ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК
«КЕЛІСІЛДІ» «Бекітемін»
Түркістан жоғары медицина колледж
Түркістан қалалық емханасының директоры _________Ғ.Н. Бимурзаев
Бас дәрігері---------------- Р.Б. Тасырбаев «_____» _______________2023
«------» -------------------- 2023ж
Түркістан қалалық балалар ауруханасының
Бас дәрігері---------------- А.Қ. Егізбаев
«------» -------------------- 2023ж
ПӘН/МОДУЛЬ/КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ ПРАКТИКА БОЙЫНША
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Мамандандырылған мейіргерлік күтім»
Мамандығы: 09130100 - "Мейіргер ісі"
Біліктілігі : 5АВ09130101 - "Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры"
Оқыту нысаны : күндізгі, жалпы орта білім базасында
Курс: 3
Семестр: 6
Жалпы сағат саны: 144/6
Оқу жұмыс бағдарламасы «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен бекітілген МЖМБС-ға сәйкес жасалды.
Әзірлеген оқытушы: Мырзақожақызы Ғ.
Терапия және туыстас пәндер бойынша ЦӘК отырысында қаралды.
Хаттама № ..... ........................2023ж
ЦӘК төрайымы................ Бабаханова Г.А
Кіріспе
«Мейіргер ісі» мамандығына «Мамандандырылған мейіргерлік күтім» пәні негізгі пәндердің бірі болып саналады.Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегиясы оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы құзіреттіліктердің дамуына бағытталған медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылату, оның қолжетімділігін арттыру, профилактикалық, медициналық-әлеуметтік көмекті жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау жүйесінде күрделі өзгерістер жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасында Мамандандырылған мейіргерлік күтім пәні емдеу-профилактикалық, медициналық-әлеуметтік мекемелерде мейіргер қызметкерлері жұмысының тиімділігін жоғарылату, мейіргер дайындау жүйесін жетілдіруді басым бағыттар деп белгіледі.
Пән мақсаты:
Мамандандырылған мейіргерлік күтім пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсіптік білім қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Пәнді оқыту барысында білім алушыларға мамандандырылған күтім, түрлі емдеу-сауықтыру ұйымдарындағы пациенттерге мейіргерлік күтім жасаудың әдістері, туберкулез ауруларына мамандандырылған мейіргерлік күтімді ұйымдастыру, неврологиялық, инсульт ауруларына мамандандырылған мейіргерлік күтімді ұйымдастыру, жарақаттан және ота жасағаннан кейін пациенттерге бақылау және мамандандырылған күтім, диагностикалық және скринингтік зерттеу, дәлелді медицинаны және дәлелді мейіргерлік тәжірибені енгізуді меңгеру үшін сабақтар өткізуді қарастырады.
Пән міндеттері:
-Пациент денсаулығы жағдайы туралы сұрастыру өткізуді үйрету;
-Мейіргерлік диагнозды қоюды үйрету;
-Мейіргер іс-әрекетінің жоспарын құру;
-Мейіргер іс-әрекетін іске асыру жоспарын құру;
-Көрсетілген күтім тиімділігін бағалау және қажет жағдайда күтімге түзету енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |