Км оқу ақпаратын тарату



Дата27.09.2024
өлшемі4.96 Mb.
#504075
түріБағдарламасы
Жансеит А ашық сабақ

КМ 4. Оқу ақпаратын тарату.


“Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз Колледжі” ЖШС

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті

“Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес” В. Сухомлинский

Топқа бөлу

  • wordwall. бағдарламасы бойынша ?
  • 1-топ 2-топ 3-топ

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті, қоршаған әлемді танудың жолы, ол арқылы балалар өздерінің сезімдік және өмірлік тәжірибесін байытады, өздерінің құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасайды.

Ойынның қызметтері:

  • Әлеуметтік-мәдени қызмет;
  • Ұлтаралық қарым-қатынас қызметі;
  • Өзін-өзі жүзеге асыру функциясы;
  • Қарым-қатынастық қызмет;
  • Диагностикалық қызмет;
  • Ойынның терапевтикалық қызметі;
  • Ойын арқылы түзету қызметі;
  • Ойынның сауықтыру қызметі.

Ойын түрлері

  • Сюжетті-рөлді ойындар
  • Сюжеттен және рөлден тұратын ойындар.

  • Театр ойындары – әдеби шығармалар ойнайтын ойын-көріністер
  • Құрылыс ойындары – әртүрлі материалдардың көмегімен қоршаған шындықты жасау

Қимылды ойындар – баланы белсенділікке тартатын, қозғалмалы ойындар

  • Қимылды ойындар – баланы белсенділікке тартатын, қозғалмалы ойындар
  • Дидактикалық ойындар
  • Ойынды үйрету мақсатында арнайы жасалған немесе бейімделген ойындар

  • Компьютерлік ойындар
  • мультмедиалық технологияларды, виртуалды шындық технологияларын қолданатын ойын іс-әрекеті

Тапсырма №1

  • Топтық жұмыс
  • Мақсаты – ойын түрлерінің мазмұнын және оны атқаратын қызметтерін түсіндіру.
  • Әр топқа белгілі бір ойын туралы мәлімет беріледі. Студенттер мәліметті қолдана отырып, кластер құрастыру керек.

1-топ: “Сюжетті-рөлді ойындар” 2-топ: “Құрылыс ойындары” 3-топ: “Дидактикалық ойындар”

Тапсырма № 2

  • Студенттердің білімін тексеру.
  • Kahoot платформасы арқылы студенттердің білімін тексеру. Экранда сұрақтар беріледі, студенттер сұрақтарға топпен телефон арқылы жауап береді.

Сұрақтар:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті:

А. Ойын;

В. Оқу;

С. Еңбек;

Д. Қарым-қатынас.

2. Ойынның атқаратын қызметі:

А. әлеуметтік-мәдени құбылыс;

В. қарым-қатынастық қызмет;

С. диагностикалық қызмет;

Д. аталғандардың барлығы.

3. Сюжеттен және рөлдерден тұратын ойын түрі:

А. Құрылыс ойындары;

В. Дидактикалық ойындар;

С. Сюжетті-рөлді ойындар;

Д. Театр ойындары.

4. Ойын кезінде қобалжуларды, шиеленістерді, қорқыныштарды жою қызметі:

А. Терапевтикалық қызмет;

В. әлеуметтік-мәдени құбылыс;

С. өзін-өзі жүзеге асыру функциясы;

Д. диагностикалық қызмет.

5. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады» деп айтқан кім?

А. А.С. Макаренко;

В. В. Сухомлинский;

С. Я. А. Коменский;

Д. Ф. Фребель.

Бағалау


1-топ

2-топ

3-топ

1-тапсырма
(0-50 балл)

2-тапсырма
(0-50 балл)

Қорытынды

Рефлексия

Үй тапсырмасы

  • “Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті” тақырыбын оқу. Қосымша мәлімет іздеу.
  • “Ойынның бала тәрбиесіндегі орны” тақырыбында эссе жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет