Кентау қалалық мәслихатының шешімі
28 маусым 2013 жыл №100
Кентау қаласының ауылдық
елді мекендеріне жұмыс істеу және
тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына 2013 жылы көтерме
жәрдемақы және тұрғын үй сатып
алу немесе салу үшін әлеуметтік
қолдауды ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің 2-тармағына және қала әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2013 жылы бiр маманға жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Е.Жұмашев
Қалалық мәслихат хатшысы К.Сырлыбаев
ОҚО әділет департаментінде 2013 жылдың 16 шілде 2325 нөмірімен тіркелген
Решение Кентауского городского маслихата
28 июня 2013 год №100
О предоставлении в 2013 году
подъемного пособия и социальной
поддержки для приобретения или
строительства жилья специалистам
здравоохранения, образования,
социального обеспечения, культуры,
спорта и ветеринарии, прибывшим для
работы и проживания в сельские
населенные пункты города Кентау
В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года №183 и заявлением акима города, Кентауский городской маслихат РЕШИЛ:
1. С учетом потребности в специалистах сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Кентау, предоставить в 2013 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя на одного специалиста.
2. Бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья для специалистов предоставляется сроком на пятнадцать лет; ставка вознаграждения по кредиту устанавливается в размере 0,01 % годовых от суммы кредита.
3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
Председатель сессии
городского маслихата Е.Жумашев
Секретарь городского
маслихата К.Сырлыбаев
Зарегистрировано в Департаменте юстиции Южно-Казахстанской области 16 июля 2013 года за №2325
Достарыңызбен бөлісу: |