Кәсіпорынның баланс мәліметтері негізінде банкрот болу ықтималдығын талдау
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы САҒЫНАЕВА М.С.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. ҚР-ң «Банкроттық туралы» 21.01.1997 жылғы № 67-1 (өзгертулерімен) Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың , міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі.
Банкроттық кәсіпорынның өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туыннндайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық , ақша , несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Механизмнің негізгі элементтері келесілер:
-
банкроттықты құқықтық реттеу;
-
кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
-
перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
-
қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
-
банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
-
кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
ҚР-Ң «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық , борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал, еріксіз түрде, кредиторлардың немесе «Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады. Кәсіпорынның банкроттығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік береді. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін сепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім- шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, дабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді.
Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Талдауды жүргізу отра мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негіздғлуі керек. Шетел тәжірибесінде объект үшін бизнес- жоспарды болжаудың экономикалық көрсеткіштері 3-5 жылға жасалады.
Талдаудың бастапқы кезінде, қаржылық- шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданылатын бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізгі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда 2 жағдай қарастырылады:
-
шаруашылық қызметтің тәуекелі;
-
болжаудың тәуекелі.
Тәуекелдің 1- түрі іскер қызметкерлердің, эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің 2- түрі шет елде және Қазақстанда жиналған стәжірибені қолдану арқылы , сонымен қатар көп вариантты есептеулер жолымен төмендетуге болады.
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық-шаруашылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілі бар:
1. несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
2. формаланған және формаланбаған белгілер жүйесі;
3. төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
4. қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Жалпы әлемдік тәжірибеде кәсіпорындардың тұрақтылығын болжау, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық- математикалық модельдер қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдығын ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Альтман ұсынған Z модельдері[25,2226]. Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы 2 факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді:
1. кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті немесе өтімділік коэффициенті;
2. қаржылық тәуекелділік коэффициенті.
Егер, нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал, егер нәтиже оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдығының жоғары екенін көрсетеді.Ол үшін келесі коэффициенттер қолданылады:
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті үшін , К – (- 1,0736)
2. Баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін, К – (+0,0579)
3. Тұрақты шама - (- 0,3877)
Z есебінің формуласы келесідей:
Z = - 0,3877 + Ктл * ( - 1,0736 ) + Кз * 0,0579 (20)
К тл – ағымдағы өтімділік коэффициенті = ағымдағы активтер : ағымдағы міндеттемелер
Кз – қаржылық тәуелділік коэффициенті = заемдық қаражаттар (міндеттемелер) : баланс валютасы
Z= 0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50 % тең.
Z< 0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50 % кем болады және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді.
Z > 0 болса, опда банкроттық ықтималдығы 50% асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Модельдің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын жайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып табылады.
Бірақ берілген модель банкроттықты болжауда жоғары дәлділікті қамтамасық етпейді, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайына басқа маңызды көрсеткіштердің ( табыстылық активтердің берілуі, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі) әсерін есепке алмайды.
«Нұр-Ди Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде банкротттық ықтималдығын төмендегі кесте түрінде қарастырайық.
Бұл есептеу «Нұр-Ди Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін банкротқа ұшырау ықтималдығы 50 пайыздан аз болып отыр, бірақ кәсіпорынға алдағы 5 жылдыққа табыстың көзі мен көлемін қалай көбейту керек екенін анықтап болжау жасау қажет. Өйткені табыстың мөлшері азайып, рентабельділік деңгейде азайып кетті 1,05 пайыздан 0,96 пайызға азайып кетті.
Кесте 1
Z екіфакторлық моделі бойынша банкроттық болжауды талдау
№
|
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Өзгерісі (+/-)
2014/2013
|
2013
|
2014
|
1
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
0,85
|
0,71
|
-0,14
|
2
|
Қаржылық тәуелділік коэффициенті
|
0,81
|
0,78
|
-0,03
|
3
|
Z-банкротқа ұшырау көрсеткіші
|
-1,2534
|
-1,1048
|
+0,1486
|
4
|
Банкроттық ықтималдық
|
50%
|
50%
|
-
|
Ескерту – бухгалтерлік баланс мәліметтерінен алынған
|
Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің елімізде инфляция қарқыны макроэкономикажәне микроэкономика циклдері, сонымен қатар өндірістің энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі деңгейі, салық ауыртпалығы басқаша. Осыған байланысты айтылған коэффициентерді бірден пайдалану мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін нарыққа сәйкес келетін көрсеткіштермен алмастырып қолдану қажет.
Сонымен қатар, дамыған елдерде банкротқа ұшырау мүмкіндіктерді Э.Альтманның көпфакторлық моделін ұсынады. 1968 жылы бесфакторлық модел болжамы ұсынылды. Осындай корсеткіштер бойынша 22 аналитикалық коэффициенттер қарастырылып, банкротқа ұшырау себептерін анықтап берген.
Э.Альтман моделі төмендегі формула бойынша есептелінеді.
Z = 1,2хК1+1,4хК2+3,3хК3+0,6хК4+1,0хК5 (21)
Осы формулада, К1-К5 көрсеткіштері төмендегі формула бойынша есептелінеді:
К1 =Меншікті айналым құралдары:Барлық активтер
К2 = Бөлінбеген табыс:Барлық активтер
К3 = Салық салғанға дейінгі табыс:Барлық активтер
К4 = Меншікті капитал:Барлық тартылған қаражаттар
К5 = Сатудан түскен табыс:Барлық активтер
2013 жылы осы көрсеткіштерді есептеп көрейік:
К1 (2013) = 29907:154939 = 0,193
К2 (2013) = 29709:154939 = 0,192
К3 (2013) = 500:154939 = 0,003
К4 (2013) = 29907:3361 = 8,898
К5 (2013) = 77386:154939 = 0,499
2014 жылы осы көрсеткіштерді есептеп көрейік:
К1 (2014) = 30457:136753 = 0,223
К2 (2014) = 30340:136750 = 0,222
К3 (2014) = 688:136759 = 0,005
К4 (2014) = 30457:2955 = 10,307
К5 (2014) = 78564:136759 = 0,574
Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, төмендегі кестені құрастырайық.
Кесте 2
Банкротқа ұшырау мүмкіндігін талдау
№
|
Z-ң мөлшері
|
Банкротқа ұшырау мүмкіндігі
|
2013
|
2014
|
1
|
1,81 және одан төмен
|
өте жоғары
|
-
|
-
|
2
|
1,81 мен 2,70 аралығында
|
жоғары
|
|
-
|
3
|
2,71 мен 2,90 аралығында
|
мүмкіндігі бар
|
-
|
-
|
4
|
3,0 және одан жоғары
|
өте төмен
|
6,3481
|
7,3531
|
Ескерту – 2013-2014 жылдар аралығында бухгалтерлік баланстан алынған
|
Демек, 2013 жылы «Нұр-Ди Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің банкротқа ұшырау мүмкіндігі 1,81 мен 2,70 аралығында жоқ болып отыр. Ал 2013 жылы 6,3481 тең болса, 2014 жылы оның көрсеткіші 7,3531 тең болып, банкротқа ұшырау мүмкіндігі өте төмен болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |