Келісілді ббқ төрайымы «Фармация және ФӨТ»



бет1/67
Дата01.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#493765
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
gxp сессия-1 2


Келісілді
ББҚ төрайымы
«Фармация және ФӨТ»
Устенова Г.О.____________
Хаттама №__ «___» _____2022 ж.

Бекітемін
Фармация мектебінің деканы
Сакипова З.Б.____________
Хаттама №__ «___» _____2022ж.



Емтихан сұрақтарының тізімі


Мамандық атауы және шифры: В072 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Дисциплина: GxP шеңберінде дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету тұжырымдамасы
Курс: 3_____________________________________________________________


1.Дәрілік заттардың сапасына қойылатын негізгі талаптар. Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтайтын фармакопеялық көрсеткіштер.
Дәрілік заттың сапасы – дәрілік заттың фармакопеялық баптың талаптарына немесе нормативтік құжаттама немесе нормативтік құжат болмаған жағдайда сәйкестігі.
Сапаны бақылауға қойылатын негізгі талаптар:
1) тиісті үй-жайлар мен құрал-жабдық, оқытылған қызметкерлер және бастапқы материалдарды, аралық, өлшеп-оралған және дайын өнім сынамаларын іріктеу, бақылау және сынау үшін, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы Стандартты орындау мақсатында өндірістік орта жағдайларына мониторинг жүргізу үшін бекітілген әдістемелер қолданыста;
2) бекітілген әдістемелерге сәйкес тағайындалған персонал бастапқы және буып-түю материалдарының, аралық, өлшеп-оралмаған және дайын өнімнің сынамаларын іріктеуді жүргізу;
3) сынақ әдістері валидациядан өтуі тиіс;
4) сынамаларды іріктеу, бақылау және сынақ әдістемесі бойынша барлық қажетті шаралардың іс жүзінде өткізілгенін құжат жүзінде растайтын жазбалар (қолжазба әдісімен және (немесе) техникалық құралдар қолданумен) құрастырылуы тиіс. Кез келген ауытқулар құжат жүзінде толық ресімделіп және тексерілуі қажет;
5) дайын өнім құрамында сандық және сапалық құрамы жағынан тіркеу дерекнамасына сәйкес келетін белсенді фармацевтикалық субстанциялар болу керек, тазалығы талап деңгейіне сәйкес келетін, тиісті қаптамаға салынып және дұрыс таңбалануы тиіс;
6) материалдарды, аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнімді бақылау және сынау нәтижелері бойынша ресімделген жазбалар спецификация талаптарымен ресми салыстырылды. Өнімді бағалау тиісті өндірістік құжаттаманы шолуды және бағалауды және белгіленген рәсімдерден ауытқуларды бағалауды қамтиды;
7) 16 -қосымшаға сәйкес өнім сериясының мемлекеттік тіркеу кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін уәкілетті тұлғаның растауын алмайынша өнімнің бір де бір сериясын өткізуге немесе жеткізуге рұқсат етілмейді;
8) № 19-қосымшаға сәйкес болашақта (қажет болған жағдайда) сынақ жүргізуге мүмкіндік беретін бастапқы және өлшеп-орау материалдары мен дайын өнімнің бақылау үлгілерінің жеткілікті санын сақтау қажет. Дайын өнімнің үлгілерін соңғы қаптамада сақтау керек.
Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - НТҚ) - дәрілік заттар сапасының кешенді нормаларын, оны айқындау әдістемелерін белгілейтін, олардың сериясына, сондай-ақ оны өндірудің тұрақтылығы және біртектілігіне қарамастан дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін құжат. Оған: талдамалық нормативтік құжат және уақытша талдамалық құжат жатады.
Дәрілік заттардың сапасын анықтайтын құралдар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі құралдарына ҚР-ның мемлекеттік фармокопеясын, қосымша құралға нормативтік құжаттар жатады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын ең төменгі талаптардың жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет