Келісілген «бекітемін»



Дата17.05.2023
өлшемі87.37 Kb.
#473801
«Отбасы-бақыт мекені» 16.01 (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КЕЛІСІЛГЕН «БЕКІТЕМІН»
Педагог ұйымдастырушы Директордың тәрбие
________ Д.Б.Тленчиев ісі жөніндегі орынбасары
«____» _______ 2023 ж. ________Қ.А.Құрманқұлов
«____» _______ 2023 ж.

"Отбасы-бақыт мекені"







Мамандығы: 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету»


Тобы: БҚ-9-22/г


Топ жетекшісі: Ходжаева Д.А.


Ақсу - 2023 ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Отбасы-бақыт мекені»

Мамандығы

06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

Тобы

БҚ-9-22/г

Өткізілген күні

16.01.2022ж

Тәрбие сағатының өткізілетін орны

401

Тәрбиенің мақсаты
Тәрбиелеу


Дамытушылық

Балаларды отбасылық құндылықтарды бағалауға, отбасы құрамына ынтымақтастықтары мен мейірімділіктерін арттыруға тәрбиелеу
2) Оқушыларды отбасы қасиеттерін бағалап, достық ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып өсуге тәрбиелеу.
3) Оқушыларды денсаулығын сақтай отыра, білімнен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына, әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режимін сақтауға, жеке бас гигиенасы талаптарын қатаң ұстануға баулу.

Тәрбие сағатының басым бағыты

Отбасылық тәрбие

Тәрбие жұмыстарына пайдаланылған қосымша материалдар және әдебиеттер мен ақпарат көздерінің тізімі

Ақпарат дереккөзі:
https://stranaprotivnarkotikov.ru/articles/

Топ жетекшісі: Ходжаева Д.А.

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.


Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.
Ойланайық, пікірлесейік. «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу. «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз? Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе? Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?
Жаңа ақпарат. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай - үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата-ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.


Топ жетекшісі: Ходжаева Д.А.

Хаттама №


16.01.2023 ж


Топ жетекшісі: Ходжаева Д.А.


Хатшы: Кадир А.О.
Қатысқандар 25
Қатыспағандар
Күн тәртібінде:
1. " Отбасы-бақыт мекені " тақырыбында тәрбие сағаты
2. Әртүрлі мәселелер


Сөйлегендер: Топ жетекшісі
1. Топ жетекшісі: Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады. Бекбулатов Алимбек пен Кадир Ақниет отбасы құрамы мен құндылықтары жайында баяндама жасады.
2. Студенттердің сабақтарға толық қатысуы, үлгерімі, тәртібі жайында топ басшысы Кадир Ақниет пен білім секторы Бахитжанұлы Нұрболат өз есебін беріп өтті.

Қабылдаған қаулы:


1. Отбасы тәрбиесі: " Отбасы-бақыт мекені " тақырыбында ойтолғау жасау.
2. Студенттердің тәртібін, және сабақ үлгерімін қолға алу топ кураторына жүктелсін.
Топ жетекшісі: Ходжаева Д.
Хатшы: Кадир А.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет