Талқылауға арналған тармақтар:
Қойдың ішегінің ұзындығы өзінің денесінен 28 есе ұзын, ал адамның ішектері 6 есе, арыстанда 3 есе ұзын болады. Неге осындай айырмашылықтар болатынын талқылап, жауап беріңдер. /Ішектердің ұзындығы жеген тамаққа байланысты болады. Қой өсімдіктекті қорекпен қоректенгендіктен қиындау қорытылады, арыстан етпен қоректенеді, сондықтан қорытылуы жеңілдеу, ал адам өсімдіктекті азықпен және етпен аралас қоректенеді.
|