Конустың Өстерін қиыстырғаннан кейінгі, ішкі және сыртқы конустардың кӨлденең қималарының айырмасына тәуелді қосылыстар сипаттамасын конустық қондырма деп айтады.
Конусты қосылыстардың қозғалмалы қондырғысында саңылау қамтамасыз етіледі. (біліктің шақтама өрістері d, e, f, g )
Дәл құралдар мен станоктардың тіректерінде, келтіру құрылғыларында қолданылады.
Тығыз қондырмалар герметикалық қосылыстарда (крандарда, іштен жанатын двигательдердің клапандарында және т.б.) қолданылады (шақтама өрістеі h, jS, k, m )
Қозғалмайтын қондырмалар беттесетін беттердің үйкелу күші мен керілістердің арқасында жүктеме берілісін қамтамасыз етеді. (шақтама өрістері n, p, r, s, t, u, x, z)
Олар біліктерді фланецті муфталармен, фрикциалық муфталардың конусымен, конусты штифтерді, сыналы кілтектерді және т.б. қосу үшін қолданылады.
Сыртқы конустар үшін: Қоғалмалы (саңылаумен) – d, e, f, g Тығыз (ауыспалы)–h, jS, k, m
Қозғалмайтын (керіліспен)– n, p, r, s, t, u, x, z
Ішкі конустар үшін: Қоғалмалы (саңылаумен) – H Тығыз (ауыспалы)– JS Қозғалмайтын (керіліспен)– N
Бұл негізгі ауытқулар 4-12 дәлдік дәрежелерімен қосылып шақтамалар құрайды.
Бұрыштар мен конустарды бақылау әдістері мен құралдары
Бұрыштың Өлшемдердің басқа Өлшемдер сияқты шақтамалары болады. Бұрыштық Өлшемдердің жоғарғы және тӨменгі ауытқуларын сызбада сызықтық
Өлшемдер сияқты орналастырады. Мысалы,
0 100
90
80
- номинал Өлшемі 900,
жоғарғы шекті ауытқуы +100, тӨменгі шекті ауытқуы -80. Сызбада бұрыштың Өлшемдерінің шақтамалары жоқ болған жағдайда, оларды салалы стандарттарға сәйкес тағаындалады.
Бұрышты салыстырмалы және тригонометриялық әдіспен бақылауға болады. Салыстырмалы әдісте бақылайтын бұрышты бұрыштық Өлшемдермен, бұрыштықтармен және бұрышты шаблондармен салыстыру арқылы бақылайды.
Диаметрлерінің шақтамалары IT 4 тен IT 12 ге, шақтамаларының дәлдік дәрежелері 1:3 тен 1:50 ге дейін болатын тегіс конусты тетікбӨлшектерді конусты калибрлермен бақылайды [МЕСТ 24932-81 СТ СЭВ 2013-79].
Достарыңызбен бөлісу: |