Кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы



Дата27.04.2024
өлшемі23.62 Kb.
#500022
Кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы


Кәмілетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Ел болып егемендігімізді алғаннан кейін өз заңымыз, өз отанымыздың құқығы, заңнамасы нақтыланып қабылданды. Конституциямызды 1995 жылы 30 тамыз күні қабылдағаннан 9 бөлім, 98 тараудан құрылды. Қазақ хандығы құрылғаннан тарихымыздан белгілі Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» ел мүддесі үшін қатаң жүйеге негізделген заңдар жинағы. Ол заңдар жинақтарында жер дауы, жесір дауы, мүлік дауы, әйел теңсіздігі қатаң қаралды. Ал қазіргі таңда ата заңымызда көрсетілген заңнанамалар жүйелі орнықтырылған. Бүгінгі таңда қылмыс жасау жиі белең алған мәселе қатарына жатады.
Қылмыс дегеніміз- мемлекет мақұлдаған заңдарға сай шек келтірілген, қоғамға зиян келтірілген ұрлық, зорлық – зомбылықтар мен зиянды әрекеттер. Қылмыскерлер қатарында бүгінгі таңда жасөспірімдер қатары көбейіп келеді. Бұл қоғамның жазылмас дерті деуге болады. Қазіргі жасөспірімдердің ниеттері мен пиғылдары қылмысқа әкеліп соқтыруда. Ата – аналардың да ойы баламыз «Кәмілет жасына» әлі толмаған деп мәселеден ат тонын ала қашуды әдетке айналдырып алған. Қылмыстық жауапкершілік –қоғам алдында істеген заңсыз әрекетіне заң алдында жауап беру. Елімізде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге тағылатын айып та заңнамада ерекшеленеді. ҚР ҚК-нің «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» бөлімінің 80 бабы, 1 бөлігінде «Кәмелетке толмағандар қатарына қылмысқа қатысты зиянкестік пен құқықбұзушылық көрсеткен кезеңге қарай жасы он төртке толған, алайда он сегiзге толмаған балалар танылатындығы айқын көрсетілген.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмыстық кодекстің ерекшеленген субъектісі болып табылады. Қылмыстық тұрғыда құқық бұзушылық іс-әрекетін жасағаушы жасөспірімді сот жазадан босататын шақта, арнаулы тәрбиелік нысан тұрғысынан мәжбірлеу амалын жасау шаралары арқылы арнаулы жасөспірімдерге арналған оқу – тәрбие ұйымдарына орналастырылады. Сот алдында судья болған оқиғаға сай баланың осы күнге дейінгі өмір сүрген ортасын, деңгейіне баса назар аударады. Жасөспірімнің бос уақытында немен айналысатынын, ата- ананың ықпалы, мектептегі оқу үлгерімі, қоршаған ортасының әсер етуі, араласатын ортасына бәріне нақты шолу жасайды. Мұндай шарттар баланың бұдан кейін де қылмыстық әрекетті қайталамауына қарсы факторлар.
Сот алдында баланың тәрбиеленуі тұрғысынан көп зерттеу жүргізіледі. Жазалау арқылы кез – келген жағдайда баланың қылмысты қайталауының алдын алу мақсатында жүргізіледі. Жасөспірімді заң тұрғысынан тәрбиелеу оның аталмыш қылмысты жасағанына сай жазасын заң алдында беруі қайта қалыптасуына кепілдік бермейді. Елімізде заңнамаларға сай 14 жсқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қылмыстық құқық бұзушылыққа сай жауапкершілікке тартпайды. Өйткені олар жасаған қылмыс мен заңнамалар тұрғысынан жазалануды дұрыс түсіне алмайды. Заң алдында қылмыскер баланың заңды ата- анасына салынған айыппұл жауапқа тартылған сотталушы тұлғаны өміріне қажетті материалдық иеліктерінен айырылмауы туралы арнайы ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың қылмыстық жаза мерзімі он екі жылдан аспауы шарт. Бірінші рет заңды бас бостандығынан айырылған жасөспірімдер (ұл мен қыздар) берілген жазасын белшілі режимдегі жасөспірімдерге арналған тәрбие колониясында қылмыстық жазасын өтейді. Әр түрлі қылмыстық әрекеттеріне сай жас ерекшеліктеріне сай белгіленген мерзімде жазасын өтейді. Жеке бас бостандығынан айырылған қылмыскер жазасын өтегенннен кейін, арнаулы режимді калонияларға жөнелтіледі. Қандай қылмыстық іс- әрекет болсын сот алдында жасаған кінәсіне сай жауапқа тартылады. Жалпы бас бостандығынан айыру жазасы ауыр қылмыс жасағандарға, адам өлтіргендерге, зорлық – зомбылық жасаған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге, сонымен қатар қылмыстық ауырлығы аз, ортаа деңгейлі қылмыстарға белгіленеді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге заң тұрғысынан өлім жазасы мен өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.
Заң алдында сот он сегіз жас пен жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жеңілдетілген қылмыстық жаза түрін қарастырады. Бұл тұрғыда жазаланатын балалар қатарына инклюзия, ерекше бақылауды қажет ететін психикалық, интелектуалдық ауытқуы бар, жетілу дәрежесі төмен, ауытқуы балалардың қылмыс жасауына әкеп соғады. Бұл мәселе тұрғысынан судья өз тарапынан психологиялық, сот – психиатриялық, дәрігерлік сараптама жүргізуге ықпал жасауға толықтай құқылы. Қазіргі қоғамдағы ауа- райының әсері, әр түрлі гаджеттер мен теріс ақпараттар жас бүлдіршіндердің психикасын улап, қылмысқа әкеп соқтыруда. Әр түрлі факторлардың қысымынан акустикалық ауытқуға да ұшыраушылар өте көп. Үй жағдайындағы ата- ананың жанжалы да баланың ой өрісіне ықпалын тигізуде. Бұндай мәселелердің бәрі сараптама нәтижесінде ықпалының бар екенін айғақтап береді. Құқық бұзушылық көбеюінің де себебі тереңде десек болады.
Заңнамаларға сәйкес сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлі шараларын қолдану арқылы ауыр немесе орта деңгейлі қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа баланы қаулы бойынша жазалаудан босатуға ықпал етеді. Мұндай жеңілдетілген жазалаудан кейін қылмыстық әрекеті заң тұрғысынан жазалаудан босатумен қатар сотталмау жағдайына дейін жеңілдетіледі. Аталған заң тұрғысынан кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арнаулы тәрбие беретін, мамандандырылған мектептер мен білім беру органдарында қылмыстық жазасын өтеуі сот тарапынан белгіленген қылмыстық жаза мерзімінен асырылмайды.
Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді жазалаушы аудан аралық соттың басты қарастыратын мақсаты «Отбасының тұтастығын сақтап қалу». Сол себепті кәмелетке толмаған қылмысқа жауапты тұлға әрекетіне сай бірден бас бостандығынан айырылу жазасына кесілмейді. Ең әуелі қылмыс жасаушы балаға заңмен қолданылатын мәжбүрлеу шаралары жүргізіледі. Жасөспірімдерді арнаулы тәлім- тәрбие беретін білім орындары мен арнаулы мекемелерде қайта тәрбиелеуге болады. Бұл тұрғыда балаларға арнайы шектеу шаралары енгізілетін болады. Мысалы, баланың басқа орындарға барып уақыт өткізуіне тыйым салынады, белгілі уақыт аралығында үйден тыс жерге жібермеу, мамандандырылған органдардың рұқсатынсыз басқа жаққа баруға шектеу қою шаралары заң жүзінде негізделген. Бұл шаралар оның өзі үшін де, ата- анасы үшін де қадір- қасиетін төмендетпейді. Келтірілген заң органдарының мәжбүрлеу шарасын орындамай, тәртіп бұзған жағдайда тәрбиелік ықпал етудің күші жойылып, қылмыскердің материалы қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылу мақсатында сотқа жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 81-бабына сәйкес кәмілетке толмаған жасөспірімдерге арналған жазаның 6 түрі көрсетілген. Осы заңнамаға сәйкес жазаның басы ретінде бедгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру болса, ең ауыр түрі ретінде-6 түрі, яғни бас бостандығынан айыру көрсетілген.
Статистикалық мағлұматтарға сүйенсек, Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында 2022дың жылдың көрсеткіші бойынша ең көп жасөспірімдер арасындағы қылмыс тіркелген. Тоқтала өтсек 2022 жылдың толық айлары бойынша 29 қылмыстық іс 39 адамға байланысты қаралды. Үкім шығару нәтижесінде 17 іс 23 адамға қатысты, оның ішінде 15 жас кәмілетке толмаған болып бекітілді. Бекітілген сот шешімі, яғни тағайындалған жаза туралы айтар болсақ, бас бостандығынан шартты түрде 3 жасөспірім, толықтай бас бостандығынан 2 жасөспірім айырылды. 17 жас бас бостандығынан шектелді және де оның 10-ы кәмілетке толмағандар болып бекітілді.
Осыған орай бас бостандығынан шектеу тағайындалған қылмыстық іс туралы айта өтер болсақ, кәмілетке толмаған Қ. есімді сотталушы мектеп алаңында жүрген жәбірленуші Р есімді азаматты ұялы телефонына қоңырау шалып сыртқа: мектеп алаңынан тыс орналасқан ескі ғимаратқа келуін талап еткен. Жәбірленуші ғимаратқа кірген мезетте екі жасөспірімнің арасында түсініспеушілік пайда болып, арты төбелеске ұласқан. Сотталушы К қалтасында тұрған өзімен бірге алып шыққан ас үй пышағымен оң жақ саны мен сол жақ бүйрегіне сұғып алып, жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан бірден қаша жөнелген. Жәбірленуші Р басты сол талқылауында сотталушы Қ есімді азаматқа кешірім беретінін және де өзара келісімге келгенін анық көрсеткен. Алайда, екі тараптың келісіміне қарамастан сотталушыға «Қылмыстық кодекстің» 68 бабына сәйкес бұл шарт қолдануға жатпайды. Себебі сотталушы К қылмыстық әрекетіне байланысты жәбірленушінің денсаулығана ауыр түрде зиян алып келген.
ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылға 8 маусымдағы ратификацияланға қаулысымен «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 37- бабының «ә» тармақшасына сәйкес әрбір жасөспірімнің бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырылмауын қамтамасыз етеді. Әрбір атқарылатын іс-әрекет қамауға алу, ұстау немесе тұрмеге отырғызу заңға сәйкес жүзеге асырылу қажет және де ең соңғы шара ретінде неғұрлым қысқа уақыт ішінде қолдануды қамтамасыз етеді деп көрсетілеген.
Сот айыпталушы тарап Қ.-ға жаза тағайындау барысында жәбірленуші Р. ұрып-соққандығын ескеруге жатады деп санады.
Сотталушы Қ ауыр қылмыс жасауына бұрын соңды жәбірленушімен келісімге келе алмауы және де онымен арадағы араздықтың болғанын себеп ретінде көрсеткен.
Сот, жаза тұрі мен мөлшерін тағайындау барысында сотталушы Қ. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын толықтай мойындауына байланысты жеңілдетілеген яғни келісілген мән жайды ескере отырып, қылмыстың түрі мен қоғамдыө қауіптілігін, жасөспірімнің кәмелет жасына толмағандығынғ әлеметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ түзеу, оның тарапынан басқа да қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында жеткілікті және негіді деп есептей отыра, айыпталушының бұрын соңды істі болмағанын, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, кінәсін толықтай мойындай отыра шын ниетпен өкінгенін ескере отырып, оны қоғамнан шектемей бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауға толықтай негіз бар деп есептеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 55 бабының 2- бөліміне сай орындалған қылмыс әрекетінде ойланылмаған жеңілдетілген іс- әрекетте күрделенген жағдайлар болмаған тұста, жазаның басты негізін, мерзімін мөлшерін осы Кодекстің заңнамалық тиісті бабына сай көзделген межелі кезеңнің:
1) Қылмыскердің жеңіл- желпі қылмыс, ауыр емес әрекет қылмыс жасаған кезде – жартысынан;
2) ауыр қылмыстық іс жасалған кезде кезде – үштен екiсiнен;
3) заңнамаға сай аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен асыруға болмайтындығы баянждалған. Сотталушыға жаза тағайындау тұрғысында Қазақстан Республикасының 55 бабының 2- бөлімінің талаптары қолданылады. Мемлекеттік құзіреттілікке сәйкес жас балалардың жас ерекшеліктеріне сай жеңілдік танытылғанымен қатар қатаң жазалау амалдары да орындалады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында 81 бабтың 6-бөлігінде жас өспірімдердің бас бостандығынан айырылу жазасы заңды түрде екі жылға шегерілген. Осы орайда жазалаушы судьяның межелеген жазасасының шектеу мерзімді жазасының уақыты бір жыл төрт айдан аспауы шарт.
Қазақстан Республикасында өмір сүріп жүрген барлық адам істеген қылмысының жазасын өтейді. Ұлттық қарама- қайшылықтар бұл мәселе тұрғысынан қаралмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген ұлы сөздің мәнісін әр қазақ ұғына білуі керек. Жыл сайын елімізде он мыңнан аса отбасының ыдырауы белең алады. Қаншама бала әкесіз, анасыз, қараусыз қалады. Тіпті балаларға арналған арнаулы панасыз қалған балаларға жетімдер үйі пана болады. Жебеушісі жоқ балалар жоқшылықтың, психологиялық ауытқулардың кесірінен әр түрлі қылмыстар жасауға мәжбүр болады. Бірі ұрлықпен бастаса, енді бірі мектептегі балаларға қоқа- моқы көрсетіп, жәбір көрсетуден бастап қылмыстық жолға есік ашады. Байыппен істеген ісіңді, айыппен көтеруді ұмытып кететін ұрпақ көбеюде. Заң бәріне ортақ. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қоғамда қылмыстық істерге ден қоюына заң органдары жұмыла жұмыс жүргізгенімен ата- аналардың қадағалауы бәсеңдік танытуда. Ай сайын тіпті апта әуелі күн сайын елімізде адам айтса нанғысыз қылмыстар тіркелуде. Көп бөлігінде жасөспірімдер қатары бар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабының
1-бөлігіндн қылмыскер кінәлі деп танылып заңнамаға сәйкес 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы қабылданады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабына сәйкес сотталушы 1 жылға пробациялық жүйе негізінде бақылауға алынып, сотталушыға мінез-құлқының кінәратын анықтауды орындап іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органға тікелей хабар бермей тұрақты тұрғылықты мекен – жәйін бұрмаламау, шектен тыс ойын сауық орындарына бармау, сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғылықты мекенінен шықпау, уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз өзі тұрақты тұратын ауданнан басқа жерлерге бармау міндеті жүктеледі. Еліміздегі белең алып жатқан қылмысьар қатары көбейген сайын заң талаптары да күшейіп келеді.
14-16 жас арасы «өтпелі кезең» деп аталады. Бұл кезеңде балалар кез- келген іске құмар болады. Бірін- бірі үгіттеуге дайын тұрады. Бірін- бірі тартып тіпті ауыр қылмыстық топ құрады. Осының нәтижесінде ата заңымызға қарама- қайшы әрекеттің кесірінен жауапқа тартылып ісі сотқа жөнелтіледі. Жоғарыда аталған мәселелерге сай жас ерекшеліктеріне сай өз жазасын алады. Құқық қорғау органдарының жұмыстарына сай сот орындаушысының шешімімен екі жақтың арыздарына сай қаулы шығарады. Жасөспірім шағын түрме қабырғасында телміріп өткізбеуіне заң да жеңілдңк жасайды. Өз өміріне не бәрі кәмелеттік жасқа толмай жатып балта шабады. Ел ертеңін емес өмірінің ертеңін тар қапаста өткізген ұрпақ келешекте не болады? Келешегі күйзеліс, болашағы бұлыңғыр!
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен құқықтық актілер еліміздің Конституциясына қайшы келмеуі керек екендігін тайға таңба басқандай атап, болашағымызды саналы ұрпақтартізбесіне айналдыруымыз керек.Әрбір азаматтың негізгі құқықтарын тани білуі, өз отанына адал, қоғамға зиян тигізбеуі керек. Конституциямыз тұрғысында адам құқығы мен жекешеленген азаматтың құқықтары мен арнаулы бостандықтары әсте конституциялық құрылымның жүйесін, адамгершілікті,отансүйгіштікті, патриотизмді, денсаулықты, қоғамдағы жалпы адамдардың құқықтары мен заңнамаларда көрсетілген заңды мүдделерін қорғау, жалынды жасұрпақтың қалыптасуы, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғана шектеуге мүмкіндік береді.
Расында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмысы қазіргі таңдағы елеулі және маңызы жоғары мәселе ретінде қарастырылады. Өйткені жасөспірімдердің моральдық, психологиялық және рухани адами құндылығына сай кері ықпал етіп қоғамымыздың даму үдерісін едәуір кенжелетеді. Өз еліміздің болашағын өзіміз ойламасақ, бізді ешкім ойламайды. Олай дейтін себебім әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген мақалдың негізіне сүйене отырып, өз итіміз өзімізді қаппайтын, өз ұлтымыз өзіміздің басымызды шаппайтын халге жетейік. Ата заңымызда келтірілген тараулар мен баптарда жазылған заңнамаларға сай әрекет жасамайтын қоғам қалыптастырайық. Келелі мәселелер парламент мәжілісінде де келтіріліп жатыр.
«Қылмыстың өтеуі- жаза» Қылмыс жас таңдамағанымен қылмыстық істің жазалануы жас талғайды. Қылмыс жасап қыршында қиылған жастарымыз өте көп. Саналы ұрпақ, сапалы қоғам негізін салу алдыға қойған басты міндетіміз. Қылмыскер өз жазасын өтейді. Кәмелетке толмаған жасөспірім балалардың келешегі не болады? Өмір сүру үшін ғана күресетін ұрпақ болары анық. Өз жолын өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмай жатып құртып алады. Әлемнің әр елінің өзіндік қатаң қағидаға негізделген заңы бар. Біздің қоғамдағы жас балалар да заңға қарсы амал жасамай заң шеңберінен аспауы керек. Елдің ертеңі өткен күннен емес бүгіннен басталады. Жасөспірімдердің қылмысы нақтылап қарағанда едәуір тізбектелген функцироналды - институт. Осы тұрғыда кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің шешімін заңды сот орындаушылары да байыппен шешуі тиіс. Заң ең басты қағидалы орган. Жалпылаған қылмыстық жазаны тағайындаудың басты шарты – кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды түзету және қайта тәрбиелеу. Қаншама жазалау амалдары жүргізілгенмен ертең қандай адам болатынын ешкім топ басып айта алмайды. Кәмелетке толмаған жас ұрпақтың санасына адамгершілік, жақсылық пен мейірім сазын сіңдіруіміз керек. Бұл мәселе мемлекеттік мәжбүрлеу органдарының құзырындағы ғана мәселе емес, сол үшін бүкіл жұртшылықпен белсенді алдын алу қызметін жүргізу мәселесін бірінші орынға қоюға ықпал етуіміз керек!...

Пайдаланылған әдебиеттер:


Қарағанды облысының қылмыстық істержөніндегі мамандандырылғанауданаралық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
Г. Каратаева
https://stu d.kz/referat/show/86269
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P02000

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет