- 10.Хара балдырлар бөлімі
- 11.Қыналар бөлімі
- IV.Өсімдіктер дүниесінің пластиттері жоқ өсімдіктер тармағы
- 14.Кілегейлілер
- 15.Саңырауқұлақтар
Достарыңызбен бөлісу: |