Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы №71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына Салыстырмалы кесте



Дата28.06.2016
өлшемі104.66 Kb.
#163681
түріСтатья


«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

Салыстырмалы кесте




р/с

Құрылымдық

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Енгізілетін өзгерістердің негіздемесі

«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



Тақырыпша

Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы»


«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»


«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту жатады. Статья дополнена подпунктом 8 в соответствии с Законом РК от 28.12.10 г. № 369-IV



Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары

1.Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесi

 

1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібін айқындайды.



2. Осы Ережеде «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңында көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ақылы автомобиль жолын және көпір өткелін пайдалану - автомобильдердің және басқа көлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және автомобиль жолдарының және көпір өткелдерінің пайдалану кезеңінде талап етілетін техникалық деңгейі мен көліктік-пайдалану жай күйін ұстау;

пайдаланушы - ақылы автомобиль жолдарын және (немесе) көпір өткелдерін пайдаланатын концессионер;

уәкілетті орган - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган.ҚР Үкіметінің 2008.22.09. № 872 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттарға жауап беруі тиіс: көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз ете отырып жоғары сапалы жүріп өту және оларға бүкіл жол бойы жоғары сервистік қызмет көрсету.ҚР Үкіметінің 2008.22.09. № 872 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешім Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қабылданады.

3. Ақылы автомобиль жолын немесе көпір өткелін пайдалану пайдаланушының көгалдандыруды, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуді қоса алғанда, оларды жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуін, сондай-ақ автомобиль көлігінің толассыз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуді көздейді.

4. Ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдалану жөніндегі барлық іс-шаралар уәкілетті органмен бекітілген Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды жіктеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

5. Ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдалануды бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

6. Ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдалану кезінде пайдаланушы көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

қысқы кезеңде жолдарды және жол құрылыстарын қардан тазартады және төсемнің тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;

автомобиль жолдарын пайдаланушыларды қауіпті метеорологиялық құбылыстар (көктайғақ, тұман, күшті жел, бұрқасын, қар көшкіні), табиғи (жер сілкінісі, сел тасқыны, су басу, көшкін, дауыл және т.б.), сондай-ақ техногендік (көлік авариялары, апаттар, жарылыстар, өрт, улы заттар тараған авариялар және т.б.) сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді;

қауіпті метеорологиялық құбылыстар, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, автомобиль жолдарының немесе олардағы құрылыстардың көтеру қабілеті жоғалған кезде, жол-жөндеу жұмыстарын, бұқаралық және спорттық іс-шараларды жүргізу кезінде қозғалысты шектейді немесе тоқтатады;

қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жояды;

жол полициясы органдарымен өзара іс-әрекет ете отырып оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасайды;

байланыс желілері мен жол бойындағы автосервис пункттері желісінің дамуына ықпал етеді;

авариялар, автомобиль апаттары, табиғи зілзалалар жағдайында мүмкін болатын дәрігерге дейінгі медициналық жәрдемді қамтамасыз етеді және қозғалысқа қатысушыларды құтқару жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы жол жағдайына байланысты болса, қызметтік тексеру жүргізеді;

көлік ағыны құрамының, жүйелілігінің және жүк тасу қауырттылығының есебін жүргізеді.

7. Жүріп өту үшін төлемді пайдаланушы ақылы автомобиль жолдарына және көпір өткелдеріне кіру немесе одан шығу кезінде автомобиль көлігінің ең аз кідірісін қамтамасыз ететін жүріп өту үшін төлем жасауға арналған арнайы құрылғылармен жарақталған арнайы жабдықталған пункттерде алады.

8. Жүріп өту үшін төлем бақылаушы-кассирге немесе автоматты құрылғы арқылы қолма-қол ақшамен, сондай-ақ кредиттік немесе абонементтік карточкалардың көмегімен жүргізілуі мүмкін. Жүріп өту үшін төлемді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша алуға жол беріледі.ҚР Үкіметінің 2008.22.09. № 872 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

9. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін жүріп өткені үшін төлем Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен белгіленген ставкалар бойынша алынады.ҚР Үкіметінің 2008.22.09. № 872 Қаулысымен10-тармақпен толықтырылды

10. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жеңілдіктер көзделген автокөлік құралдары ақылы, соның ішінде концессияға берілген автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады.ҚР Үкіметінің 2008.22.09. № 872 Қаулысымен 11-тармақпен толықтырылды

11. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтата тұрылады.



1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпірлі өткелдерді пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2007 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және ақылы автомобиль жолдарын басқару бойынша заңды тұлғаларға және/немесе концессионерлерге пайдалануға берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда, Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) көпір өткелдері – көпір, көпірге кіреберіс, реттегіш және қорғану құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені;

2) ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;

3) ақылы автомобиль жолдарын басқару бойынша заңды тұлға (бұдан әрі –заңды тұлға) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және қызметінің мәні жол қызметін жүзеге асыру болып табылатын акционерлік қоғам;

4) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысының қатысушылары болып табылатын немесе автомобиль жолдарының бөлінген белдеуі мен жол бойындағы белдеу шектерінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

2. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану

қағидалары мен шарттары

3. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды заңды тұлғаның және/немесе концессионердің уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ақылы автомобиль жолдары сенімгерлік басқаруға және пайдалану үшін берілген заңды тұлға және/немесе ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында концессионер:

1) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;



2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;

3) жол полициясы органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы - климаттық жағдайлары, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары жүрісін шектейді және тоқтады;

4) дүлей метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жояды;

5) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол-көлік оқиғаларына есеп жүргізіп, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдап, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

6) көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз ету арқылы жүріп өтудің жоғары сапасын және барлық ұзақтықта жоғары сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

7) жол қозғалысына қатысушыларды құтқару, жол – көлік оқиғалары, авариялар, дүлей апаттар жағдайларында оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;

8) жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тергеуге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы ілеске жол жағдайларына байланысты болса, қызметтік тексеру жүргізеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамысына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді;

10) жол қозғалысын ұйымдастыру техникалық құралдарын (қоршаулар, жол белгілері, жолды белгілеу, бағыттайтын құрылғылар, жарықтандыру желілері, бағдаршамдар, қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелері) орнату мен жөндеуді қамтамасыз етеді.

11) қажетті ақпараттық - коммуникациялық желілерге қосу арқылы автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі үшін өлшеу құрылғыларын, жабдықтарды орнату және бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақыны алуды қамтамасыз етеді.

5. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін күтіп ұстау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

6. Автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін күтіп ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында оларды визуалды тексеру күн сайын жүзеге асырылады.

7. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалануға бақылауды автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.





«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында ақылы автомобиль жолдары (көпірлер, өткелдер) құрылуы мүмкін.

Көрсетілген заңның 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту жатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы №71 қаулысымен бекітілген ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесінің қолданыстағы редакциясы концессионер есебінен оларды пайдалану кезеңінде Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдалану тәртібін анықтайды, ал концессияға берілген мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын пайдалану тәртібін реттемейді.

Осыған байланысты «Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына



өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленген.




Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрі А. Жұмағалиев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет