Кіріспе Қазақстанның далалы аймақтарында қыстың күні қауіпті метеорологиялық құбылыс – қарлы боран



бет5/6
Дата26.03.2024
өлшемі226.66 Kb.
#496493
1   2   3   4   5   6
Қарлы боран

Таулы борандар. Таулы аймақтардағы қар жамылғысының рельефін түсіру маңызды болып келеді. Себебі тауда метео станция жүйесін құру қиын болғандықтан жел режимін анықтау қиын болады.
В.С.Матвиенко қар жамылғысының рельефінің түріне байланысты желдің жылдамдығын анықтайтын шкалажасады. Осы шкаламен ол үлкен таулы аймақтарда желдің бағытын жылдамдығын анықтаған. Таулы аймақтарда желдің өзгерісі қиындау болып келеді. Тауда жел көлденен және тігінен бағытта соғады. Тауда қарлы боранның жылдамдығына таудың рельефі де әсер етеді. Тауда жоғарғы боран соғады. 4-суретте таулы аудандағы жалпы боранның қозғалысы келтірілген, жел жылдамдығы Vх солдан оңға қарай бағытталған.

4. сурет Таулы аудандағы жалпы боранның қозғалысы



В.С. Матвиенко осы формуланы қолданып Хибинск таулы қыратындағы қардың жинау аймағын есептеген.
Қазақстандағы қарлы боран жүрісі. Бір жыл ішіндегі қарлы боран күндер Қазақстан территориясында біркелкі таралмаған, жүрісі солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Солтүстік Қазақстанда жел жылдамдығы орташа болуы, қыстын қатты және қарлы болып келуіне байланысты қыс мезгілінде орташа алғанда 25-40 күн қарлы боранды болады. Оңтүстік аймақта керісінше боранды ккүндер аз болады қыс мезгіліндегі қарлы боран ұзақтығы 1-5 күнге дейін. Қарлы боран максимум жылдары Солтүстікте мезгіл ішінде 80-100 күнді құрауы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда қарлы боран көп жылдар кезінде қыс мезгілінің 40-60 % қарлы боран болуы мүмкін, ал оңтүстікте25-50%. Солтүстік Қазақстанда қарлы боранның уақыты қазаннан мамыр айына дейін болады. Қазанда сирек, ал мамыр айында жиірек болады. Бір жылдары қыркүйек айында қарлы боран кездескен (1955 ж.). Оңтүстік аймақтарда қарлы боран күндер кеш басталып, ерте бітеді. Қазақстанның барлық жерінде қарлы борандар көбінесе қаңтар мен ақпан айларына сәйкес келеді кей кездері желтоқсанда және солтүстік Қазақстандамамыр айларында болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет