филос.ғ.к., әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті м.а.
Өмірбекова Ә.Ө.
Кейс-стади әдісі – білімді бағалаудың жаңа формасы
Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Заманауи
қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі
кеңістікте өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны
жақсартуға игі әсер ететін кәсіби маманды қалыптастыру. Кәсіби маманның
алдына қойылатын ең бірінші кезектегі талаптар – шығармашылық,
белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білім, кәсіби сауаттылық. Қазіргі
кезде оқыту үдерісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі,
адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді
әрекет етудің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері көбейе түсуде.
Осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін таңдап
алу – әр болашақ маман үшін жауапты да, шығармашылық іскерлікті қажет
ететін іс. Әрбір болашақ мамандықтың игерілу тиімділігін арттыру мақсатында
қолданылатын әдіс – «кейс-стади» (нақты оқу жағдаяттарын пайдаланып
оқыту). Нақты жағдаяттарда анық дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар
болмайды, яғни оқу материалы студенттерді талдауға, пікір-талас жүргізуге,
ойларын ашық айтуға, өз көз қарастарын негіздеуге ғана қызмет етеді. Нақты
жағдаят әдісін кез келген пәндерді оқытуға пайдалануға болады. Кейбір
жағдаяттар студенттердің талдауға және ақпараттарды жүйелеуі үшін
пайдалануға болатын үйретуші материал ретінде кездеседі. Нақты жағдаят әдісі
педагогикалық міндеттерді талдау қабілеттерін дамытады және міндеттерді
өзінше құрастыруға үйретеді. Нақты міндеттерімен бетпе-бет келген кезде
маман біріншіден мыналарды: мұнда шешетін проблема барма, өз позициясын
анықтау, түсіндіру, нені шешу керек екендігін және қандай қажетілік бар
екендігін анықтап алуы қажет. Оқу кейсі – аудиторияда бар мүмкіндіктерді
пайдаланып нақты проблемалық жағдаяттарды шешу және талқылау жолы
арқылы қарама-қарсы шешімдерді қабылдау мүмкіндіктерін құру. Кейс әдісін
тиімді қолдану студентердің шығармашылық іс-әрекеттерінің белсенділіген
артырады, оқу тобында проблемалық жағдаяттарды талқылау мүмкіндігін
туғызады, өздерінің білімдері мен идеяларын біріктіреді, талқылау процесін
және білім мазмұнын қадағалауға мүмкіндік береді. Кейс – әдісі арқылы
ізденушіні білім алуға, оқуға қызықтыра отырып болашақ маман ретінде
тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Кейс – әдісінің шығу тарихына
тоқтала кетсем, ең алғаш «кейс – стади» әдісі Гарвард университетінде 1924
жылы қолданылған. Содан бері бұл әдіс осы күнге дейін өзінің маңыздылығын
жойған жоқ. Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды
суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы. Жағдай
(кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың
жазбаша берілуін айтамыз. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы,
бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары, т.б. Білім алушылар ұсынылған
жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді
және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында
білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал
оқытушының міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, білім алушылардың
белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен
қатар, кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға
арналған шығармашылық жұмыс: жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу;
мақсат пен міндетті анықтау; жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең
– оқытушының аудиториядағы іс-әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану
кезеңі. – кейске кіріспе; жағдайдың талдануы (шағын топтарда); пікірталас;
қортынды шығару.
Кейс-стади типтерін жіктеудің негізінде мынадай мақсаттар жатады:
эвалюаторлық: мақсаты – тиімділікті бағалау; оқу: мақсаты – білім мен
дағдыны игеру; этнографиялық: мақсаты – этникалық құрамның, мәдени-
тұрмыстық
ерекшеліктерінің,
қарастырып
отырған
қауымдастықтың
материалдық және рухани мәдениетінің толық сипатын жасау; сараптамалық
(түсіндірмелік): мақсаты – қалыптасқан жағдайға әсер ететін факторлар мен
себелтерді іздеу және де нәтижесінде теория жасау; сипаттамалық: мақсаты –
мәдени жағдайда толық суреттеу әрі әңгімелеу.
Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері: практикалық жағдайларды
зерттеу; болған жағдайларды баяндау; проблемамен (мәселемен) танысып, оны
шешудің жолдарын іздейді.
Кейс-технологялардың негізгі мақсаты: білім алушылардың бойында
жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру; әр түрлі мәселелерді талдау
және оларды шеше білу қабілетін дамыту; ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету.
Кейс-стади әдісінің идеялары: әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше
жауаптары бар болуы мүмкін болатын пәндерден білім алуға арналған; үйрету
білім алушы мен оқытушының бірлесе шығармашылықпен айналысу
дағдыларын қалыптастыруға негізделеді; әдісті қолданудың нәтижесі алған
білімдері мен жұмыс жасау барысында қалыптасқан дағдылар.
Мәдениеттегі маркетинг және менеджментке қатысты мәселелер бүгінгі
таңда жан-жақты талқылануда. Жаһандану жағдайында демократиялық қоғам
тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола
бастады. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне
қарама-қарсы көзқарастар бар. Жалпы нарық немесе қазіргі экономика үш
негізге сүйенеді. Оның бірі – менеджмент, екіншісі – маркетинг (ақпарат
жинау, шаруашылықты жүргізуді жоспарлау, ненің қажет екенін болжау),
үшіншісі – қаржы. Менеджмент – бұл басқарудың экономикалық әдістерін
материалды және еңбек ресурстары арқылы рационалды жолмен қойылған
мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің түрі. Менеджмент – бұл
нарықтық шарттарға сәйкес басқару. «Маркетинг» ұғымы ағылшынның
«market» (нарық) сөзінен шыққан, ал «инг» жалғауы нарық жасаушы немесе
нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды [1]. Маркетинг ірі ауқымды
өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында
өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты. Мәдени
салада менеджменттің рөлі маңызды. Мәдени саладағы менеджмент
спецификасына «рухани өндіріс» ерекшелігі кіреді. Бұл жердегі тұтыну
қажеттілігіне спектакль, кинофильм, концерт көру, кітап оқу және т.б. жатады.
Негізгі таным феномендерімен, атап айтсақ, қабылдау, түсіну, ойлау және т.б.
байланысты. Егер кітапты оқымаса, салынған суреттерге ешкім қызығып
тамашаламаса ол көркемдік құндалыққа жатпайды. Материалды құндылық
жоғалуы мүмкін, ал мәдени құндылық ол рухани байлық көзі, сондықтан ол
белгілі бір халықтың ерекшелігін көрсететін байлық десе де болады.
Ал, ҚР «Мәдениет туралы» Заңында «Мәдениет – адамзат жасаған әрi
жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы
азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіктерi мен
мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани
құндылықтар жиынтығы» деген анақытама беріледі [2].
Мәдениеттанушы мамандарды дайындауда кейс-стади әдісін қолдану
арқылы:
- орын алып отырған тарихи-мәдени кезеңдегі туындаған мәселелердің
зерттелу және қарастырылу фокусы;
- рухани, материалдық мәдениеттің, саяси-әлеуметтік мәселелермен
байланысын ашып көрсету.
Зерттеу фокусы мәдени үрдістің жан-жақты қарастырылуына байланысты
«жайт (случай)» жағдайынан белгілі бір контекстке айналуынан басталады.
Мәселен, студент мәдениеттегі маркетинг пен менеджмент заманауи
талаптардың бірі екенін, мәдениеттің қалыптасу жағдайлары, оның таралуы
және даралық пен бірегейлікті сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті
үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы, қоғамдағы адамдар арасындағы
қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу, интелектіні дамыту
және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін
көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудырады, сол арқылы нақты деректерге
сүйене отырып, адамдардың күнделікті тәжірибесіне «еніп» кететін
бөлшектерді сараптауға мүмкіндік туындайды [3].
Әрине, орын алатын жағдайлар әртүрлі. Мәдениет саласы –
коммерциялық
емес
қызметімен
ерекшеленеді.
Мәдени
саладағы
менеджменттің басты ерекшелігі коммерция негізіне емес, қажетті салаларды
тарту, әртүрлі мүдделі күштер мен инстанцияларды: билік органдары,
қаржылық құралдарды тарту, басқа да донорларды тарту кіреді. Мысалы шоу-
бизнестің өзін мәдени саланың коммерцияланған түріне жатқазғанымен де,
оған кіретін қаржы тек сатылған билетке тікелей байланысты немесе гастроль
бюджетінің 15 % құрайды. Қалған қаржы демеушілік жолмен келеді. ҚР
«Мәдениет туралы» Заңының 19-бабында мәдениет саласындағы қызметтi
ұйымдастыру жөнінде, «Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың,
филармониялардың, оркестрлердiң, цирктердiң, студиялардың, мектептердiң,
шеберханалардың,
орындаушылық
ұжымдардың,
мұражайлардың,
кiтапханалардың,
көркемөнер
салондары
мен
галереяларының,
кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының,
зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың,
тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да
мәдениет ұйымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жолымен жеке және
заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы,
пайдалануға беруi және қорғауы арқылы жүзеге асырылады» деп көрсетілген.
Мәдениеттiң дамуы үшiн өз қызметiн Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениеттi дамыту қорлары құрылуы
мүмкiн [2].
Кейс-стади талдауы мынадай алгоритмдерден тұрады:
1.
Мәдениеттегі маркетинг және менеджмент бойынша мәліметтері
бар материалмен танысу, осы мәселеге қатысты қосымша ақпараттар жинақтау,
заманауи талаптарға қатысты үдерістердің дамуын талдау.
2.
Мәдениеттегі менеджментке байланысты бүгінгі таңда туындап
отырған мәселелерге гипотезалар ұсыну.
3.
Гипотезаларды тексеру.
4.
Алынған нәтижелерді жинақтаған жекелеген жақтарды және
механизмдерді қолдана отырып жоба жасау.
5.
Гипотезаларды тәжірибеде қолдану, мәселенің шешілуіне әсерін
байқау [1].
Білім беру барысында басты басымдық студенттердің жеке
шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу
үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент
белсенділік көрсетуі тиіс оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың
негзгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру
болғандықтан, оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу.
Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді әр түрлі жағдайда
қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің
танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет. Жоғары білімді маман
өзіндік жұмыс барысында қалыптасқан дағдаларды қызмет етуде жан-жақты
қолдана алады. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына
мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін
емес.
Әдебиеттер:
1
. Оразбаева К.Н. Маркетинг. – Алматы, 2007
2. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Қазақстан
Республикасының Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
//http://online.zakon.kz.
3. Флиберг Б. О недоразумениях, связанных с кейс-стади // Социс,2005. – №4. – 115 с.
Достарыңызбен бөлісу: |