“Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру” мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: “Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру”.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекiтiлген “Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру” стандарты негiзiнде жүзеге асырылады (бұдан әрi - Стандарт).
4. Мемлекеттік қызмет “Ақтоғай ауданның білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Әлін көшесі, 97, телефоны (8-718-41)-21-5-97, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi – сенбi, жексенбi және мерекелік күндері, электрондық пошта мекенжайы aktogairoo3@mail.ru Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны филиалының Павлодар облысы бойынша “Халыққа қызмет көрсету орталығы” Ақтоғай ауданының бөлімі (бұдан әрі - Орталық) арқылы негізде көрсетіледі, Павлодар облысы Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72, телефон: (8-718-41) 22-1-65, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс күндері – жексенбі және мерекелік күндері, электрондық мекенжайы: aktogai.con@mail.ru, қабылдау “электронды” кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін жүзеге асыратын органдардың тұрғын үй иесі болып табылатындардың қозғалмайтын мүлік бөлу мәмілелер жасауға, кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін нотариалдық кеңсеге немесе банктерге анықтамалар беру немесе қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік бес күнді құрайды;
Мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
Мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету барысында
iс-әрекет (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау
9. Берiлiп отырған мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсыруы қажет.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде Тұтынушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.
10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайларда бас тартуы мүмкiн.
11. Ақпараттық қауiпсiздiк талаптары: тұтынушының құжаттарында көрсетiлген ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялығын қамтамасыз ету.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - ҚФБ):
2
1) Уәкілетті органның маманы;
2) Уәкілетті органның бастығы.
13. Осы регламенттің 1 қосымшасында ҚФБ-нің естігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы белгіленген.
14. Осы регламенттің 2 қосымшасында КФБ және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік іс-әрекеттің логикалық реттілігінің өзара байланысы кестесі сипатталған.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледі.
|
“Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру” мемлекеттік қызмет Регламентіне 1-қосымша
|
1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктерi (ҚФБ)
iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
Негiзгi үдiрiстiң (жұмыс барысының, ағымның) iс-әрекетi
|
1
|
Іс-әрекеттің № (жұмыс ағымы, жолы)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның бастығы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның бастығы
|
Уәкілетті органның маманы
|
3
|
Iс-әрекеттер (үдерiстiң, рәсімнің, операция-ның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Орталықтан түскен құжаттарды қабылдау және тiркеу
|
Құжаттарды қарастыру
|
Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын дайындау
|
Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын қарастыру
|
Журналда тіркеу
|
4
|
Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленушi шешiмдер)
|
Құжаттарды тіркеу
|
Резолюция
|
Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасы
|
Хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапқа қол қою
|
Анықтаманы немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапты Орталыққа жіберу
|
5
|
Орындау уақыттары
|
20 минуттан артық емес
|
1 күн
|
2 күн
|
1 күн
|
20 минуттан артық емес
|
6
|
Келесi iс-әрекеттiң нөмірi
|
2-баған
|
3-баған
|
4-баған
|
5-баған
|
|
|
“Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру” мемлекеттік қызмет Регламентіне 2-қосымша
|
Мемлекеттiк қызметтi көрсету сызбанұсқасы
Тұтынушы
Уәкілетті органның маманы
Орталықтан түскен құжаттарды қабылдау және тiркеу. Құжаттарды тіркеу
(15 минуттан артық емес)
Уәкілетті органның маманы
Журналда тіркеу. Анықтаманы немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапты Орталыққа жіберу
(15 минуттан артық емес)
Уәкілетті органның бастығы
Құжаттарды қарастыру. Резолюцияға қол қою
(1 күн)
Уәкілетті органның бастығы
Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын қарастыру. Хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапқа қол қою
(1 күн)
Уәкілетті органның маманы
Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын дайындау. Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасы
(2 күн)
Достарыңызбен бөлісу: |