Баяндама жас ұрпақ психикасын сақтау мен дамыту- болашақ кепілі



Дата09.07.2016
өлшемі88.92 Kb.
#186983
БАЯНДАМА
ЖАС ҰРПАҚ ПСИХИКАСЫН САҚТАУ МЕН ДАМЫТУ- БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Құдайбергенова Бақтыбала Жексенбековна

Тұрар Рысқұлов ауданы, Т.Әубакіров атындағы негізгі мектебінің педагог-психологі
Халықта «Әуелі – тұқым, сонан соң – күтім» деген асыл сөз бар. Сондықтан ұлттық мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға, тұлғаның өсіп – өнуінің сәтті болуына, рухани күтімге негізделу қажет. Білім – қоғамды тұрақтандыратын рухани мұраны сақтайтын ұрпақты – ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Жөргектен азаматтық жасқа дейінгі тәрбие берудің сабақтастығы желісінде 6 – 10 жасқа дейінгі кезеңді қамтитын, бастауыш сыныптарда берілетін оқу – тәрбие жұмысының мақсаттылығы мен жүйелілігі, ықпалдылығы, келешек азамат болып қалыптауға тиіс адамға зор маңызы бар екендігіне ешкім дау айта қоймас. Балалы болуды мақсат еткенімен, оның тәрбиесіне жеткілікті мән бермейтін ата – аналар баршылық. Әдеміліктің, сұлулықтың, тазалықтың, қайырым – мейірім жанашырлықтың барлығын ең алдымен отбасынан, сонан соң мектептен үйреніп тәрбие алу керек.

Білім берудегі жағдай жаңа типтегі мектеп ашу,білім мазмұнын жаңарту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшелініп қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын,әлеуметтік деңгейдің төмендеуін,отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б келтіруге болады.
Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі мектеп миссиясы тек оқушыларға адамгершілік,коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе, бұл ынтымақтастықты қалыптастыру бастауыш сатыда ерекше орын алады.

Баланың бірінші ұстазы - ата-анасы деп тегін айтылмаған. Бала-бақша болсын, мектеп болсын ең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы, әдеті мен түсініктері бар. Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық. Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы мектепке дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап, атсалысуын қамтамасыз ету.

Көптеген ата-аналардың мектеп өміріне тікелей қатысуында тәжірибесі жоқтың қасы. Бұл мәселені шешуде отбасымен серіктестік пен ынмытақтастықты баланың мектепке бейімделуі кезеңінде жаңа деңгейде құру қажет. Баланың мектептегі өмірінің табысты басталуы-отбасы мен мектептің ортақ әрекетінің нәтижесі. Ата-аналармен ынтымақтастық бастауында серіктестіктің қалыптасуы баланың мектеп өміріне тез бейімделіп, жан-жақты дамуына апарар жолдың негізгісі. Себебі ата-анасының мектеп өміріне белсене қатысуы баланың өзіне деген сенімін арттырып,оқуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз. Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп келеді. «Өзіңді – өзің тани біл» деген Сократ тұжырымының өзектілігі де артып барады. Психология ғылымымен жақсы таныс адам өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас ішкі болмысын танып білуге зор мүмкіндік алады.

Баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін – өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру;

Оқушылардың жеке тұлғасын, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау; Оқушылардың психологиялық денсаулықтарын және сыныптағы оқушылардың әлеуметтік – психологиялық жағдайларын ескеру; «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д. Ушинский көрегендігі педагогикалық іс - әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендігінің дәлелі. Оқушының қабілеттілік деңгейін, зеректігін, зейіннің қасиетін т.б. танымдық аймағын анықтау нәтижесінде психолог мұғалім қолына оқушының мүмкіндігі туралы құнды деректер береді: білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды; ұжымдағы өзара қарым- қатынас типтерін реттейді; топтағы психологиялық ахуалды байқап, бірқалыпты жағдайды ұстап отыруға жағдай туғызады; Оқушылардың ақыл – ой деңгейінің дамуын жиі түрде және ертерек бақылауға алу қажеттілігі психологиялық практикада негізделген. Мектепте психологиялық қызметтің ең бірінші міндеті ақыл – ой деңгейінің даму диагностикасы болып табылады, бұл жағдайда оқушының ойлау қабілетінің дамуы жыл бойы бақылауда болады, белгілі бір интеллектуалдық даму функцияларына коррекция жасалады. Оқу тәрбие үрдісі негізінде баланың жеке басының дамуы зерттеледі. Осы бағыттағы мектепте психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі: баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін – өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру; оқушылардың жеке тұлғасын, интеллетуалды қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау; оқушылардың психологиялық денсаулықтарын және әр сыныптағы оқушылардың әлеуметтік – психологиялық жағдайларын ескеру; оқушылар, мұғалімдер және ата – аналармен жеке, топпен кеңестер өткізу. Мектепте атқарылатын негізгі іс – әрекеттерінің түрлері: Психодиагностикалық жұмыстар: таным процестерін диагностикалау, мінез ерекшеліктерін зерттеу, жеке қабілеттерін анықтау, қарым -қатынас ауқымын зерттеу, баланың әлеуметтік жағдайын, анатомиялық – физиологиялық дамуын зерттеу. Психокоррекциялық жұмыстар: жеке, топтық, тренингтер, психотерапиялар, түзете -дамыту сабақтары, психоойындар, психогимнастикалар.  Психопрофилактикалық жұмыстар: тақырыптық кештер, тренинг – сабақтар, сайыстар, консилиумдар, лекциялар, практикум – лекция, спорттық жарыстар.  Психоконсультациялық жұмыстар:  жеке және топтық -кеңестер, практикум – лекция, лекциялар.  Психологиялық қызмет ең бірінші кезекте гимназиядағы білім баспалдағының қазыналы тұтқасы болу үшін, баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын дұрыс айқындауға бағытталады.

Мектептегі психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі – баланың психикалық саулығын яғни, жан – дүниелік, физиологиялық дамуын және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру болып табылады.



Қорыта келе, мектеп үшін психологиялық қызмет жұмысының мәні ерекше, әсіресе мемелекетіміздің күш қуаты дамыған заманда бала ерекшеліктеріне мән беру, дарындылығына жол ашу, дамыту, ой – өрісті өркендету кезеңі болмақ. Психологиялық қызметті  жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде, өзін – өзі таныған адам ретінде биікке көтеріле алатын, өз ұлтының қадір – қасиетін сақтай да, ұстана білетін,  өз жетістігін және кемшілігін білетін, өз жұмысын жан – жақты талдау жасай білетін, жұмыс жасау қабілеті жоғары, табандылық, ойлылық, тапқырлық қасиеттері  қалыптасады.

Балабақшадан мектепке қабылданған кез-әр баланың өмірінде күрт өзгеріске толы кезең. Баланың психикалық жетілуіндегі маңызды қортынды оның мектепке қаншалықты дайындығында жатыр.Себебі үйреншікті әдеттері мен әрекеттері өзгеріске ұшырайды, жаңа әлеуметтік жағдайларға тап болып, оған бейімделе бастайды. Өзінің жаңа қалып-жағдайын ұғыну,түсіну қиындыққа соқтырады. Осыдан болар мектеп пен бала-бақша арасындағы сабақтастық, біріге әрекет етудің маңыздылығы туындайды.

«Өзін өзі тану» пәні балабақшадан жүргізілетіндіктен, бағдарлама бағыты, мақсаты ата-аналармен бірлесе жұмыс істеуге бағытталған. Бұл пәннің өзгелерден ерекшелігі балаларды жақсылық жасауға, неғұрлым адамшыл болуға, өмірді бағалауға үйретеді, осындай қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі кезде ата-ана өзінің баласының бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуын қалай жүзеге асыра алады? Ең бастысы өз баласымен үздіксіз терең байланыс. Нақ осы байланысты сезіну және бастан кешу, балаға ата-анасының махаббаты мен өзінің маңыздылығын, қажеттілігін түсінуіне мүмкіндік тудырады. Ал осы байланысты сақтаудың негізі бала өміріндегі өзгерістермен шынайы қызығу,оның таңдауы мен қалауына шынайы қызығушылық таныту, қолдау. Кейде отбасында байқалмайтын баланың жаңа тұстары мектеп қабырғасында байқалып, ашыла түседі немесе керісінше біз жиі ата-аналардан естіп жатамыз: Үйде сайрап тұрады, не үйде маған тамаша айтып беріп еді, деп. Сондықтан отбасы мен мектептің серіктестігі дамуға бағытталған әрекеттер арқылы ұштастырылуы қажет. Ең алдымен ата-аналарға өзін-өзі тану бағдарламасының жалпы философиясын, көздеген мақсатын түсіндіруде «Барыңды балаға арна», «Болашақ бүгіннен басталады», «Баланың басты ұстазы- ата-ана» атты конференциялар мен дөңгелек столдар өткізу арқылы пәннің бүгінгі таңда қажеттілігі айқындалады.Ата-анлардың пікірі мен ұстанымын,қажеттілін тануда психологиялық тренингтердің,сауалнамалар мен рольдік ойындардың маңызы зор. Осы әдістер арқылы ата-аналар ашық пікірлесуге,өз ойын жеткізуге,бала тәрбиесіндегі қажетті тұстарды түсінуге үйренеді. Бір-бірімен сенімді байланыс орнатып, ортақ мақсатқа жұмыла әрекеттенуге бейімделеді.
Бұл бағдарламаны іске асыруда түсінгенім, ең бастысы ата-аналарды баланың жанын түсінуге, олардың арман-мақсатының іске асуына жетелеуге үйрету, баланың өз өміріндегі қаншалықты маңызды екенін үнемі дәлелдеп отыруы екен. Сондықтан ата-аналармен өткізілетін шаралар барысында (жиналыс,конференция,семинар, тренинг,ақыл-кеңес, кездесулер) өздерінің балалық шақтарымен салыстыруға мүмкіндік беру. Мысалы: «Менің арманын қаншалықты орындалды?» атты пікірлесу сағаты. Әрбір ата-ана балалық шағында нені армандады,сол арманы қаншалықты орындалғанымен бөліседі. Оған қалай қол жеткізді,себебі неде деген сауалдарға жауап бере отырып, қазіргі таңда өз баласының арман-тілектерін ескере ме екен,оның орындалуына қалай әсер етуде, деген сауалдар ата-ана тарапынан қызығушылық танытары анық. Көне нақыл былай дейді: Мен естісем-ұмытамын. Мен көрсем-есте сақтаймын. Мен орындасам- түсінемін, яғни адам өз басынан өткізіп, әрекет етсе ғана мағынасын түсініп, бойына сіңіреді. Отбасымен жұмыстың қалыптасқан әдістерімен қатар,мектебімізде жүйелі түрде өткізілетін отбасымен серіктестік әрекет түрлері де бар. Отбасының әлеуметтік, тұрмыс, мәдени деңгейін, жұмыс ерекшелігін ескере отырып әлеуметтік портретін құру.

  1. Ашық есік күндері өткізілетін шаралар арқылы әр ата-ана баласының жетістіктерін байқай отырып, мүмкіндіктерінің, мінезінің қыр-сынып тани бастайды. 

  2. Мерекелер мен шараларды өткізуге қатыстыру 

  3. Бақшадан мектепке келерде әр баланың даму картасы болады. Картада оның физикалық,психологиялық,ақыл-ой дамуының деңгейі. 

  4. «Денің сау болған керемет!» атты сыныптар арасындағы спорттық сайыс.Ата-аналар балаларының дене дайындығын ғана байқап қоймай,өздерінің де қабілеттерін көрсету арқылы жақсы эмоционалды байланыс орнатады. «Арулар,аяулылар», «Аяулы әже,инабатты немере» сайыстары отбасылық дәстүрді жаңғыртып, отбасыменсеріктестікті нығайтады.

  5. «Дарындыға дархан жол» атты ата-аналар алдындағы есеп концерті “Бұл шара оқу жылының соңында эстетикалық, қолданбалы, спорттық, әскери, танымдық, ақпараттық бағыттағы қосымша үйірмелер өздерінің жыл бойғы жұмысының қортындысын көрсете отырып, оқушылардың білім-тәрбие саласындағы жетістіктері паш етіледі.

  6. “^ Ата-аналарға арналған бұрыш ”. Бұрышта ата-аналарға баланың психикалық, дене, дамуындағы, жас ерекшеліктеріндегі өзгерістер, ескерілетін жағдайлар бойынша кеңестер мен сұрақ-жауап айдары жұмыс жасайды. Адамгершілік-бұл ата-ана мен баланы сақтайтын бекет,біріншісін реніш пен өкініштен сақтаса,соңғысын ар-ожданы алдындағы азаптан сақтайды. 

Мектеп тек оқу мен жазуға үйрететін орта емес,тек білім беріп қана қоймай, ең алдымен әр баланың жас ерекшелігіне сай танымдық, адамгершілік, жеке дара ерекшеліктерінің уақытында дамып,қалыптасуына ықпал ететін орта екенін ата-аналарға түсіндіру қажет. Ата-аналар жиналысын “Балаға деген адамгершілік қарым-қатынас деген не? ” тақырыбына арнау . «Адам көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымының өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі» деген екен Абай атамыз. Ойлап отырсақ, осы ойлар бала ата – анасына, өң бойына сапалы білім мен өршіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел туын берік ұстауда мұқалмай жастарды тәрбиелейтін, ұстаздарға арнап айтқандай сезіледі. Еліміздің бұдан былай да көрікті де, сәулетті, ауқатты да бақытты болуы жолында балаларға барлық «Жан жылуын» берген, олардың санасына ізгілік нәрін сіңірген мұғалім есімі әр бір оқушының мәңгілік есінде қалатындай істер атқару керек. Сөзімнің, ойымның тоқетерін мына мысал әңгімемен аяқтағым келіп тұр. “Бір жас жігіт түсінде дүкенге келіпті. Дүкеннің сатушысы қарт адам екен. Жас кісі бірден мынадай сұрақ қойыпты: “Мырза, Сіз не сатасыз? Дүкеніңізде не бар?” Қария: “Сізге не керектің барлығы бар, қалауыңызды сұраңыз” – депті. Жас жігіт былай деп тізе бастапты:“ Мен әлемнің біртұтастығын, тыныштық пен бейбітшілікті, кедейшіліктің жойылуын, сүйіспеншілік пен діндер арасындағы келісімді, әйелдер мен ерлер арасындағы тепе – теңдікті қалаймын, сонымен қатар...» Сол кезде данышпан қария оны тоқтатып: “Кешіріңіз , Сіз мені дұрыс түсінбепсіз. Біз жеміс сатпаймыз, тек тұқымын ғана сатамыз”, – депті. Ендеше алдарымыздағы жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтардың тұқымын сеуіп қана қоймай, оның жайқалып өсуіне де жағдай жасайық!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев .Психология және педагогика

2.З.У.Успанова.Өзін – өзі бағалау және «МЕН» тұжырымдамасы

3.Ж.С.Нысамбаева. Ата – ананың ынтымақтастығы.

4.М.Е.Демеуова.Тәрбие бағдарламасы

5.С.М.Жақыпов, Ф.А.Бизақова.Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар

6.«Мектептегі психология» республикалық журналы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет