Кіріспе
Қазақстанның далалы аймақтарында қыстың күні қауіпті метеорологиялық құбылыс – қарлы боран жиі болып тұрады. Боран деп күшті желдің әсерінен қардың жер бетімен тасымалдануы. Боранның келесідей түрлері бар:
Жоғарғы боран: жаңа жауған қардың қатты желдің (7 м/с және одан да жоғары ) әсерімен қозғалысын айтамыз, ол жер бетінен 2 метрден жоғары жоғары аймақта өтеді
Төменгі боран: бұрыннан жатқан қардың қаттты желдің әсерімен (10-12 м/с бастап) қозғалысы, ол жерден бірнеше метрге дейінгі аймақта өтеді (2 метрге дейін).
Жалпы боран: қардың жоғары көтерілуімен қабаттасып бұлттардан қардың жаууы.
Қарлы боран Қазақстанның барлық аймағында және жылда болатын қауіпті құбылыстын бірі. Қарлы боранның жиілігі мен қарқындылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді, ол сол жердің микроклиматтық жағдайына, желдің жылдамдығына, қар жамылғысының жату дәрежесіне байланысты болады.
Қарлы боранды зертеу практикалық және ғылыми қызығушылық тудырады. Қарлы боран қардың бір ауданнан екінші ауданға тасымалдануына алып келеді, осыған байланысты қарды тығыздап су режимінің біркелкі таралмауына және топырақ қабатының біркелкі қатпауына алып келеді. Сонымен қатар қатты қарлы борандар авиация жұмысына, теміржол және басқада көлік қатынастар түріне кедергі жасайды. Қатты борандар телеграф және телефон байланысының бұзылуына және малдардың жаппай қырылуына алып келеді.
Боранда қар қиыршықтары горизонтальды бағытта ұшып көріністі нашарлатады, қардың жауып немесе жаумай тұрғанын байқау қиын. Боран көбіне шептік бұлттылықпен байланысты дамиды. Шығыс Қазақстанда болатын қауіпті құбылыстардын бірі болып қарлы боран болып табылады, қарлы боранды бақылап алдын ала хабарлап отыру жалпы ауыл шаруашылығына, көлік қатынасына маңызды болып табылады.
Әдебиеттерге шолу
Кез келген ғылым енді дамып келе жатқанда, ең алдымен өзінің тілін, терминалогиясын, өзі зертейтің фактілердің классификациясын жасап алады. Борантану ғылымының 50 жылдарға дейін өзінің тілі, классификациясы болған жоқ.
Боран – өте күрделі табиғат құбылысы. Қатты жел ағынымен қардың тасымалдануы ерекше құбылыс жай таза желге қарағанда.Боранға бұрынан жер бетінде жатқан қармен қатар, бұлтта қалыптасқан, бірақ әлі жерге түсіп үлгермеген қарда қатысады. Боранның тәртібі мен заңдылықтары жергілікті жердің рельефімен байланысты болады. Сонымен, боранның әрекеті жел күштілігімен, сол жел көтерген қар салмағымен және боранда қаршықтардың жылжу мінезімен анықталады. Боран деп желдің әсерінен қардың жер бетімен тасымалдануы. Боранда бұрынан жерде жатқан қарда және бұлттардан жаңа жауған қарда қатыса алады. Осы белгісіне байланысты боранның келесі түрін ажыратамыз 1-сурет.
Жоғарғы боран: жаңа жауған қардың қатты желдің (7 м/с және одан да жоғары) әсерімен қозғалысын айтамыз;
Төменгі боран: құрғақ, бұрыннан жатқан қардың қатты желдің әсерімен (10-12 м/с бастап) қозғалысы, ол жерден бірнеше метрге дейінгі аймақта өтеді;
Жалпы боран – төменгі және жоғарғы борандардың қосарланып өтуі.
Флюгер бойынша алынған желдің күштілігі бойынша боранның келесі түрі ажыратылады:
Әлсіз. жел жылдамдығы Vф 10 м/с;
Кәдімгі. жел жылдамдығы Vф – 10-20 м/с;
Күшті. жел жылдамдығы Vф – 20-30 м/с;
Өте күшті. жел жылдамдығы Vф – 30-40 м/с;
Аса күшті. жел жылдамдығы Vф 40 м/с;
Соңғы екі түрі өте апатты болып табылады, олар құрылыстарға зақымын тигізеді. Аса күшті қарлы борандар антарктида да Адели жерінде кездеседі оның жылдамдығы 90 м/с-қа жетеді.
Қармен қанығумен байланысты боранды келесі түрлерге ажратамыз:
Қаныққан боран дегеніміз ол желдің ағыны өзіне берілген көлемдегі қарды тасымалдауы;
Қанықпаған боран дегеніміз ол өзіне берілген көлемдегі қарды тасымалдамауы;
Бұл айтылған боранның түрі тек төменгі боранға жатады. Қаныққан төменгі бранның жалпы шығынын (Q, кг/мс) желдің жылдамдығына байланысты, келесі формуланы жазуға болады:
Q = 0.0077 (Uf – 5)3
Жер бедері бойынша боранды келесі түрлерге ажыратамыз:
түзу жазық жердегі борандар;
таулы борандар;
Достарыңызбен бөлісу: |