Кескіш апараттағы сегментер мен қарсы пластиналар арасындағы саңылауды реттеу. Екі өткірленген жүздері бар сегментер1пышақтың көмірленген болаттан жасалынған ұзын жолақты білеуіне 3 шегенделген



Дата28.01.2022
өлшемі113.96 Kb.
#454913
Кескіш апараттағы сегментер мен қарсы пластиналар арасындағы саңылауды реттеу


Кескіш апараттағы сегментер мен қарсы пластиналар арасындағы саңылауды реттеу. Екі өткірленген жүздері бар сегментер1пышақтың көмірленген болаттан жасалынған ұзын жолақты білеуіне 3 шегенделген. Білеуге пышақтың бұлғағы мен біріктіруге арналған бастиек шегенделген. Саусақты брус 5 айнымалы кескінділі болатты жолақтан жасалынған, оған саусақтар 8 (27 дана) бекітіледі. Саусақтардың жиектерінде кесу кезінде шөптің аппаратан тайғанақтауына жол бермейтін кертіктері бар болаттан жасалынған қарсы кескіш пластиналар (төсемдер ) 7 шегенделген. Брусқа (білеуге) пышақтың ішпектерінің көтерілуіне жол бермейтін жеті қысқыш табандар 2 бекітілген. Жұмыс кезінде қысқыш табандар сегменттерге саңылаусыз тығыз жатуы тиіс . Шөптің кесілуі сапалығы сегмент пен ішпек арасындағы саңылауға байланысты. Олардың арасында қаншада бір айтарлық саңылаудың болуы шөптің қисаюына және оның сегмен пен саусақ арасында созылу ына әкеледі, бұл кескіш аппараттың кептелуіне және кесу күшінің күрт артуына және оның жетегіне күштің түсуіне әкеледі. Сабақтар биік кесіледі (жұлынады) немесе тіптен кесілмей қалады. Саусақ ішпегінің бүкіл ұзына бойына саңылаудың болмауы сегментер мен ішпектердің тез желінуіне және үйкеліс күшінің артуына әкеледі. Ең шеткі «өлі» пышақтың қалыптарында сегменттер мен ішпектер алдыңғы жақтарында бір-біріне жатуы, ал артқы жақтарында өз аралық саңылау 1 мм–ге дейін (щуппен тексеріледі) болуы керек. Қажет кезде саусақтар мен қысқыш табандарды түзулейді. . Саусақты брустың түзу сызықтығын реттеу. Саусақты брусты төмендете иіп пунктир сызық) жасап дайындайды. Жұмыстық қалыпта ол түзу бір сызықта болуы керек. Бұған тартқыштың звеносыныі 8 ұзындығын өзгертіп мақсатқа жетеді. Түзу бір сызықтығын тексеру үшін брустың үстіңгі артқы қабырғасы бойымен шнур (бау) тартады. Егер бау қабырғамен сәйкес келмесе сонда төмен иілімде звеноның резбалы үшін құлағының 9 бұрап кіргізіп қысқарту керек. Бұл кезде брус жоғары майысады Реттеу кезінде звеноның ұзындығы өзгерту сыртқы байпаққа түсетін қысымның артатынын да еске сақтау керек. . Шөп шапқыш тау беткейлерінде жұмыс істеу үшін қайта жабдықтау. КСГ -2,1 шөп шапқышы егістегі 20-қа дейінгі таулы –қырлы беткейлерде жұмыс істейді. Ол КС 2.1 аспалы жазықтық шөп шапқышын төмен көрсеткіштік тракторларда контр жетегіне кескіш апаратты 255 мм оңға шығаруға мүмкіндік беретін (Т - 25 тракторының кеңейтілген колеясына байланысты) асуға арналған арнаулы құрылғысының болуымен ерекшеленеді. . КС -2,1 шөп шапқыш ын тау беткейлік модификациясына қайта жабдықтау үшін тракторға ҚАБ-нің ұзартқышын орнатады, ұзартқыштың флансине контр жетек 5 (10-сурет корпусын бекітеді. Контржетек шынжырын контржетектің жетектегі жұлдысша сының 6 экцентрикалық осьінің 8 көмегімен тартып келеді. Трактордың үстіңгі тартқышының бекітілме кронштейннің орнына арнаулы брусты 3 қояды, оған трактордың аспалы жүйесінің жоғарғы тартқышының алдыңғы ұшы бекітіледі. Шөп шапқыштың сол және оң остеріне тиістінше аспаның сол және оң телескопиялық брустары орнатылады , олар трактордың аспалы жүйесінің астыңғы тартқыштарына қатылды бекем бекітіледі. Брустардың телескопиалық құрылымы КС–2,1 шөп шапқышының қапталдық тербелістерін жою үшін , оның рамасын аспалы жүйесінің астыңғы тартқыштарын блакировкалау кезінде қысуға мүмкіндік береді. Көтеру механизмінің алдыңғы рычагін Т – 25 тракторымен жұмыс істеуге арналған көтеру планкасының тесігімен жалғайды.

Тракторлардың түзу сызықты қозғалысына салыстырмалы қарап, кескіш аппараттың қалпын реттеу. Кескіш аппарат жұмыс кезінде агрегаттың қозғалысының ағытына перпендикуляр жылжу қажет және шөпті бүкіл қамту ені бойына ору керек. Тек осындай кезде ғана сегменттердің оң және сол жүздеріне күш бірдей түседі. Эксцентрикалық втулкамен ішкі байпақтың топсасындағы алдыңғы және артқы темір өзектерінің тесіктерінің желінуін нәтижесінде аппараттың сыртқы ұшы артқа кетеді. Бұл кезде пышақтың оңға қозғалғалыс сызығы горизанталь сызықтан ауытқиды, және бұлғақ жақтан пышаққа қосымша қапталдық кұш әсер еттеді. Бұл пышақтың оңға қозғалғанда, оның арқалығының саусақ мұртшаларына және солға қозғалғанда, үйкеліс пластинкаларына соққылар туғызады, яғни үйкелістегі детальдардың желінуі айтарлықтай артады. Егістікке шығар алдында шеткі оң жақтағы саусақтың тұмысын сол жақ шеттегі саусақтың тұмсығына қарағанда 20 мм/м саусақты брустың ұзындығымен алғанда, алға шы ғарылады. Бұл үшін отвестің көмегімен бұлғақ ортасының екі шеткі нүктелердегі көкжиек жазығындағы проекциясын табады. Бұл сызыққа дейінгі шеткі саусақтардың тұмсықтары арасындағы қашықтықтарды өлшейді. Ұзындығы 2,1 м брус үшін үшін оң және сол саусақтар арасындағы қашықтық айырмасы 40-55 мм болу керек. Қажет кезде шпренгельдің 4 (10-сурет) ұзындығын оймада бекітілген бастиектің көмегімен өзгертеді. Егер шпренгельдің ұзындығымен сыртқы байпақтың қажетті шығарылуын ала алмасаң, онда эксцентрикалық (болтты) тылканың 2(5 ші сурет солға бұрап , оны болтпен 5 бекітеді . Әдетте эксцентрикалық втулканы 2 құтамойынның (цапфаның ) желінуінде және ішкі байпақ топсасындағы тесіктердің пайдалануынан туған өңделуден кейін қолданады. Кескіш аппараттағы тықыл пышақ арқалығы 3 мен үйкеліс пластинасы 4 арасындағы үлкен саңылаудан туындайды. Саңылауды азайту үшін саусақты бекітетін болтты 6 босатып, овалды тесіктері бар үйкеліс пластинкасын осы болттың астына жылжытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет