Кмм «Шахтинск қаласының әкімдігі №1 жалпы білім беру мектебі» «Тіл мәдениеті»



Дата08.06.2016
өлшемі355.82 Kb.
#122964


КММ «Шахтинск қаласының әкімдігі № 1 жалпы білім беру мектебі»

«Тіл мәдениеті» курсының бағдарламасы

7 сынып.




авторы: С.У.Бозова

Шахтинск қ. 2011ж.

Мақсаты: Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық, қарым – қатынастық құзырлығы дамытып, пәнді сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.

Мазмұны

I

  1. Мақсаты .................................. 1 бет

  2. Мазмұны .................................. 2 бет

  3. Түсінік хат, мақсаты, міндеттері,

күтілетін нәтиже .................... 3 бет

  1. Білім – білік дағдылар,

қолданылатын техникалық

элементтері, әдістер, пәнаралық

байланыс ............................... 4 бет

  1. Бағдарлама жоспары .......... 5 бет



II

Негізгі мазмұны

  1. Бағдарлама құрылымы....... 6 бет

  2. Курста пайдаланатын мәтіндер .... 7 бет

  3. Сұхбаттар ......................................... 8 бет

  4. Жұмыс түрлері ................................ 9 бет


III

Глоссарий................................................. 31 бет
IV

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......... 32 бет

Түсінік хат

Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.

Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір азамат – халықының тіл мәдениетінің мұрагері болуға тиісті. Осы орайда 7-ші сыныптағы «Қазақ тілі» оқулығының авторлары тіл мәдениетіне байланысты мәтіндер мен жаттығуларды өте орынды алғандығын атап өткен жөн.

Сол себептен біздің көздеп отырған мәселеміз бойынша осы оқулықтың модульдерін әбден қарастырып 6 модуль бойынша вариантивтік курс жобасын құрастырдым.

Тіл мәдениетін меңгерудің ендігі бір жолы-пәнаралық байланысы, әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларын да пайдалануға болады.

Мақсаты: Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық, қарым – қатынастық құзырлығы дамытып, пәнді сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:

1. Тіл мәдениеттерін дамыту.

2. Өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрену.

3. Ұлттық және жалпы әлемдік рухани құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу

4. Әлеуметтік жағдайда тілдік қарым-қатынастарын арттыру

5. Қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша білімдерін арттыру

6. Ұлттық мәдениет пен Қ.Р. халықтарының алдыңғы қатарлы дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

7. Рухани – адамгершілікке отансүйгіштікке тәрбиелеу

8. Шығармашылық деңгейге бағыттау

Күтілетін нәтиже:


  1. 7 – сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.

  2. Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы

  3. Ұлттық мәдениеті мен Қ.Р. халықтарының мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.


Білім – білік дағдылары

- Лексикалық нормаларды білу.

- Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;

- Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;

- Іс қағаздары үлгілерін дайындай алуы;

- Термин сөздердегі қосымшалардың ролін анықтай алуы;

- Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;

- Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;

- Сөздердің байланысу тәсілдерін білуі;

- Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін білуі.



Қолданылатын технологиялар элементтері:

    1. Коммуникативтік

    2. Модульдік

    3. Сын тұрғысынан ойлау

    4. Ойын технологиясы



Курсты оқыту барысында қолданылатын әдістер

  1. Лекциялар мен талқылау

  2. Топпен жұмыс

  3. Пікір алмасу

  4. Жоба бойынша жұмыс істеу

  5. Өздік жұмыс

  6. Текістілеу

Пәнаралық байланыс

  1. Этика

  2. Психология

  3. Әдебиет

  4. Қазақстан тарихы

  5. География

  6. Биология

  7. Мәдениеттану

  8. Абайтану

  9. Ән

10.Бейнелеу өнері

Бағдарлама жоспары:

Орыс мектебіндегі 7- сыныптың «Тіл мәдениеті»


Модульдің тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны


Уақыты

I – модуль

Отбасы – мәдениеттің

басталуы


  1. Бала тәрбиесі бесіктен

  2. Қонақ келсе құт

  3. Менің отбасым

  4. Менің жақын

туыстарым

1

1

1



1




II – модуль

әлеуметтік жағдайдағы тіл мәдениеті




  1. Менің мектебім

  2. Біздің көше

  3. Біздің сынып

  4. Менің достарым

  5. Менің бос уақытым

1

1

1



1

2





III – модуль

Қазақ тілі – мәдениет

тілі


  1. Қазақ тілі – қазақ халықының ана-тілі

  2. Мемлекеттік тіл

  3. Анат тілің – арың бол

  4. Қазақ тілі сабағында

  5. Қазақ әдебиеті сабағында

  6. Тіл туралы Заң

1
1

1

1



1

2





Қазақстан – менің

Отаным


IV – модуль


  1. Отанды сүю отбасынан басталады

  2. Қазақстан Республикасының рәміздері

  3. Қазақстанның жетістіктері

  4. Тәуелсіз Қазақстан

  5. Асқарлы – туған өлкем

  6. Қазақстан өнері

1
1
1

1

1



2





Қазақстан табиғаты

V - модуль



1. Табиғат тамашасы (таулар,

қорықтар, ормандар)

2. Сарыарқа табиғаты

3. Қазақстан қорықтары

4. Хайуанаттар әлемі


1

1

1



1




VI – модуль

Қазақ әдебиеті әлемінде



  1. Абай Құнанбайұлы

  2. Мың бір мақал

  3. Халық ауыз әдебиеті

  4. Хайуанаттар әлемі

1

1

1



1






II Негізгі мазмұны.

  1. Бағдарлама құрылымы.

I модуль Отбасы мәдениеттің бастауы – 4 сағат

Отбасы тақырыбының байланысты шағын әңгіме, эссе жаза білу, сонымен қатар өз отбасы туралы толық сипаттама бере алу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Б. Момышұлы – «Менің жанұям» повесі

Этнопедогогика – «Қонақты қарасы алу рәсімі».

Қосымша оқуға: «Бала тәрбиесі»


II модуль Әлеуметтік жағдайдағы тіл мәдениеті – 5 сағат

Оқушылардың мектепте, сыныпта әлеуметтік жағдайда тіл

мәдениетін дамыту.

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері

Ы. Алтынсарин «Әептілік».
III модуль Қазақ тілі – мәдениет тілі – 7 сағат

Қазақ тілі қандай тіл? – деген сұраққа жауап бере алу.

Пәнаралық байланыс: Қуқық негіздері

«Тіл туралы заң»

Тіл білімі – Қазақ тілі туралы

Тіл тарихы


IV модуль Қазақстан – менің Отаным – 6 сағат

Қазақстан Республикасы туралы мемлекеттік тілде әңгімелеп беру,

Қазақстанның жетістіктері

Пәнаралық байланыс: География

Қазақстан таулары. Қазақстан өзендері
V модуль Қазақстан табиғаты – 4 сағат

Қазақстан Республикасының табиғаты туралы білім деңгейлеріне

сай толық әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Өсімдіктану

Қазақстан өсімдіктері.

Жаратылыстану. Қазақстан аңдары.

Экология. Біздің өлкенің экологиялық жағдайлары.
VI модуль Қазақ әдебиеті әлемінде – 6 сағат

Халық ауыз әдебиетінің мазмұны мен идеясы. Абайдың өнері.

Ыбрайдың Қазақ әдебиетіндегі әдептілік идеясы

Пәнаралық байланыс: Ы. Алтынсарин «Әдептілік».

А.Құнанбаев Қазақ тілі 95-бет

Халық ауыз әдебиеті.




  1. Курста пайдаланатын мәтіндер.




  1. Тұсау кесер тойы – «Салт – дәстүрлер» кітабі

  2. Қонақты қарсы алу - Әдептілік әлемі

  3. Біздің отбасымыз – 3 бет (7 с.о)

  4. Досыма қайран қаламын 6 – бет (7 с.о)

  5. Мен бос уақытымды қалай өткіземін

  6. Ана тілі 11 – бет

  7. Қазақ тілі Қ.Р мемлекеттік тілі 11 – бет

  8. Қазақ тілі – қазақ халықының ана тілі – 13 бет

  9. Сөздіктер 15 – бет

  10. Қазақ тілі сабағында 16 – бет

  11. Менің Қазақстаным 18-19 – бет

  12. Қазақстан жетістіктері 20 – бет

  13. Қазақстан Республикасының рәміздері 20 – бет

  14. Тәуелсіз Қазақстан 23 – бет

  15. Наурыз мейрамы 32 – бет

  16. Қазақстан жері 35 – бет

  17. Қазақстан таулары 47 – бет

  18. Қазақстан қорықтары 49 – бет

  19. Тіл Жолбарыс Қасқыр 54 – бет

  20. Қоянның құлағы неге ұзын 55-56 бет

  21. Театр және кино өнерінің тарихынан – энциклопедия

  22. Қазақ киносы – 72 бет

  23. Опера және балет театры 73 – бет

  24. Деректі кино – 75

  25. Қазақ халықының ән өнері 76 – бет

  26. Бейнелеу өнері 87 – бет

  27. Абай Құнанбайұлы 95 – бет

  28. Мақал-мәтелдер жинағы

  29. Шешендік сөздер 99 – бет

  30. Айтыс 101 – бет

  31. Ы. Алтынсарин 102 – бет

  32. Әдептілік 102 – бет



  1. Сұхбаттар




  1. Бос уақыт 7 – бет

  2. Танысу 5 – бет

  3. Телефонмен сөйлесу 6 – бет

  4. Қазақ тілін жақсы білесің бе?

  5. Қай тілде сөйлейсің? 14 бет

  6. Қ.Р. қандай мемлекет? 18 – бет

  7. Қ.Р. рәміздері 22 – бет

  8. Қазақстан табиғаты 63 – бет

  9. Сен қай мекенде тұрасың? 39 – бет

  10. Невада, Семей қозғалысы 63 – бет

  11. Бүгін киноға барайық 72 – бет

  12. Сен опера және балет театрында болдың ба?

  13. Қазақ әдебиеті сабағында

  14. Әдепті болу оңай ма?


Кең байтақ Қазақстаным

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Дамытушылық: Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жер табиғатын аялап, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Қолданатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, сөйлеу, проблемалық іздендіру, логикалық әдіс, салыстыру, дәлелдеу, практикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: карта, Қазақстан туралы кітаптар, буклет, плакаттар, үнтаспа.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының әнұраның айту.



ІІ. Алған білімдерін тексерту:

  1. Қазақстан туралы не білесіңдер?

  2. Қазақстан қандай мемлекет? (Оқушылар тақтаға шығып кластер құрастырады).

Экономикасы тәуелсіз құқықтық гүлденген

дамыған


Қазақстан қандай мемлекет?


егеменді

демократиялық

бай

бейбіт сүйгіш көп ұлтты өркениетті




  1. Қазақ халқы тұңғыш Елбасын қашан сайлады? (1.12.1993 ж.)

  2. Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады? (130-дан астам)

  3. Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қашан аталады? (22.09.)

  4. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдау арқылы алды)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

А) Мәтінді оқу, 61-62 б.

ә) Сөздермен жұмыс.

Б) Мәтінмен жұмыс, сұрақтар құрастырып, жауап беру.

Қазақстан неше аймаққа бөлінеді?

Кең байтақ Қазақстаным 5 экономикалық аймаққа бөлінеді. Қызығушылықты ояту үшін топпен жұмыс, «Топтастыру» стратегиясын пайдалану.

Батыс Солтүстік Орталық
Шығыс Оңтүстік


Еуропа мен Мұнай Маңғыстау

Азияның түйіскен өндірісі шығанағы

жерінде орын тепкен танылуда



Батыс Қазақстан

Жер асты Жайық Каспий

байлықтары мол өзені теңізі



Солтүстік Көкшетау Қостанай

Қазақстан


Солтүстік Қазақстан
Екібастұз

жылу


энергиясын

өндіретін

өндіріс астығы мол Темір, асбест, Павлодар

кең орындары





Сарыарқа деп Қарағанды Жезқазған

аталатын аймақ аумағы

Ақмола,


Павлодар


Орталық Қазақстан
Мыс

облыстарының

Көмір бөліктері

Алтын Мұнайдың

қоры

Марганец Қорғасын вольфрам Түсті металдардың



молибден қоймасы




Семей, Түсті металл Су қуатынан

Шығыс электр өндірумен

Қазақстан әйгілі




Шығыс Қазақстан
өнірі
Кеңді Алтай

Зайсан Марқакөл Бұлақтар мол






Оңтүстік Қызылорда Жамбыл күріш

Қазақстан көкөніс


Оңтүстік Қазақстан
мақта

мұнай


Алатау

Минералды Алматы

шипалы су Табиғаты облысы

сұлу Қаратау

Жеміс – Сырдария,

жидек Түсті металл Іле өзендері





Семантикалық белгілер тобы


Р/с

Қазақстанның экономикалық

аймақтары


Қалалар


Теңіз, өзен


Тау


Өлкенің байлығы

1

Батыс Қазақстан

Атырау

Ақтөбе


Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы




мұнай

2

Солүстік Қазақстан

Қостанай Көкшетау Павлодар







астық

темір


асбест

3

Орталық Қазақстан

Қарағанды, Жезқазған аумағы, Ақмола, Павлодар облыстары

Есіл,

Нұра,


Жасыбай көлі




Алтын, мыс, қоғасын вольфрам,

Молибден

Марганец, көмір, мұнай


4

Шығыс Қазақстан

Семей

Өскемен


Зайсан, Марқакөл,

Бұлақтар мол



Алтай

Түсті металл

5

Оңтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары

Сырдария, Іле

Алатау, Қаратау

Мақта, көкөніс, жеміс-жидек


Венн диаграммасының стратегиясы бойынша:
Солтүстік Қазақстан Ортақ қасиеттері Оңтүстік Қазақстан
Қостанай, Солтүстік Қазақстан біздің Оңтүстік Қазақстан,

Қазақстан, Көкшетау, Отанымыз. Менің Қызылорда,Жам-

Павлодар сияқты туып өскен жерім - был,Алматы Об-

Солтүстік ауданда. Қазақстан. Пайдалы лыстары жатады.

Темір, асбест кең кеңдерге бай, Алатау, Қаратау

орындары. Екібастұз табиғаты сұлу, таулары, Сырда-

жылу энергиясын көл, өзен, байлыққа рия, Іле сияқты

өндіретін өндіріс. бай. ірі өзендер бар.

Атақты Көкшетау, Қазақстан – көп Бұл өлке –мақтаға,

Баянауыл сияқты ұлтты, егеменді көкөніске, жеміс-

сұлу жерлер мемлекет. Мен жидекке бай, кү-

осында, астығы мол Қазақстанда ріш, мұнай, газ,

өлке. тұратынымды шипалы су, түсті

мақтаныш етемін. металл бар.

Туған Отанымды, Оңтүстік астана -

халқымды құрмет Алматы.

тұтамын.

Тапсырма:

Берілегн синонимдік қатардан артық сөзді табыңдар.

Түйіскен, беттескен, тоғысқан, тоқайласқан.

Сарқылмас, суалмас, тартылмас, тоқталмас, таусылмас.

Сұлу, көркем, ажарлы, көрікті, талапты.

(Жаттығу орындау)
Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.


Р/с

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Тәуелсіз Қазақстан –

жері кең, ірі мемлекет.


+





2

Ол шартты түрде бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді

+




3

Батыс Қазақстан – Еуропамен шекаралас орналасқан.

+




4

өлкенің жер асты байлықтары көп емес.




-

5

Солтүстік Қазақстан мұнайлы жер.




-

6

Орталық Қазақстан – Сарыарқа деп аталатын аймақ.

+




7

Шығыс Қазақстан Семей мен Өскемен өңірін қамтиды.

+






Үйге тапсырма:

І деңгей – экономикалық аймақтарды мазмұндау.

ІІ деңгей – семантикалық тобын толықтыру, 1 экономикалық аймақты мазмұндау.

ІІІ деңгей – мәтінді оқып, аудару, сөздік жұмысы.

Келісілді:_____________ Бекітемін:______

ОТЖ бойынша «№ 1 ЖББМ» директордың орынбасары директоры

Ахметова Ш.К. Суханова С.Ю.

« » __________ 2011 ж. « » __________ 2011 ж.


«Тіл әлемінде» атты

қазақ, орыс және неміс

тілдерінен ашық интегралдық

сыныптан тыс шарасы
8 «А» сыныбы

Мұғалімдер: С.У. Бозова

А.Ю. Буслаева

Н.С. Бессонова



Шахтинск, 2011 ж.

Сыныптан тыс шарасы (көптілдер аясында)

Внеклассное мероприятие (в рамках полиязычия)

«Тіл әлемінде»

«В мире языков»

Мақсаты: өз пікірін айта білу, топта жұмыс жасау және қарым – қатынасты қалыптастыру, тілге қызығушылықтарын арттыру, әр тілде оқушылардың сөйлеу тілдерін және логикалық ойларын дамыту, тілдің негізгі бөлімдері бойынша өтілген тақырыптарын қайталату және қорыту.

Цель: повторить и обобщить изученный материал по основным разделам языка, развивать логическое мышление и устную речь учащихся на разных языках, прививать интерес к языкам, формировать навыки общения и работы в группе, умение отстаивать своё мнение.

Оборудование: интерактивная доска, презентации, фломастеры, ватманы, денежные средства (рубли, евро и тенге).


Ход мероприятия

Организационный момент

Под музыку входят ребята, которые будут представлять разные языки.

( учителя раздают учащимся жетоны различных цветов – красный, жёлтый для дальнейшего определения команд)

Приветствие (учителя приветствуют всех участников и зрителей на разных языках)

Сакып Узибековна (приветсвие на казахском языке)

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар қауымы, қадірменді қонақтар!

- Мінеки, бүгін біз сіздермен «Тіл әлемінде» атты шеберлік сыныбында жиналып отырмыз!

Анастасия Юрьевна (приветствие на немецком языке)

Надежда Серафимовна (приветствие на русском языке, целепологание игры, условие игры, приглашение ребят презентовать свой язык)

Первый блок

- Ребята по шесть человек презентуют языки, используя презентации (ребята говорят на языке, который они презентуют).

После презентаций ребята рассаживаются по цветовой гамме в команду.

Команда № 1 красный цвет.

Команда № 2 жёлтый цвет.

Второй блок

Выступление учителя немецкого языка:

Jetzt haben wir zwei Mannschaften. Hier und hier sitzen die Vertreter, die die deutsche Sprache als Fremdsprache erlernen!

Das Jahr 2010 gilt als Jahr «Deutschland in Kasachstan». Und jetzt kann jeder, der Deutsch spricht die Kenntnisse im Bereich der Landeskunde zeigen.

Richtige Antworte werden für die Mannschaft Euro gebracht!


  • Die Schüler wählen eine Frage und geben die Antwort

Третий блок (Задания)

№1 Мақал – мәтелдер. Пословицы.

( Объявляется на казахском языке, начинается работа с пословицами на казахском языке, немецком языке, русском языке).

- Бірінші тапсырма «Мақал - мәтелдер» жарысы. Кәне, балалар, тәлім – тәрбие туралы білімімізді қонақтарға көтсетейік.

- Әр топ ашылған мақал – мәтелдің қай тақырыпқа жататын, не болмаса басқа тілде аудармасын айтып беру керек.
№ 2 Синонимы антонимы

( Объявляется на русском языке, начинается работа на русском языке, казахском языке, немецком языке).

№ 3 Ұлы адамдар. Великие люди.

( Объявляется на немецком языке)

№4 Шығарманың авторы кім? Автор произведения?

( Объявляется на казахском языке, начинается работа на казахском языке, немецком языке, русском языке).

- «Көңіліңді, бойынды мөлдір бұлақтай таза ұста» - деп, Ыбырай атамыз бізге ақыл айтқан, сөйтіп «Шығарманың авторы кім?» деген

келесі тапсырмаға көшеміз.

- Балалар, қазір тақтаға шығарманың үзіндісі көрсетіледі, сол шығарманың авторы кім екенің ойланып, айтуларын керек.
№5 Фразеологизмы

( Объявляется на русском языке, начинается работа на русском языке, казахском языке, немецком языке)

№6 Сөйлемдер. Предложения.

( Объявляется на немецком языке)



Төртінші блок. (Қорытынды) Четвёртый блок ( Заключительный)

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Творческая работа учащихся.

Ребята делятся по языкам и каждая група отвечает на вопрос


  • Әр адамның өміріндегі тілдің рөлі!

  • Роль языка в жизни человека!

(Каждая группа получает ватман и фломастеры для работы)

В заключении каждая группа представляет свою работу.



Подведение итога игры ( подсчёт денежных средств, награждение).

- Тіл әрбір адамға міндетті түрде керек. Көп тіл білу – ол өмір талабы. Біз 3 тілді білеміз. Әр адам көп тіл білсе, ол өмірде жақсы, жауапты адам болады. Біз сіздердің баршаңызға денсаулық тілейміз, «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» - деп, Шыңғыс Айтматов айтқандай өз ана тілдеріне құрмет көрсетулеріңізді тілейміз.

Сіздерге РАҚМЕТ! Сау болыңыздар!!!

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНАН ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: фонетика бойынша алған білімін тексеру, тест тапсырмаларын жүргізе
отырып, білімдерін бекіту;

ә) Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, танымдылығын, ойлау қабілетін арттыру;

б) Тәрбиелік: тілді қадірлеуге, сонымен бірге сауатты, көркем жазуға, тазалыққа
тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест тапсырмалары

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындықтары және үй тапсырмаларын орындауы тексеріледі.



ІІ.Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру

А) Сәйкестендіру тесті

Тапсырма Жауаптар

  1. Қазақ алфавитінде неше әріп? 2

  2. Қазақ алфавитінде неше дыбыс? 42

  3. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? 25

  4. Қазақ алфавитінде дауыссыз дыбыс қанша? 42

  5. Қазақ тілінде буьн саны неше? 11

  6. Қазақ тілінде дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 3

  7. Қатаң дауыссыздар нешеу? 6

  8. ¥яң дауыссыздар нешеу? 6

  9. ¥нді дауыссыздар нешеу? 8

10. ¥ндестік заңы нешеге бөлінеді? 37

Жауаптары: 1 - 42,2 - 37, 3 -3,4 - 25, 5 -3, 6 - 6, 7 - 11, 8 - 8, 9 - 6, 10 - 2.

Ә) Жауап таңдау тесті Тест тапсырмасы

1.Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) У, ұ, ы, ө

В) Ө, ү, и, э

С) Ұ, ү, е, у

Д) О, ө, ұ, ү

Е) О,ұ, и, ө

2.Буын түрлерінің санын анықтаңыз.

А) Үш

В) Бес


С) Бір

Д) Төрт


Е) Екі

3. Көп нүктенің орнына қай дауыстыны


қойғанда мағыналы сөз шығатынын
белгілеңіз.

Сәл...м.


А) у

В) а


С) о

Д) е


Е) и

4. Қатаң дауыссыз дыбысты керсетіңіз.

А) Т, с, м, һ В)Х,к,с,ғ

С) Ү,с,л,й.



Д) Ф, к, қ, ж

Е) Ш, п, X, ц

5.Қай дауысты дыбыс әрі жуан,әрі жіңішке дауыстыға жататынын белгілеңіз.

А)ұ


В)о

С)У


Д)ө

Е)а


6. Соңы үндіге аяқталатын сезді керсетіңіз.

А) міндет

В) Кенесары

С) Ағаң

Д) Керпеш

Е) Қозы

7.Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Тұр


В) Жағалау

С) Залал


Д) Біз

Е) Ар


8. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Күйзеліс

В) Ойыншық

С) Әлдеқашан

Д) Кінәрат

Е) Бейсенәлі

9.Бас әріппен жазылатын сөзді анықгаңыз.

А) Тараз


В) Таразы

С) Ақпан


Д) Шілде

Е) Келік


10. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А) Іні

В) Әпке

С) Қарт

Д)Дала


Е) Намыс

11. Буын талғайтын әріпті көрсетіңіз. А)а

В)е

С)ы


Д)н

Е)ә


12.Қатаң дауыссызға аяқталған сөзді

көрсетіңіз.

А) Жұмбақ

В) Тәж


С) Тәжірибе

Д)Таң


Е) Жібер

13. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

А) Мектебім

В) Әсемпаз

С) Қашса

Д) Жазса

Е) Геологтер

14.Еріндік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.

А)5

В)9


С)6

Д)4


Е)7

15. Тек бітеу буыннан тұратын сөзді


көрсетіңіз.

А) Белгімен

В) Белме

С) Көркемде

Д) Балталы

Е) Бөрткен

16. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Боса


В) Қас

С) Қант


Д) Аз

Е) Сақ


17. Жуан сөзді табыңыз.

А) Мұғалім

В) Әдебиет

С) Кітап

Д) Асхана

Е) Материк

18. Бірыңғай ашық буынды сөзді
табыңыз.

А) Қала.

В) Мәтін

С) Омарта

Д) Ойлы

Е)Рух


19. Қысаң дауыстылардың саны қанша
екенін белгілеңіз.

А)7


В)6

С)8


Д)10

Е) 4.


20. Жіңішке сөзді табыңыз.

А) Балгер



В) Өсімтал

С) Жұмысшы

Д) Еңбек

Е) Әсемпаз

21.Буын құрай алмайтын дыбысты табыңыз.

А) И


В) Ү

С) І


Д) Ж

Е) Е


22. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Ант


В) Қант

С) Баспана

Д) Анар

Е) Бұрғы


23. Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.

А)и


В)у

С)ө


Д)а

Е)о


24. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс
барын белгілеңіз.

А)10


В)12

С)16


Д)14

Е)11


25. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Анар


В) Бұрғы

С) Баспана

Д)Ант

Е) Қант



26. Ұяң дауыссыздан басталатын бес арыстың бірін көрсетіңіз.

А) Ахмет


В) Мағжан

С) Шәкәрім

Д) Жүсіпбек

Е) Міржақып

27.Қысаң дауыстылар қалай жасалатынын белгілеңіз.

А) Еріннің ілгері созылуы

В) Тілдің ілгері созылуы

С) Жақтың тар ашылуы

Д) Жақтың кең ашылуы

Е) Тілдің кейін шегінуі

28.Жуан дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.

А) О,Ө,Ү,Ү

В) Ұ, Ы, О, А

С) Ы, I, И, А

Д)А,Ө,І,И

Е) Ә, Е, Ы,Ұ

29. Жұп құрауға қабілеті бар
дауыссыздарды көрсетіңіз.

А)с,һ


В)қ,х

С)т, щ


Д)ш,ң

Е)ф, в


30. Буын түрлерінің санын анықтаңыз.

А) Бес


В) Төрт

С)Екі


Д)Бір

Е)Үш



Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.
Мақсаты:

1.Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, үлкен мәлімет беру, білімді қалыптастыру.

2.Оқушылардың есте сақтау,мәтін арқылы салыстыру, өз бетімен ойлау, қорытындылау дағдыларын дамыту, өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.

3.Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.



Көрнекілік.:

Мультимедиада дайындалған слайдтар: Қазақстан картасы,Астана каласының көрінісі,сұрақтар,өлеңнің сөздері.



Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,әдеби монтаж.

Сабақтың әдістері:ой шақыру, қорытынды жасап іздену, ойын талдау-жинақтау әдістері...

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру қезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын қою.

2.Үй тапсырманы тексеру.

3.Жаңа сабақ бойынша:



Тәуелсіз Қазақстан. Тұйық етістік.

Сөздік.

Жоғарғы Кеңес - Верховный Совет

Жарияланды - было объявлено

Ауызбірлік - единство
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсаңда Қазақстан тәуелсіз республика деп жарияланды. Бұл күн -Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріппен жазылды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері біздің елді әлемнің жүзден астам елі таныды. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.

Ш - деңгей

Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңдар. Мәтінге сұрақ кұрастыр.

Жаттығу. Орындары ауыстырылып берілген. Сөздердің септіктерін дұрыс қойыңдар.

А.С. тәуелсіздік мемлекетке

I.e. тәуелсіздіктің мемлекетпен

Б.с. тәуелсіздікке мемлекеттің

Т.е. тәуелсіздікті мемлекеттен

Ж.с. тәуелсіздікте мемлекет

Ш.е. тәуелсіздіктен мемлекетті

К.С. тәуелсіздікпен мемлекетте
Тапсырма. Синонимдік қатарды жалғастырындар.
Тәуелсіз, егеменді,....

Жариялады,...

Бүкілхалыктық мейрам,...
ІІ деңгей

Сұрақ - жауап.

-Біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Қазақетан Республикасының елбасы кім?

-Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Ал, тәуелсіздік дегеніміз не?

-Қазақстан Республикасы тәуелеіздік күнін кашан мерекелейді?

-Биыл,тәуелеіздіктің неше жылын тойлаймыз?

Тапсырма. Жаңа астанамыз Аетана қаласында болдыңдар ма? Сурет бойынша әңгімелеңдер. Пікірлесіңдер.

Жаттығу. Етістіктерді теріп жазып қалау райға қойьщдар. Мәтіңді орысшаға аудар. Мазмұндаңдар.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, бүкілхалықтық мейрам. Бұл мерекені бүкіл халық тойлайды. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Біздің мектепте де бұл мейрам атап өтіледі. «Қазақстан - тәуелсіз ел» атты әдеби кеш, зияткерлік сайыстар, мерекелік концерттік бағдарламалар, спорт жарыстары өткізіледі. Барлық оқушылар бұл шараларға белсене қатысады.


Тапсырма. Сұрақ — жауап
Сендер, Тәуелсіздік мерекесін қалай тойлайсыңдар?
I деңгей
Тапсырма.

Ұлылардан қалған асыл сөз. Бөлтірік шешеннің сөзі.



Ой қозғаңыз.

-Екі көзің неге керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі қолың неге керек?

Елге көмек беру үшін.

Неге керек құлағың?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Тіл мен жағьң неге керек?

Ақиқатты айту үшін.

Ал аяғың неге керек?

Шетте жүрсем туған елге қайту үшін.
Тапсырма. Тәуелсіздік мерекесі күнімен әріптестеріңізді құттықтаңыз.


  1. Тапсырма «Бәйтерек» кешені ненің символы?



Тапсырма. «Туған елің үшін не істей аласың?». Пікір — талас. Эссе жазып келіңдер.

Джон Кеннеди американ халқына: «Ел сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыздар, сіз ел үшін не істей аласыз деп сұраңыздар»,- деп айтқан екен.


Өлең айтайық!
АТА МЕКЕН
Сөзі Қ. Мырзалиевтікі.

Әні Е. Хасанғалиевтікі


Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Айдарымнан сипап өткен самалды, Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең ата мекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Асқар тауың аспаныммен, таласқан, Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Куннің нұрын, айдың әппақ сәулесін, Қазағымның махаббаты деп білем.

1 жалпы білім беретін мектебі



RWST бағдарлама бойынша ашық сабақ:

«Көктем. Қайталау сабағы»

Өткізген: Бозова С.У.

Шахтинск 2011

Сынып: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Көктем. Қайталау»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақ тақырыбына байланысты білім деңгейін тексеру.

2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру; табиғатқа, жерін қорғайтын патриот болуға тәрбиелеу.

3. Сөздік қорын бақылау, ауыз екі тілін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: мұғалім түсіндіруі, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сұрақ карточкасы, кілт сөздері, шығу карточкасы,көктемгі суреттер.

Сабақтың барысы: I. ¥йымдастыру кезеңі.

а)амандасу;

э) кезекшімен сұхбаттасу.

- Бүгін сабақта кім жоқ?

- Қазақ тілі нешінші сабақ?

- Аптаның қай күні?

- Наурыздың нешесі? (Балалар дәптерге ай мен күнді түсіреді).

б)- Балалар, біз бүгін топ болып, жаңа стратегия бойынша жұмыс істейміз, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.

в) - Балалар, қазір қандай жыл мезгілі келді?


II. Жаңа сабақ.

а) «Көктем» деген сөзге ассоциация жазу.(балаларға ойлануға уақыт беріледі, олар оз ойларын тақтаға түсіреді).

ә) Жаңа сөздермен жұмыс: жібиді - подтаивает, қатады - замерзает,

жылынып келеді - становится теплее, бұлтты - облочный, тойлаймыз - празднуем, встречаем, жаяды - накрывают, тілек - пожелание (оқушылар ауызша қайталап, сөз тіркес немесе сөйлем құрастырады).

б) Кілт сөздермен әнгіме құрастыру:

Көктем ....

Күн наурыз айында ....

Біз наурыз мерекесін ....

Адамдар ....

Оқушыларда... .

(Әр оқушы өз дәптеріне жазады, бір - біріне айтады, топта бір спикер айтып береді).

в) Мұғалім өз дайындаған «Көктем» туралы мәтінді оқушыларға береді және оқушылар сәйкес келді, сәйкес келмеді деген карточканы толтырады, бір - біріне оқиды.

г) Оқушылар сұрақ - жауап беріп, бір - бірімен пікірлерімен бөліседі.

1. Мәтінді оқығанда, қандай ойлар келеді? (Что вы почувствовали при чтении текста?)

2. Сендер табиғатты, жерді қорғауға қандай үлес

қосасындар? (Какой вклад вы внесли бы в защиту природы и земли?)


III. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

IV. Практикалық жұмыс.

I топ:


«Тойлаймыз» сөзді жіктеу.

II топ:

«Көктем»деген сөзді септеу.

III топ:

«Жібиді» сөзіне фонетикалық талдау жасау.



V. Сұраулы сөйлем стратегиясы.

«Біз Наурыз мерекесін тойлаймыз» сөйлемнен бірнеше сұраулы сөйлем құрастыру.



Мысалы: Қандай мерекесін тойлаймыз?

Наурыз мерекесін неге тойлаймыз?...


VI. Шығу карточкасы.

1. Осы сабақта нені білдің? (Что ты узнал на этом уроке?)

2. Қай жерде қиын болды? (Где было трудно?)

VII. Оқушыларды бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы беру.

Венн диаграммасын толтыру.

Қыс - не ортақ? - Көктем

ІІІ Глоссарий

Құқықтық - правовой

Бейбіт сүйгіш - миролюбивый

Өркениетті- цивилизованный

Өндіретін өндіріс –промышленное производство

Қамтиды - обеспечивает



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ тілі оқулығы орыс мектептері үшін


Артықова Т.М., Кемеренова Б.

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналдары - 2004 жыл № 4, 2005 № 4, 2005 №3

  2. «Ұлағат» - журналдары 2005 ж. №3

4. қазақ әдебиеті 7 - сынып

  1. этнопедагогика 2005 жыл № 2

  2. Бағыты білім беру - М. Айтбекова қазақ тілі мен әдебиеті журналы № 3, 2005ж.

  3. Тіл мәдениеті - Г.Сүлейменова

  4. «Нәтижеге бағдарланған білім беру мазмүның дамытудың түжырымдамалық негізі».

  5. «Атамекен» Қарағанды обл. Энциклопедиясы.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет