Кіріспе бөлім. Массаалмасу негіздері. Массаалмасу процестердің құрылысы мен жалпы сипаттамасы



бет5/7
Дата29.12.2022
өлшемі216.87 Kb.
#468038
1   2   3   4   5   6   7
Масса алмасу процесі

Масса алмасу аппараттары.

Ағындардың қозғалу процесінде түзілетін тоғысу бетті аппараттар.
Мұндай массаалмасу аппараттарының түріне табақшапы және тұтқамалы бағаналар жатады. Фазалардың әрекеттесу беті бұл аппараттарда сұйық пен газдың қарсы ағысында түзіледі, мұнда газ түрлі типтегі тұтқама бетіндегі сұйық қабаты арқылы барботаждалады.
Табақшалы аппараттарда сұйық табақша беттерінде белгілі қабат түзе отырып жоғарыдан төмен қарай табақшадан табақшаға ағады, ал газ төменнен жоғары қарай аға отырып табақшалардың тоғыстыру құрылғыларында бірнеше шағын толастарға шағылып сұйықпенен әрекеттеседі де бағананың жоғарғы бөлігінен тыс шығарылады.
Сонымен тоғысу бетінің ауданын мұндай аппараттарда тұтқама және табақшалардың конструктивті сипаттамалары, олардың орналасу жағдайы (ретпен, аралық адымы және т.б). Тиімді гидродинамикалық тәртіпті қамтамасыз ете отырып анықтайды.
Кристализаторлар.
Өнеркәсіптік технологияларда келесі кристалдау тәсілдері кеңінен қолданылады: еріткіштің бір бөлігін тыс шығаруменен кристаллдау, ерітіндіні суыту немесе қыздыруменен кристалдау, қиыстырылған тәсілдері (вакуумкристалдағыштар, еріткіштің бір бөлігін тасымалдау, ұсақтау немесе фракциялау, кристалдау аймақтарында буландыруменен кристалдау).
Осы тәсілдерге сай кристалдағыштар келесідегідей топтастырылады:
-еріткіштің бір мөлшерін тыс әкетумен кристалдау;
-ерітіндіні суытуменен кристаллдау;
-вакуум-кристализаторлар;
-жалған сұйылу қабатында кристалдау;
Еріткіштің бір бөлігін тыс әкетуменен кристалдаудың қарапайым әдісі, бұл буландыру болып табылады. Дегенмен де, ерітіндідегі кристалдардың пайда болуы, және оның әрі қарай өсуіне жағдай жасау үшін аппарат конструкциясына елеулі өзгерістер енгізуді кажет етеді.
Ерітіндіні суытуменен кристалдау аппараттарына тербелмелі, шнекті, ленталы, барабанды және вальцолы кристализаторларды қатыстыруға болады.
Вакуум-кристаллдағыштарда суытушы құрылғылар болмайды, сондықтанда төмен температура өткізгіш коррозияға төзімді материалдардан (мәселен, керамикадан, қышқыл төзімді шойын және т.б) дайындайды. Әдетте мұндай аппараттар бір немесе көп қаңқалы болуы мүмкін. Жалған сұйылу қабатты кристализаторлар процестің жылдамдығын тездетіп, дұрыс пішіндегі (1-3 мм өлшемдегі) біркелкі кристалл алуға мүмкіндік береді. Бұл аппараттар еріткіштің бір бөлігін буландыруменен әкету немесе ерітіндіні тым қаныққанға дейін суыту тәртіптерінде жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет