«Жүрегім толы мейірім» атты облыстық қайырымдылық акциясы ережесі Жалпы ережелер



Дата27.09.2023
өлшемі0.56 Mb.
#478838
жүрегім толы мейірім акциясы23 - копия (1)





ОЭБО 2023 жылғы «_____»________
1 – қосымша


«Жүрегім толы мейірім» атты облыстық
қайырымдылық акциясы ережесі


Жалпы ережелер
1.1.« Жүрегім толы мейірім» облыстық байқауының өткізу ережесі оның мақсатын, өткізу тәртібін анықтайды.
1.2.Акцияның мақсаты: туған жер табиғаты туралы білімді арттыру, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау.
1.3.Акцияның міндеттері:
- Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру;
- өскелең ұрпақты азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу;
- оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа баулу;
- шығармашылыққа, өнерге тәрбиелеу.
2.Акцияға қатысушылар
2.1.Аудан, қала бойынша облыстық 64 экомектеп және 36 экобалабақша жобасына енгізілген мекемелер.
3. Өткізу тәртібі және шарттары
3.1. Акцияда мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер күзгі сенбіліктер, экологиялық мастер класстар, табиғатқа саяхат, қалдықтан жасалған көрме өткізеді. Өткізілген акцияның барлық жұмыстарын Облыстық білім басқармасы және облыстық экологиялық –биологиялық орталығының парақшаларын белгілей отыра #БҚОбілімбасқармасы#ОЭБО#25қазанреспубликакүні
#экомектеп#экобалабақша хэштегтерімен фейсбук, инстаграмм парақшаларына жариялау қажет. Акция қашықтықтан өткізіледі.
4. Қорытындылау және марапаттау
«Жүрегім толы мейірім» атты облыстық қайырымдылық акциясы бойынша үздік жарияланған жұмыстар Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының грамоталармен марапатталып және балалар хайуанаттар бағына тегін экскурсиямен қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет