КҮнтізбелік-тақырыптық жоспар арнаулы курс информатика



Дата01.07.2016
өлшемі285.5 Kb.
#169865
ҚАРАСТЫРЫЛДЫ: КЕЛІСІЛГЕН: БЕКІТІЛГЕН:

Әдістемелік кеңестің Оқу ісінің меңгерушісімен №25 орта жалпы отырысында Ахмежанова Г.Н. білім беру хаттама № мектебінің директоры:

Г.С. Бержанова Жалмағамбетова Б.Ш.

« »­­­­­____________2009 ж « »­­­­­___________2009 ж « »­­­­­___________2009 ж



КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

АрнаУЛЫ курс ИНФОРМАТИКА

Сыныптар: 5а,ә , 6а,ә


Мұғалім: Базарканов Саят Бакытович

Жылдық сағат саны­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­:


5 сынып барлығы__34_сағат, апталық саны___1__ сағат

6 сынып барлығы__34_сағат, апталық саны___1__ сағат




Күнтізбелік қандай бағдарламаға сәйкес жасалған:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі. 12 жылдық мектепте

5-6 сыныпта информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы. Алматы, 2007

Қараев Жауымбай Амантурлыұлы, Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы, Нұрманбетова Шайкамал Қасенқызы

Қосымша әдебиеттер:

Электрондық оқулық SIN_kaz, Kzinfor5.5.

Информатикадан 30 сабақ, Е.Қ. Балапанов; Б. Бөрібаев, Алматы99

Жоспарды құрастырушы:_______ Базарканов Саят Бакытович

қолы толық аты-жөні

Павлодар, 2009

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2005-2010 жылдарға дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Жалпы орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Информатиканы оқытудың мақсаты – ақпараттық ортада түрлі ақпараттарды қабылдау, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Информатиканы оқытудың міндеттері:


  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Информатика пәнін 5-6 сыныпта оқытудың мазмұндық желісі негізгі мектепте информатиканы үйретудің мазмұндық желілерімен пропедевтикалық деңгейде сәйкес келеді және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен байланысты қарастырылады.

Информатика курсының алғашқы базалық ұғымдары туралы алынған мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғат нысандары, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi негізінде қалыптасады.

Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын информатика пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет. Осы тұжырым негiзiнде пәннiң негiзгi мақсаты таңдап алынды.

5-сыныптағы информатика пәнінің бағдарламасының мазмұндық бөліктері:

Компьютер және оның құрылғыларымен жұмыс жасау.

Интерактивтік тақта және оның құрылғыларымен жұмыс жасау технологиясы.

Ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктер.

Ақпараттық үрдістің негiзгi заңдылықтары.

Түрлі ақпараттарды өңдеп, жобалауда интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін қолдану.

Әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерi.

Нысанды топтаумен және оны бөлуде қабаттардың мүмкіндіктерін қолдану.

Жиын және оның элементтерін топтауда интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін қолдану.

Алгоритм атқарушысы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгеру.

Графикалық және мәтiндiк редакторларда жұмыс iстеу.

Алгоритмдеу және оның атқарушылары.

Пәннiң бағдарламалық мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.

Информатика пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.

6-сыныптағы информатика пәнінің бағдарламасының мазмұндық бөліктері:

Алгоритм түсінігі және оның қасиеттері. Алгоритмді түрлендіру тәсілдері. Алгорим типтері. Атқарушы. Алгоритмдер кітапханасы. Компьютерде есептерді шешу. Есептерді шешу кезеңдері. Бөліктеу әдістері.

Программалау негіздері: программалау тілінің алфавиті, командаларды жазу ережелері. Программа түсінігі оның құрылымы. Айнымалы түсінігі: аты, типі, мәні.

Мәліметтер типі түсінігі. Өрнек түсінігі.

Программадағы мәліметтерді енгізу және шығару әрекеттерін йымдастыру. Сызықтық, тармақтық және циклдік алгоритмдерді программалау. Литерлік шамалар. Графиктік объектілер. Ішкі программалар.

Массив түсінігі: элементтер типі, өлшемі, индекстері.

Программалар жүйелерінің мүмкіндіктерін үйрену.

Модель мен модельдеу түсінігі. Модель анықтамасы. Модель типтері. Компьютерлік модельдеу элементтері. Статистикалық және динамикалық модельдер. Модельдеу тәсілдері.

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Жергілікті желілер: құру тәсілдері, жұмысты ұйымдастыру, программалық қамсыздандыру. Глобальдық ақпараттық желілер. Интернет. Электрондық пошта. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі: Интернет – бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік кітапхана; бүкіләлемдік білімдік орта; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттық қоғам.

Курстың тақырыптары компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық, алгоритмдік және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық үрдістер” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен абстрактiлi ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.

Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Аталған кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.

Кейбiр тақырыптарды меңгеруде оқушыларға басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Ол пәннiң пәнаралық байланысын қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолдану жан-жақты қарастырылады. Әсіресе, пәнаралық байланыстар интерактивтік технологиямен, стандартты және офистік программалармен жұмыс жасау барысында мысалдармен нақтыланып, айқындалады. Мысалы, математика, қазақ тілі, сурет сабақтарындағы мысалдар жиі қарастырылып, аталған программалар құрал ретінде қолданылады.

Пәндi 5-6 сыныпта оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағаттық мазмұнды қамтиды.

Оқу бағдарламасын құрастыру барысында 5-6 сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.



Пәнаралық байланыс

Информатиканы оқыту барысында келесі пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:



Математика:

- математикалық дағдыны қолдану арқылы ақпараттарды кодтауды;

- математикалық типтегі есептерді компьютерде орындау алгоритмін жазуда оқушылардың алгоритмдік-логикалық ойлау қабілетін дамыту;

- математика сабағында компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда;

- алгоритм атқарушыларының қызметін логикалық сипаттағы математикалық есептерге қолдануда және т.б.

- математикадан алған білімдерін графикалық ақпараттар ретінде компьютерде өңдеуде;

- алгоритмнің графиктік түрде жазылуына графикалық редакторды қолдану.

Қазақ тілі:

- ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру бағытында кез келген мәтінді редакторлеуде;

- сауатты жазудың техникасын негізге ала отырып, мәтіндерді жазу мен оны редакторлеуде.

Әдебиет:

- ақпараттарды кодтауда алфавиттердің орналасу ретін пайдалану;

- мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтарды жазу үлгілерін компьютерде сауатты түрде теруде;

- алгоритм командаларын жазуда ана тілінің негізгі материалдарын қолдануда.



Жаратылыстану

- табиғат құбылыстарын информатикадан практикалық тапсырмалар ретінде қолдануда;

- ақпараттың қоршаған ортада символдарды бейнелеу мәнімен байланыстыруда;

- графиктік редактордың құралдарын қолдану арқылы табиғат құбылыстарын бейнелеуде.



Музыка өнері

- музыкадан алған білімдерін дыбыстық ақпараттарды өңдеуде қолдануда;

- музыкалық ақпараттарды музыкалық редактор арқылы өңдеуде;

- ноталарды жазудың алгоритмін құрастыруда.



Технология

- қазақтың ою-өрнектерін графиктік редактордың құралдарын пайдалану арқылы компьютерге бейнелеуде;

- құрамақтардың бейнесін салуда графиктік редактордың мүмкіндіктерін қолдануда;

- түрлі заттар мен бұйымдардың моделін жасақтауда графикалық модельдеуді қолдануда;

- кез келген заттарды модельдеуде алгоритмді жазуда.

Дене тәрбиесі

- компьютермен жұмыс жасау ережелерін сақтауда көз, дене жаттығуларын өткізгенде;

- сергіту сәттерін өткізгенде.



Құзырлылық

Проблемаларды шешуге бағытталған құзырлылық

Бағыттары

I деңгей

II деңгей

III деңгей

Проблемаларды анықтау

- оқушы мұғалімнің берген информатиканың ғылыми пән ретіндегі түсінігін қандай тұрғыдан шешу қажеттілігін түсіндіреді;

- жалпы мағынада информатиканың басқа пәндермен өзара сабақтастығын және пәндік ерекшеліктерін ажырату арқылы сипаттайды.



- информатиканың ғылыми пән екендігін агықтама беру арқылы негіздейді;

- информатиканың мазмұнына талдау жасайды және олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды көрсетеді;

- информатиканың мазмұндық көрсеткіштерінің сапасын көрсетеді.


- информатиканы ғылыми пән ретінде анықтайды және сипаттайды;

- информатиканың мазмұнына талдау жүргізіледі (оның пәнаралық байланысын көрсетеді)



Мақсатты қою және іс-әрекетті жоспарлау

- информатиканың мазмұндық желісін өзара байланысы мен сабақтастығын айқындайды және мазмұнның концентрлі түрде құрылғандығын сипаттайды.

- информатиканы оқытудың мақсатын шешуге бағытталған міндеттерді қояды;

- ақпарат, модельдеу, алгоритм ұғымдарының өзара байланысы мен жүйелілігін анықтау барысында оқушылардың іс-әрекетін анықтайды.




- информатиканы оқытудың мақсатына жететін мазмұндық желілерді айқындайды;

- информатиканың тақырыптарына талдау жасау арқылы мақсатты қояды;

- қойылған мақсатқа жету идеяларын негіздейді.


Технологияларды қолдану

- компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың нұсқауы қатаң түрде сақталады.

- оқушылардың іс-әрекетіне сәйкес компьютердің қызметін жоспарлауда модельдеу мен алгоритм сияқты мазмұндық желістерді қабылдауды ұйымдастыру.

- нысан, модель, жиын, тізбек, алгоритм сияқты мазмұндардан алған білімдерін түрлі ақпарат ағымдарын өңдеуде қолданады

Ресурстарды жоспарлау

- оқушының белгілі бір қызметтерін орындауда ақпараттық ресурстарды қолдану басшылыққа алынады.

- қойылған міндеттерді шешуде ақпараттық ресурстар қолданылады.

- түрлі міндеттерді шешуде тиімді ақпараттық ресурстарын таңдау процесі жүргізіледі.

Іс-әрекеттерді бағалау

- берілген алгоритм бойынша іс-әрекеттерін бақылау орындалады.

- оқушылардың өзіндік жұмыс жасау әрекеті компьютерде жоспарланады және өздерінің қызметін компьютерлік ортада бақылау іске асырылады.

- алгоритммен жұмыс жасау әрекеттері негізделеді немесе оқушылардың білімін бақылау нәтижелері бойынша қызметтерін ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі.

Іс-әрекеттің нәтижесін бағалау

- алынған білімдерін салыстыру арқылы толықтырып, қорытындылайды;

- өзінің іс-әрекеттерін алынған білімдері бойынша бағалайды.



- іс-әрекет қимылдарын бағалаудың белгілеріне сәйкес алынған білімдері бағаланады.

- қойылған мақсатқа жетудің тәсілдері ұсынылады.

өзіндік іс-әрекетті бағалау

- өзіндік іс-әрекеттерінің жақсы және жаман жақтары көрсетіледі;

- өз іс-әрекеттерін ынталандыру бағыттары айқындалады



- өзіндік іс-әрекеттерінің жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіледі;

- информатиканың кейбір бөлімдерін меңгеруде, атап айтқанда, модель, алгоритм атқарушыларымен жұмыс жасау барысында кездескен қиыншылықтарды және олардан қалай шығу жолдарын атайды;

- өздерін ынталандыру қызметтеріне және өзәндәк шешім қабылдауға талдау жасайды


- алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді.

Ақпараттық құзырлылық


Бағыттары

I деңгей

II деңгей

III деңгей

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

- алынатын білімдік ақпараттарын таныс немесе таныс емес деп бөледі;

- қойылған міндеттерді шешуде білімдік ақпараттарының қайсысын қолдануға болатындығын және болмайтындығын шешеді;

- қойылған мақсаттарды шешуге қажетті білімдік ақпараттарын бөліп алады


- қойылған міндеттерді шешуде қандай ақпараттың қажеттілігін атайды.



- қойлыған іс-әрекеттердің міндеттерін шешуге сәйкес ақпараттарды іздеу процесін жүргізуді жоспарлайды;

- өздігінен ізделінетін ақпараттың аяқталғандығы туралы шешім қабылдайды.




- анықтамалар, сайттан материалдарға сілтемелер қолданылады.



- Интернеттің ақпараттық жүйесі қолданылады;

- түрлі қосымша әдебиеттер қолданылады.









- берілген ақпаратты іздеуде қандай ақпарат көздерінің типтерін іздеу қажеттігі анықталады;

- ізделінетін ақпараттарға сәйкес ақпарат көздеріне сипаттама беріледі



Ақпарат көздерінен алынған ақпараттар ізделінетін ақпараттарға сәйкес тұжырымдалады.


Ақпаратты өңдеу

- алынған ақпаратты дәл мазмұндайды.

- қойылған міндеттерді шешуге байланысты алынған ақпараттар мазмұндалады.



- ақпараттың жеткіліксіздігін немесе оның мағынасын түсінбейтіндігін көрсетеді.


- ақпараттың дәлдігін тексеру тәсілі ұсынылады.

- тексеру барысында өздігінен ақпараттарды ұсынады.


- ұсынылған ақпарат көздеріне сәйкес қорытындылар жасайды.

- қорытынды жасау барысында ақпараттың дәлдігін айқындайтын бірнеше мысалдар келтіреді.

- салыстырмалы талдаулар жасау арқылы ақпараттың ықтималдығын айқындайды.


Ақпараттарды өңдеуде логикалық амалдарды қолдану


- ақпараттарды түсіндіру, бағалау үрдістерін жүргізеді;

- ұсынылған ақпараттарды берілген тапсырмаларға сәйкес бөліктерге бөліп, қорытындылайды;

- берілген тапсырмаға сәйкес ақпараттарды топтайды;

- нысандар, модельдер және алгоритмдер түсініктерін ортақ белгілерін бөліп алу арқылы негізгі және қосымша деп бөліп алуға болады;

- олардың өзара байланыстылығын және байланысты емес белгілерін табады.


- өздігінен ақпараттарды топтайды;

- негізгі түсініктерді ескере отырып, өздігінен анықтама береді;

- ортақ қасиеттерін бөліп алады;

- болжамды тексереді;

- алынған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, информатика бөлімдерінің өзара байланыстылығын айқындайды;


- барлық жағдайларды бағалау арқылы өздігінен мысалдар келтіреді.;

- салыстырмалы талдаулар жасау арқылы негізгі ұғымдарды бөліп алады және қорытынды жасайды;

- алынған білімдерін нақты жағдайларда қолдану бөліктерін таңдап алады.



Коммуникативтік құзырлылық


Бағыттары

I деңгей

II деңгей

III деңгей

Жазбаша коммуникация

- өз ойларын қарапайым мысалдар келтіру арқылы жазбаша түрде жеткізе алады.

- өз ойларын күрделі мысалдар келтіру арқылы жазбаша түрде жеткізе алады.

- жазбаша түрде ақпараттарды өңдеуді және алгоритмдерді бейнелеуді ұсынады.


- берілген теориялық мазмұнға сәйкес өз ойларын белгілі бір үлгі бойынша (графиктік , сандық, дыбыстық және т.б.) тұжырымдай алады.

- компьютерді қолдану арқылы өз ойларын сауатты түрде жеткізе алады.


- талқыланған мәселелерді жазбаша құжат түрінде өңдейді.


Мәнерлеп сөйлеуге даярлау

- компьютерді қолдану арқылы сөйлеу мәдениетін үйренеді;

- белгілі бір уақыт бойынша сөйлеуді үйренеді;

- негізгі мәселелерді бөліп алу бойынша сөйлеу интонациясын қолдануды үйренеді.


- сөйлеу барысында логикалық байланыстарды қолданады;

- көрнекі материалды қолдану арқылы сөйлеуді үйренеді.



- өздігінен көрнекі материалдарды дайындап, сөйлеуге дағдыланады;

- сөйлеу барысында аудиторияны өзіне тарта білетін тәсілдерді қолданады.




Диалог

Диалогты жүргізу барысында компьютердің мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді.


Компьютерлік желі арқылы өз әріптестеріне сұрақ қойып, жауаптар алады.

Диалогты жүргізу барысында өз әріптестерінің кемшіліктерін түзетеді.

Өнімдік топтық коммуникация

- оқушыларды топтық талқылауға қатыстыруды үйрету

- өздігінен әріптестеріне берілген проблемалық тақырыптарға сәйкес сұрақтар қою техникасын меңгереді.

-талқылау барысында жеңіліп бара жатқан жағдайда одан шығу жолдарының тәсілдерін қолданады.





- талқылауға қатысу барысында өздігінен кез келген жағдайдан шығу жолдарын меңгереді.

- талқылауға қойылатын талаптарды сақтау ережелерін өздігнен игереді.


- оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беруді үйренеді.


Топпен жұмыс жасау барысында әрқайсысы өз міндеттерін бөліп алады.



Өзінің идеясын топ оқушыларына түсіндіре алады.

- оқушылар идеяны жүзеге асыру барысында сұрақтар қояды және оны басқа жолдастарына түсіндіріп, идеяны дамыта алады.

- талқылауды өздігінен бағалай алады.



5 сыныптағы Информатика пәнінің арнаулы курс бағдарламалық мазмұны

Реті

Тақырыптар мазмұны

Сағ.

саны


1

Компьютер және оның құрылғылары:

  • компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері. Техника қауіпсіздігінің ережелері; Көз жаттығулары

  • компьютер және оның құрылғылары: жүйелік блок, ақпараттарды шығару және енгізу құрылғылары;

  • пернетақта. Пернетақтамен жұмыс жасау ережелері;

  • тышқан құрылғысы;

  • монитор;

- Интерактивтік тақтаның құрылымы және оның мүмкіндіктері.

4

2

Ақпараттық технология:

  • Интерактивтік тақта құралдарының түрлері: негізгі, арнайы және Флипчарт құралдары

  • Флипчарт ұғымы. Қабат және оның түрлері.

  • Флипчарт жасауда негізгі және арнайы құралдарды пайдалану;

  • Мәтінді енгізу құралдары;

  • «Кітапхана ресурстарын» графиктік ақпараттарды өңдеуде қолдану;

- Математикалық фигураларды салуда Сызғыш, циркуль және транспортир құралдарын қолдану;

- «Алтын балық», «» және т.б. ертегілерінің жобасын Флипчартта жасау



- Дыбыстық ақпараттарды өңдеуде «Дыбысты жазу» құралдарын пайдалану

6

3

Модельдеу және формальдау:

  • модель ұғымы және оның мәні;

  • модель түрлері: ақпараттық және графиктік;

  • ақпараттық модельдің формалары: кестелер, графиктер, графтар және диаграммалар;

- кескіндерді, кестелерді және графтарды құрастыру тәсілдері.

5

4

Ақпарат және ақпараттық үрдістер:

  • ақпарат ұғымы және оның түрлері;

  • ақпарат қасиеттері;

- ақпаратты кодтау.

3

5

Ақпараттық жүйелеу негіздері:

  • нысан ұғымы. Нысан аты. Нысан қасиеттері;

  • жиындар. Нысандарды топтау тәсілдері;

  • ақпараттық нысан;

- нысан және оның элементтері.

5

6

Алгоритмдеу:

  • Алгоритм ұғымы;

  • Алгоритм түрлері;

  • Алгоритмді жазу тәсілдері;

- Атқарушылар: «Қара жәшік», «Робот», «Шегіртке», «Қайық», «Суқұйғыш».

7

7

Телекоммуникация:

  • Интернет түсінігі;

  • Компьютерлік желілер;

  • Ақпараттарды алу мен қабылдау тәсілдері;

  • Ақпараттық қауіпсіздік. Вирустан сақтану тәсілдері

4

8

Барлығы:

34


6 сыныптағы Информатика пәнінің арнаулы курс бағдарламалық мазмұны




Сабақтың тақырыбы

Сағат

Күні




І топ

ІІ топ




1

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерi.

1










2

Алгоритм және оның қасиеттерi.

1










3

Блок-схемалар түрiндегi алгоритмдер көрсетiмi.

1










4

Алгоритмдердi алгоритм тiлiнде көрсету.

1










5

Қарапайым есеперді алгоридік тілінде шығару

1










6

Алгоритмдi Pascal бағдарламалау тiлiнде көрсету. Орындаушы түсiнiгi. Орындаушы командалар жүйесi.

1










7

Pascal редакторымен танысу. Алгоритмнiң түрлерi: сызықтық, тармақталу, циклдiк. Көмекшi алгоритм түсiнiгi.

1










8

Графикалық операторлар. ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдерi: есептiң берiлуi, алгоритмi, тәсiлi, математикалық моделi, программасы.

1










9

Программалау тiлi. Тiлдiң алфавитi. Программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi. Шамалар, олардың түрлерi. Pascal бағдарламалау тiлiнде алгоритмдердi аудару.

1










10

Программа және оның құрылымы туралы түсiнiк.

Тармаќталу, таңдау командасымен есептердi шығару практикумы



1










11

Берiлгендер типi туралы түсiнiк. Берiлгендердiң стандартты түрi.Айнымалы түсiнiгi.

1










12

Өрнектер. Әр түрлi тип мәндерiн өрнектерде пайдалану.

Меншiктеу операторы. Сандық функциялар.



1










13

Берiлгендердi енгiзу және шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмдi программалау. Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа.

1










14

Циклдiк алгоритмдi программалау. Циклдiң түрлерi.

1










15

Есеперді шығару.

1










16

Графиктiк ереже. Экранның координаталық жазықтығы. Графиктiк редактор. Графиктiк объектiнi программалау.

1










17

Символдық берiлгендермен жұмыс жасау амалдары.

1










18

Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк.

1










19

Бiр өлшемдi массивтермен жұмыс.

1










20

Кестелiк шамалар. Жиымдар.

1










21

Кестедегi барлық элементтердi жалпы ереже бойынша өңдеу.

1










22

Берiлген шартты қанағаттандыратын кесте элементтерiн













23

Есепер шығару, массивтер.

1










24

Кестедегi ең үлкен (ең кiшi) элементтi табу.

1










25

Символдық мәлiметтермен жұмыс

1










26

Модельдеу. Модель түсiнiгi .

1










27

Модельдеу тәсiлдерi, кезеңдері

1










28

Көмекшi алгоритмдер. Процедуралар.

1










29

Көмекшi алгоритмдердi Pascal тiлiнде iске асыру

1










30

Есептердi шығару практикумы.Pascal тілінде есептер шығару

1










31

Ауқымды ақпараттық желiлер. Интернет.

1










32

Электрондық пошта арқылы хабарларды алу, жiберу.

Ақпаратты іздеу. Ақпарат іздеу серверлері.



1










33

Жалпы жылдық қорытынды. Есептерді шығару, қайталау.

1










34

Жалпылау сабағы

1












Күтілетін нәтижелер
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

Ненi бiлуi тиiс:

  • компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;

  • көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;

  • компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн ;

  • пернетақта мен «тышқан» қол тетiгiнiң атқаратын қызметiн ;

  • нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;

  • ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;

  • ақпарат қасиеттерiн;

  • ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;

  • ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;

  • тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;

  • «жиындар ұғымын» ;

  • «модельдер» ұғымын;

  • графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;

  • алгоритм және оның түрлерi – сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер туралы мағлұматты;

  • «атқарушы» , «орта» және «атқарушының командалар жүйесi» ұғымдарын;

  • мәтіндік және графикалық редактордың мүмкiндiктерiн;

  • компьютерлік желілер түсінігін.

Ненi үйренуi тиiс:

  • компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн сақтай бiлудi;

  • көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды орындай бiлудi;

  • компьютердiң негiзгi құралғыларының қызметiн орынды пайдалана бiлудi;

  • қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана бiлудi;

  • «тышқан» қол тетiгiн пайдалана бiлуді;

  • нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;

  • нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиеттерiн (түсiн, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгiлерiн) анықтай бiлудi,

  • нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;

  • ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтiрудi;

  • кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;

  • тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;

  • көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;

  • графикалық және ақпараттық модельдердi анықтай бiлудi;

  • сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;

  • атқарушының командалар жүйесi көмегiмен берiлген атқарушының алгоритмiн құра бiлудi;

  • мәтіндік және графикалық редакторлар құралдарын орынды пайдалана бiлудi.

П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р т i з i м i




  1. Семенов А.Л., Рудченко Т.А., Щеглова О.В. Информатика, Институт новых технологий образования, 2000.

  2. Информатика в играх и задачах. Под редакцией Горячева А.В., МЭСИ, 2000.

  3. Макарова Н.В. Информатика Санкт-Петербург, 2000.

  4. Семакин И., Залогова Л., Русако С., Шестакова Л. Базовый курс информатики, 2000.

  5. Челак Е., Конопатова Н. Развивающая информатика, Лаборатория базовых знаний, 2001.

  6. Валединский В: Шаг за шагом: информатика, основные понятия, Москва, 1995.

  7. Ермеков, Кафункина Л. Информаика 9 класс Турбо Паскаль

  8. Зарецкий Д.В., Зарецкая З.А. Компьютер твой друг, Дрофа, 1997.

  9. Айзенк Г.Ю. Проверь свои способности, Санкт-Петербург, 1995.

  10. Звонкин А.К., Ландо С.К., Семенов А.Л., Шень А.Х. Алгоритмика, Дрофа, 1998.

  11. Светлова Е.И. Сравни и измерь, ЭКСМО-Пресс, 2001.

  12. Копытов Н. Задачи га развитие логики, Москва, АСТ-Пресс, 1998.

  13. Волина В. Занимательная азбука для детей, Санкт-Петербург Дидактика, 1994.

  14. Хантер Б. Мои ученики работают на компьютере, М.: Просвещение, 1989.

  15. Колобов С. Правила техники безопасности при работе с ЭВМ , Информатика и образование, 1987, № 6.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет