Кіріспе. Автокөлікті жөндеудің мақсаты мен мазмұны
Автокөлікті пайдалану үдерісінде оның жұмыс істеу қасиеттері бөлшектерінің тозуы себебінен, сонымен қатар олар дайындалған материалдың жемірілуі мен шаршауынан біртіндеп нашарлай бастайды. Автокөлікте техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен жөндеуде қалыпқа келтірілетін жарамсыздықтар мен ақаулықтар пайда болады.
Нормативтік-техникалық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін автокөлік жарамды деп есептеледі. Автокөліктің жұмыс істеуге қабілеттілігінің жарамды автокөліктен айырмашылығы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін тағайындаулар бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін талаптарды қанағаттандыруы керек. Жұмысқа қабілетті автокөлік бұзылған болуы да мүмкін, мысалы, сыртқы түрінің нашарлауы, қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуі.
Автокөліктің бұзылуы, бірақ жұмысқа қабілетті болуы зақымдану; ал оның жұмысқа қабілетсіз күйге түсуі істен шығу деп аталады.
Жөндеу жүргізуге бұзылған немесе жұмысқа қабілетсіз бөлшектерді қайта қалпына келтіру және автокөлік бұйымдары ресурстары мен олардың құрамдас бөліктерінің жұмыстарын қалпына келтіру операцияларының кешені жатады.
Автокөліктерді жөндеудің қажеттілігі мен пайдалылығы олардың құрамдас бөліктерінің (құрастыру бірліктері мен бөлшектері) беріктік теңдігіне жинақталған. Барлық бөлшегі біркелкі тозған және қызмет ету мерзімі бірдей тең берікті автокөлік құрастырудың мүмкін еместігі белгілі, сондықтан автокөлікті пайдалану үдерісінде автокөлік кәсіпорындары (АКК) үнемі ТҚК-ден және қажет болған жағдайда жекелеген бөлшектері мен агрегаттарын ауыстыратын ағымдағы жөндеуден (АЖ) өтеді. Бұл автокөліктің техникалық жарамды қалыпта болуына мүмкіндік береді.
Автокөлікті ұзақ уақыт пайдаланған кезде оның жай-күйі АКК талабымен жөндеу жүргізуге техникалық мүмкін болмайтындай немесе экономикалық жағынан тиімсіз жағдайға жетеді. Мұндай жағдайда олар автожөндеу кәсіпорындарына (АЖК) орталықтандырылған ағымдағы немесе күрделі жөндеуге (КЖ) жіберіледі.
Ағымдағы жөндеу кезекті жоспарлы жөндеу жүргізуге дейінгі жүруіне, автокөліктің жұмысқа қабілеттілігіне кепілдік беруін қамтамасыз етуі керек, автокөліктің ол жүрген жолы кезекті ТҚК-2 дейін жүретін жолдан кем болмауы тиіс. Автокөлік істен шыққан жағдайда жоспардан тыс АЖ жүргізіледі, онда автокөліктің техникалық жай-күйі анықталатын көлемде бөлшектері мен құрастыру бірліктерін ауыстырады немесе қалпына келтіреді.
Күрделі жөндеу автокөліктің немесе агрегаттың негізгі бөлшектерін қоса алғанда, кез келген құрастыру бірлігі мен бөлшегін қалпына келтіріп, тиісті бөлшектерін ауыстыру арқылы жарамдылығын және толық ресурсын (не толық ресурсқа жақындығын) қамтамасыз етуі керек. Бұйымдарды құрастыру бірліктері мен басқа да бөлшектерге жалғастыра отырып жинайтын бөлшек негізгі деп аталады. Қаңқа автокөліктің негізгі бөлшегі болса, ал агрегаттың негізгі бөлшегі корпустық бөлшек, мысалы, қозғалтқыштың цилиндрлер блогы, берілістер қорабының картері болып табылады.
Автокөлік бөлшектерінің қалдық ресурстарын пайдалану оларға КЖ жүргізудің экономикалық тиімділігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. КЖ-ге келетін 70...75 %-дай автокөліктердің бөлшектері не жөндеусіз, не шағын жөндеу жүргізгеннен кейін қайта қолданылуы мүмкін.
Өз ресурсын толық атқарған және ауыстыруға жататын бөлшектер барлық бөлшектің 25...30%-ын құрайды. Бұлар – поршеньдер, поршень сақиналары, мойынтірек теңселісі, резеңкелі техникалық бұйымдар және т.б. Жұмыс істеуге жарамды, оларды жөндеу жүргізусіз қолдануға болатын бөлшектер саны 30...35 %-ға жетеді. Автокөліктің қалған бөлшектерін (40...45%) оларды қайта қалпына келтіргеннен соң ғана пайдалануға болады. Оларға, көбіне, автокөліктің күрделі, металсыйымды және қымбат тұратын бөлшектері, атап айтқанда цилиндрлер блогы, иінді және үлестіруші біліктер, цилиндрлердің бастиегі, берілістер қорабы мен артқы белдіктің картерлері және т.б. жатады. Бұл бөлшектерді қалпына келтіру құны дайындау құнының 10...50 % -нан аспайды.
Әлемдік тәжірибеде көліктерге жөндеу жүргізудің көптеген түрлері қолданылады, солардың ішінде мынадай үш бағытты ерекше атап өтуге болады:
жөндеу жұмыстарының барлық түрі техника пайдаланушы кәсіпорындарда немесе бірлестіктерде орындалады;
жөндеу жұмыстары техника өндірмейтін және пайдаланбайтын ұйымдарда жүзеге асырылады;
жөндеу жұмыстарын ірі көлік құрастырушы кәсіпорындар өз мойындарына алады.
Достарыңызбен бөлісу: |