Кіріспе Іс-тәжірибенің мақсаты


«Бір ғана ғұмыр» әңгімесі



бет2/7
Дата27.09.2023
өлшемі102.87 Kb.
#478781
1   2   3   4   5   6   7
Практика Рахимова Меруерт (копия)

«Бір ғана ғұмыр» әңгімесі


Теңеу мен портрет
«Бірде ол таңғы ас ішкелі отырғанда, жетпіс бестегі қарт, отыз бестегі келіншек, он жасар ұл келіп үстелдес болады. - Ас дәмді болсын! – деді мұнтаздай қырынып, біршама таза киінген, тарамыс қара шал бас орынға жайғасып жатып. Сыпайылық салтымен түсін жылытуға тырысқанымен, ызғар шашқан суық жанары сол күйі қалып қойды»


«Екі көзі боталаған, қараторының әдемісі. Қос жанарының мойылдай қаралығы сонша, көз шарасына көлеңке түсіп, көгілдір сағым ойнап тұр»


«Бұқарбайдың бұқасы» әңгімесі


Теңеу
«Көкөзекке» келісімен машина, тракторлар тұратын «гараждың» кілтін ұстады. Осында кіші-гірім шеберхана, токарь станогы бар. Қашан көрсең де көрікті қыздырып қойып, көк темірді кәуаптай қақтап жатады.


Кейіптеу
«Бұқарбай келгелі әлдебір бөлшегі кем болып, кеңкейіп босқа тұрған совхоздың талай тракторы «дүрілдеп» жүріп кетті. Бұл жігіт бос жүру дегенді білмейді екен»
Теңеу
«Ал, жасы қырықтың ішін енді аралаған Бұқарбай еңсегелі ірі денелі, жауырыны қақпақтай, қайратты, сом жігіт – тұғын»
Синекдоха
«Баяғыда атам Сүлейменнің бес мың қойын, бес жүз жылқысын, үйір-үйір түйе мен сиырын Кеңес өкіметі тартып алып, осы елге пышақ үстінен бөліп берген екен. Сол малдың сілекейі ретінде маған тым құрыса бір бұзау бұйырмағаны ма? – деген түсін суыққа салып»


«Құдайдың үйі» әңгімесі


Кейіптеу
«Дауыстары әр қилы: бірі – баритон, бірі – тенор. Жарыса көтерілген сол азан арқылы жеті қақ көктегі Жаратушының өзіне тіке тіл қатып тұрғандай әсерге бөленесің. Мерейің тасиды. Өзіңнің дін мұсылман әулеті, Мұхаммед пайғамбардың үмбеті болғаныңды мақтаныш етесің»


Портрет
«Осы тұста айта кететін жайт «Қазір таң атар-атпастан костюмін киіп, галстугін қылғындыра байлап, ақ плаштың етегінен ұзын тізесі көстеңдеп, мектепке қарай жүгіретін баяғы Әкпар жоқ. Бұл күнде сопыларға тән тік жағалы көйлек, кең бешпет, қазақы шапан киіп жүретін болған. Бұйраланып тұратын жалбыр шашты сыпыртып, сырмалы тақия киді. Дөңгелекте тұжырып қойған, сақал-мұрты да аққұба, ашаң жүзіне иман ұялатып, жарасып тұрады»


«Ал Әкпардың шүкіршілігінде шек жоқ. Ол өз еңбегінің зая кетпегеніне, кеш те болса, Алланың ақ жолымен қайта қауышқанына бақытты еді. Бүкіл өмірінің мазмұны да, көңіліне тоқ санайтын қазынасы да осы – мешіт. Кейбір жұлдызды, жарық түндерде далаға шығып, құдайдың үйін бір айналып өтетіні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет