Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет25/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
annotation491

Мәйітті қарау
ХАТТАМАСЫ
Қызылорда қаласы 20 желтоқсан 2011. жыл

Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға төргеушісі Еркінбеков М.Ж. төменде көрсетілген куәгерлер: 1. Жұбаниязов Бауржан Абайұлы, Қызылорда қаласы Желтоқсан қөшесі 12 үй тұрғыны; 2. Қаракөзов Төрехан Сұлтанұлы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 20 үй, 28 пәтер тұрғыны және сот дәрігерлік сарапшы А. Тілемісов, Қызылорда ІІБ милиция капитаны Ж. Балымбетовтердің қатысуларымен ҚР ҚІЖК 224 бабының талаптарын басшылыққа ала отырып, қалалық аурухананың мүрдеханасында Мергенбаев Асан Мұратұлының мәйітіне қарау жүргізілді.


Қарау жүргізілер алдында айғақтарға ҚР ҚІЖК 239 бабында қаралған тергеу әрекеттерінде қатысудағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді .
Азамат Мергенбаев Асан Мұратұлының мәйіті мүрдехананың жарып-қарау бөлмесіндегі операциялық столға қойылған.
Мәйіттің қолдары созулы, саусақтары бүгулі қүйінде,ал екі аяғы бүгілмеген.
Мәйіттің үстінде көк түсті қысқа жең көйлегі, қоңыр түсті шалбары, аяғында қара түсті шұлығы мен көк түсті туфлиі бар. Шалбардың ішінен қара түсті матадан тігілген труси киген. Көйлектің алдыңғы жағында 5 түймесі бар, бәрі орнында, ілінген күйінде. Көйлектің алдыңғы омырау тұсынан ірі қызыл қоңыр түсті дақпен былғанған, құм жабысқан. Қөйлектің сол жақ кеуде тұсында түймелерден 8 см, көйлектің сол жақ тігісінен 10 см аралықта көлденеңінен орналасқан өлшемі 3,5х1 см жиектері тегіс жыртық бар.
Шалбардың екі қалтасы бар, алдыңғы жағынан 3 түймемен түймеленген. Қоңыр түсті матадан тігілген. Шалбардың жыртылған, сөгілген жерлері жоқ. Қарау жүргізу барысында шалбардың сол жақ қалтасынан 1000 теңгелік 1 дана, 500 теңгелік 2 дана, жалпы құны 2000 теңге ақша табылды.
Туфли көк түсті былғарыдан тігілген, биіктігі 1 см өкшесі бар, табаны қатты материалдан. Туфлидің екеуінің де тұмсық тұсында қаңға ұқсас қоңыр қызыл түсті дақтар бар. Мәйіттің киімдерін шешіп қарағанда аңықталғаны:
Мәйіт дене пішімі толық, дұрыс жетілген ер адам мәйіті. Мәйіт таңбалары арқасында және аяқ қолдарының артқы жақ тұстарында орналасқан. Көгілдір түсті, саусақпен басып тексергенде жойылып, тез қалпына келеді. Мәйіт боршаларының қатайуы барлық тексерілген қол-аяқ бұлшық еттерінде жақсы, бірқалыпты байқалады. Бет және кеуде төс төрілері мен көзге көрінетін кілегей қабаттары көкшіл түсті.
Бас пішімі дұрыс қалыптасқан, шаштары қара түсті, ұзындықтары 8-10 см. Бас сүйектерін ұстап тексергенде сынбаған. Көздері жұмулы, көздің кілегей мөлдір қабаты таза, зақымдалмаған. Көз қарашықтары кенейген, көлемі 0,5 см, мұрын сүйектері сынбаған, мұрын тесіктерінде бөтен зат жоқ. Аузы жұмулы, тістері зақымдалмаған. Сыртқы дыбыс есту жолдары таза. Бет, жақ сүйектері сау, сынбаған. Мойыны дұрыс қалыптасқан. Мәйіттің кеудесі жалпақ, дөңгелек тәріздес. Қабырға сүйектері сынбаған, сау. Мәйіттің іші тартыңқы. Сыртқы жыныстық мүшелері дұрыс және жынысына сәйкес жетілген. Тік ішектің сыртқы тесігінің айналысында жарақат белгілері жоқ, таза. Аяқ-қолдарының сүйіктері зақымданбаған, сау.
Мәйіттің кеудесінің сол жақ 6-7 қабырғалары тұсында көлденеңінен орналасқан өлшемі 3х0,7 жарақат бар. Жарақаттардың жиектері тегіс, бұрыштары сүйірленген. Жарақатты ашып тексергенде жарақат өзегінің бағыты жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай бағытталған, сосын кеуде тұсына өткен. Жарақат айналасында қаңға ұқсас қоңыр қызыл түсті дақтар бар.
Мәйіттің оң алақанының ортасында, ортаңғы саусақ тұсында өлшемі 2 х 0,3 см жиектері тегіс, бұрыштары сүйірленген, көлденеңінен орналасқан жарақат бар. Оң алақанында және саусақтарында қаңға ұқсас қоңыр қызыл түсті іздер бар.
Мәйіт денесінде жоғарыда көрсетілген жарақаттардан басқа ешқандай дене жарақаттары және басқа да белгілері байқалмады.
Қарау жүргізу барысында мәйіттің үстіндегі киімдері - көйлек, шалбар, труси, туфлиларынан ылғалды жұмсақ нақышпен микроталшықтар сүртіліп алынды.
Мәйіт «Зенит-11» фотоаппараты «Гелиос-44м4» объективі және 64 маркалы фотопленкасын қолдану арқылы суретке түсірілді.
Қарау жүргізу 10 сағат 30 минутта басталып, 11 сағат 50 минутта аяқталды.
Куәгерлер мен қарауға қатысушылардан жүргізу барысында ескертпе, мәлімдемелер түскен жоқ.
Хаттама оқылып берілді, дұрыс жазылған.

Куәгерлер: 1. /Жұбаниязов Б.Р/


2. /Қаракөзов Т.А/

Сот дәрігерлік сарапшы: Тілемісов А.А


Участкелік инспектор,


милиция капитаны: Балымбетов Ж.С

Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің


аға төргеушісі: Еркінбеков М.Ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет