«Кешегі, бүгінгі, ертенгі Қазақстан»



Дата07.01.2024
өлшемі13.6 Kb.
#488623
Документ


«Кешегі , бүгінгі , ертенгі Қазақстан»
Қазіргі кезде , халқымыз ашық аспанды әрі, бейбітшілік елде өмір сүріп жатыр. Бірақ осыған жету үшін ,кешегі күніміз қандай болған және ертеңгі күніміз қандай болмақ?
Бүгінгі Тәуелсіз елде өмір сүру - кешегі ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біздің хандарымыз бен батырларымыз еліміздің қаны үшін ,жеріміз үшін, намысты еш уақытта қолдан бермеген. Ал "еліміздің ертеңі - жастардың қолында " . Осыған орай , біз Елбасының сөзін қолдап , ұдайы алға ұмтылып, сабағымызды жақсы оқып, еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек. " Білім мыңды жығады " деген мақал бар. Сондықтан да ертеңгі күнімізде , өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек.
Негізі " Қазақ елі - ғажап ел " . Себебі біздің елімізде кешеден бері төбесі көкке тірелген таулары, орман-тоғайлары, асу-асу белдері , қойнауы , алтын астық пен малға толған кең жазира даласы, ержүректі батырлары мен білімді адамдары толып жатыр. Сонымен қатар біз ұлан байтақ даладамызда қанатын кеңге жайған, табиғаты әр алуан жануарларға толы, аққулы көлдері, тулаған толқынды теңіздері мен әсем қалалары бар , достығы жарасқан көпұлтты мемлекетпіз. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Сондықтан қазақтың жүрегі тоқтамасын деп айтқым келеді.
Қорыта келгенде, Қазақстан — мен үшін "мәңгілік ел " . Оның дамуы үшін , әрбіріміз оған септігімізді тигізіп , пайда әкелейік !

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет