Әкесі: — Көрдің бе, балам. Мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың.
Бала: —Кешіріңіз әке, сіздің айтқан ақылыңызды әбден түсіндім.