Кеңестік кезеңдегі мектептерде дін тарихының оқытылуы



Дата23.02.2016
өлшемі110.36 Kb.
#9709
Кеңестік кезеңдегі мектептерде дін тарихының оқытылуы.
Л.Т. Қожакеева т.ғ.д., профессор м.а.

А.Е.Абдиханова магистрант

ҚазМемҚызПУ

Алматы қ., Әйтеке би 99



Aika_1989_respect@mail.ru
Андатпа. Бұл мақалада Кеңестік кезеңдегі мұсылмандық оқу жүйесiндегi мектеп-медреселердiң ағартушылық қызметi және оны жаңа ғылыми ағарту саласындағы тарихы зерделенген.

Аннотация. В этой статье изложены исследования службы просветительства и история в новой отрасли научного просветительства школ-медресе, которые в системе мусульманского образования Советского времени.

Abstract.This article outlines the research service of enlightenment and history in a new branch of scientific enlightenment schools madrassas in Muslim education system of the Soviet period.

Мұсылмандық оқу жүйесiндегi мектеп –медреселердiң ағартушылық қызметiн жаңа ғылыми ой елегiнен өткiзу. Қазақстандағы ағарту саласындағы мұсылмандық оқу жүйесiнiң тарихын зерттеген келесi ғалымдар Кеңестiк кезеңнің мектебiмен қалыптасты. Бұлғылымитоптыңөкiлдерi Т.Тәжiбаев, Н.Сәбитов, I.Сембаев, Г.Храпченковт.б. болды [1]. Олардың еңбектерiнде осымәселелерге байланысты әр алуан құндымәлiметтер бар. Бұл еңбектерде мектеп-медреселер туралы сирек мұрағаттық құжаттар қамтылған. Бiрақ бұл еңбектерде ғылыми объективтiлiк ұстанымдары үнемi сақталды деуге болмайды. Оларда мұрағаттық деректер берiлiп отырсада, медреселердiң құрылымына қажеттi ғылыми талдау жасалынбаған.

Әрине, бұл тұстас ол кезеңдегi саясат басты орыналған. Ғасырлар бойы мұсылман әлемiне қызмет еткен медреселердiң қызметi өз бағасын ала алмады. Миссионер ағартушылар тарапынан медреселердiң қалыптасуы мен даму сатылары бұрмаланып, схоластикалық сипатқа тән деген пiкiр қалыптастырылды. Мұсылмандық оқыту әдiстемесi мектебiнiң негiзiн қалаған Шығыс ғалымдарының еңбектерi олардың ғылыми зерттеулерiнде көрсетiлмедi.Мұсылман оқуының сапасын жақсартуға бағытталған ағартушылық реформаларға саяси сипат тағып, отаршылдық мүдде тұрғысынан мұсылман қайраткерлерiнiң ағартушылық идеяларын “ұлтшылдық” деп танып, оның өрiстеуiне кедергi жасап отырды.

Медреселердiң оқу бағдарламасындағы Дiн тарихы бойынша оқытылған оқулықтарды екiге бөлуге болады: араб халқы тарихы негiзiндегi Ислам дiнi тарихы жәнеҚасиеттi пайғамбарлар тарихы. "Ислам тарихы" оқулығының бiрнеше басылымы бар.

Бұло қулықтардың мазмұны өзара ұқсас, тiптi бiрдей де седе болады. Осы оқулықтар iшiнде Ф.Каримовтыңекi бөлiмнен тұратын "Тарих Ислам" оқулығы таза дiни мазмұннан гөрi ғылыми бiлiм бере алатын мазмұнға жақын оқулық. Пайғамбарла ртарихын оқытуда үлкен тәрбиелiк маңызы бар оқулық Насреддин Рабғұзидiң "Киссасуль-Анбия" (Пайғамбарлар туралы әңгiмелер) кiтабы. Бұл кiтап 1357 жылы Алтын Ордаханы Жәнiбектiң арнайы тапсыруы мен Сарайшық қаласында жазылған. Бiрiншi нұсқасы көне түркi тiлiнде, ал екiншi басылымы 1901 жылы Қазанда шағатай-татар тiлiнде жарық көрген [2].

Бұл оқулықтың бiрiншi әңгiмесiнде жердiң пайда болуы, ондағы тiрi жандарды (диуана, перi, шайтандар) дүниеге келтiрген Жаратушының ұлылығын көрсетедi.

Рабгузи пайғамбарлар тарихын Адам Атадан бастайды. Келесi әңгiмелерiнде Ыдырыс, Нұқ, Мұса, Сүлеймен, Дәуiт, Мұхаммед және де басқа пайғамбарлар мен перiштелер туралы баяндайды.

Пайғамбарлардың iстеген қызметтерiн көркем тiл мен суреттеу арқылы Рабғұзи түркi тiлдес халықтар арасында исламның дiни моралын насихаттауды мақсат етiп қойған [2]. Рабгузи әңгiмелерiнде Алла жақсылық пен бақыттың символы, ал Iбiлiс бейнесi зұлымдық пенбақытсыздық секiлдi жер бетiндегi күнәлар символы ретiнде суреттеледi. Рабгузи әңгімелерінде тәкәппарлық пен қызғаныш зұлымдықтың бастамасы ретiнде айтылады.

Осы мақсатта Әз әзiлдiң Адам Атамен Хауа Ана арасындағы байланысқа қатысты күнәға батуын суреттейдi. Зұлымдық пен жақсылық арасындағы күрестiң жалғасуы туралы Адам мен Хауаның күнәға батуы туралы айтылады. Рабгузи әңгiмелерiн де арбау, сатқындық, өтiрiк, кiсi өлтiру, өсекайту, қызғаныш, эгоизм және т.б. адам мiнезiнiң жарамсыз саналарықаттысыналады. Бұл туралы "Қабыл мен Абыл" әңгiмелерiнде айтылады.

Дiн тарихы пәнi тағы басқа оқулықтар мазмұнына қысқаша тоқтала кетейiк.

"Қасиеттi тарих" оқулығының бiрiншi жылында (оқудың екiншi жылы) бойынша медресе шәкiрттерi Амовидтер дәуiрiне дейiнгi ислам тарихының бiрiншi бөлiмiн, келесi жылы ислам тарихының екiншi бөлiмi Амовидтер дәуiрiнен бастап, арабтардың Испанияны жаулап алуына дейiнгi кезеңдi қамтиды. Оқу мерзiмiнiң соңғы жылында оқулықтың соңғы үшiншi бөлiмiн, арабтардың Испанияны бағындыруы және тастап шығуымен аяқталады.

Жәдидтiк қозғалыстың тек ағартушылық-реформаторлық сипатығана емес, сонымен қатар терең ұлттық-саяси мәнi бар қозғалыс.

Басты ерекшелiгi түркi тiлдес халықтардың саяси, рухани, мәдени тұтастығын қалпына келтiру әрекетi едi. Жәдидшiлердiң рухани көсемi Исмаилбек Гаспиринский: "бiздiң өмiрiмiздегi тiл мәселесi өмiрмен өлiмсұрағы болып табылады", - деген ұраны әрине, кезiнде бұндай көзқарас сөзсiз ұлтшылдық идеясы деп айыпталар едi [3]. Алайда бұл ешқандай ұлтшылдық идеясы емес, түбi бiртүркi тiлдес халықтардың рухани жақындасуға жасаған нақты iс-әрекетi едi. Рухани-саяси тұтастыққа ұмтылған ұсақ ұлттар "ұлы халық" үстемдiлiгiне қарсы, әрине ұлт ұранын, тұтас тiл ұранын көтеретiнi тарихи жат құбылыс емес. Осы жолда олар әр бiр iстерiнде тiршiлiк ұранын жалау еттi. Медресе оқулықтарына да бұл көрініс жат болмады. Әсiресе тарих оқулықтары түркi халықтарының ұлы дәуiрiнен, ұлы қолбасшыларын, ұлы iстерiн, түркiлер өркениетi мен мәдениетiн үлкен екпiнмен дәрiптедi. Түркiлер тарихы туралы әрбiр оқулықтың мән-мазмұны түркi дүниесiнiң бiртұтастық идеясын жетеледi. Ал бұл көзқарас патша өкiметi тарапынан үлкен терiс көзқарасты қалыптастырды.

Кеңестiк дәуiр тарихшылары бұндай оқулықтарды "пантюркизм" идеясын таратушы кiтаптар деп бiр жақты баға бердi.Толық зерттелмеген ғылыми жұмыстарда бұл оқулықтардың мазмұны жас ұрпақты пантюркизм идеясыаясында тәрбиеледi, осы мақсатта түркi тайпаларының тарихын, тiлiн, мәдениетiн дәрiптедi, басқа ұлттармен тайпаларға қарсы қойды және шын мәнiнде түркi тiлдес халықтар тек тұтас түрiк халқының жеке тайпалары деген реакциялық расистiк "теорияны" бекiтiп бердi [4]. Осы көзқарастардың жарқын көрiнiсi Х. Гатинжазған “Муфассал тарих қаумитурки» [4] ("Түркi халықтарының тарихы") атты 1909 жылы Уфа қаласының "Шарк" баспасынан шыққан оқулығы жатады. Бұл оқулық татар тiлiнде жазылған. Алайда, кейбiр бөлiмдерi түркi тiлiнде берiледi. Бұл оқулық негiзiнен Қазақстан медреселерiнде пайдаланылған. Оқулық Алланы, Пайғамбарларды дәрiптеу мен басталады. Түркі халықтарының тарихы идеалистік позицияда сипатталады.

Оқулық түркi халықтарының материалдық өмiрiн, саяси құрылысын, әлеуметтiк таптарын және олардың күресiн байланыстырмайды. (История тюркоязычных народностей описывается в идеалистической позиций.Вне связи с материальной жизнью, политического строя тюркоязычных народов, классов и классовой борьбой).

А.Ф.Ардаширов Гатиннiң осы оқулығы жөнiнде: "Х. Гатин түркi тайпалары құрамына бүкiл Азия мен Еуропаны мекендеген қытай, жапон, фин, печенег, скиф, сармат, ғұн, тұңғыс,хантэ, эвенк, якут, бурят және басқа халықтарды кiргiзедi де сонымен қатар славяндардың да қанында түркi қаны бар"[5]- дейдi.

Автор бұл жерде түркiлер өркениетiнiң әлемдiк өркениеттегi орнын көрсетiп отыр. Оқулықта түркi тiлдес халықтардың мәдениетi, оқу-ағарту, ежелгi ескерткiштерi баяндалады. Сонымен бiрге жер шаруашылығы, қолөнерi, сауда, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң заңдары, әскери iсi және дiнi туралы нақты сабақтар берiледi. Бұл оқулықтың оқу iсiндегi маңызы зор. Оқушыларды пантюркизм идеясына баулиды деп баға бередi де, бұл идея оқулықта ашық көрсетiлмейдi дейдi. Егер пантюркизм идеясына ашық шақырса, өкiмет тарапынан цензураға ұшырар едi дейдi.

Бұл көзқарас түркi дүниесiнiң рухани құндылықтарының маңызын мойындап тұрса да шовинистiк пиғылдан алыстай алмай тұр.

Жәдидтiк оқу орындарының тарих пәнiнiң келесi бiр белгiлi оқулығы М.А.Хановтың "Тарихи Кауми турки" оқулығы. Бұл оқулық 1911 жылы Қазанда шыққан. Бұл оқулыққа бiржақты баға берiлген. Оқулық Ислам дiнi рухымен жазылған дейдi. Түркi халықтарының керi бұрмаланған тарихы, өзара соғыстары, бiреулерiнiң жеңiлiстерi мен жоғалуы, бiреулерiнiң жеңiсi тек Құран сiлтемелерiмен ғана дәлелденген деп, түркi тарихының шынайы көрiнiсiне тереңдемейдi [6]. Ислам дiнiнiң асазор беделi тек мәдени-рухани өмiрге ғана емес, саясатқа да ықпалын жүргiзгенiн ескерсек, оқыту iсiндегi беделiн жоққа шығара алмаймыз. Ендеше тарих оқулығындағы ислам дiнiнiң көрiнiс табуын заңды құбылыс деп қабылдау керек. Ал түркi тайпалары арасындағы соғыс, олардың жеңiстерi, жеңiлiстерi, кейбiреулерiнiң тiптi ұлт ретiнде жоғалуы деген пiкiр қате. Түркi халқы бiр-бiрiн жоқ қылып жiберетiндей үлкен соғыстар жүргiзген жоқ. Кейбiр зерттеушiлердiң бұндай пiкiр бiлдiруi тайпалар емес, түркi мемлекеттерiнiң бiр-бiрiнiң заңды мұрагерi ретiнде тарихи сахнаға келуi мен кетуiн терiс түсiндiруiнен туған. Ал М.Ханов бұл тарихи кезеңдi оқулықта нақты баяндаған. Түркi қағанат, Батыс және Шығыс Түркi, Түркеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерi бiрiнiң орнына бiрi қандай жолмен келседе, олардың халқы сол бiртүркi тiлдес халықтар болды. Олар ешқайдада жоғалған жоқ. Сол түркi мемлекеттерiнiң құрамында өмiр сүрiп, түркi дүниесiнiң тарихи ұлт ескерткiштерiн жасады. М.Ханов оқулығы осы мазмұнды толық ашады.

Ойымызды қорытындыласақ, түркi тiлдес халықтардың тарихын оқыту iсi XIII ғасырдан бастау алады. Медресе шәкiрттерiн тәрбиелеуде маңызды орын алған тарих пәнi жүйелi түрде мұсылман оқуының даму сатысымен бiрге үнемi жетiлдiрiлiп отырған. Оқу жоспары мен бағдарламадағы тарих пәнiнiң өзге пәндердерге қарағанда басым болуының себебi - оның саяси мәнiнде жатыр. Түркi халықтарын тұтастыққа жеткiзу үшiн жәдидшiлер басты күрес құралы ретiнде түркiлердi” тiлi мен тарихын алды. Жәдидтердiң "бiртұтас түркi халқы" идеясытарих пәнi оқулықтарында да айқын көрiнiс тапты.


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ибн Сина "Таңдамалы шығармаларында". - Душанбе: Ирфон , 1980. –т.1.(420б)

  2. Избранные произведения мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока IV-XIV вв. М.: Соцэкгиз, 1961. (629б)

  3. Омаров А. Из истории создании учебников и учебно-методической литературы казахской школы (1861-1917 гг.) Автореферат на соиск. канд. наук. Фрунзе, 1969.

  4. Салижанова Г. Түркiстандағы оқытушылық мәдени ошақтары, олардың ағартушылық қызметi. Автореф. на соиск. канд. ист. наук. Т.,

  5. Керенский О.М. Медресе Туркестанского края. СПб. Б.н. 1892. С. 14

  6. Ислам история и современность. А., 2001 ИВ АН РК С. 165.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет