Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 944 Қаулысы күші жойыған күннен бастап, бірақ алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Достарыңызбен бөлісу: |