Кодексі 1 Бөлім. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#175332
түріКодекс
  1   2   3
«Delta Bank» АҚ

акционерлері Жалпы жиналысының шешімімен

БЕКІТІЛГЕН

20 қыркүйек 2010ж.

хаттама №40
өзг. мен тол., Жалпы жиналыс шешімінің хаттамасы №44 16 қаңтар 2012 жыл

өзг. мен тол., жылдық Жалпы жиналыс шешімінің хаттамасы №45 20 сәуір 2012 жыл



КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУ

КОДЕКСІ
1 Бөлім. Жалпы ережелер


  1. «Delta Bank» АҚ бұл корпоративті басқару Кодексі (ары қарай - Кодекс) «Delta Bank» АҚ (ары қарай - Банк) корпоративті басқару үдерісінде қолданылатын, Банк Басқармасы мен директорлар Кеңесінің, сонымен қатар Банктің акционерлері мен лауазымды тұлғалар қарым-қатынасының ерекшеліктерін қосқандағы, негізгі стандарттары мен ұстанымдарын анықтайды.

  2. Корпоративті басқарудың стандарттарын қолданудың мақсаты Банк акционерлерінің мүддесін қорғау болып табылады. Корпоративтік басқару, Банк акционерлерінің арасындағы, оның ұйымдары мен лауазымды қызметкерлері, сонымен қатар Банктің (оның ұйымдары, лауазымды тұлғалары және қызметкерлері) үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының іскерлік әдебінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

  3. Бұл Кодекс Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне, ағымдағы даму кезеңінде Банк қызметінің нақты шарттарына, әдептілік нормаларының, корпоративті басқарудың қалыптасқан халықаралық тәжірибесін ескере отырып, уәкілетті органның ұсынысына сәйкес жасалған.


2 Бөлім. Корпоративті басқарудың ұстанымдары


  1. Корпоративті басқарудың ұстанымдары - бұл өзінің корпоративті басқару жүйесін қалыптастыру, қызмет атқаруы мен жетілдіру үдерісінде Банк басшылыққа алатын бастапқы беталысы. Банкті корпоративті басқару, ең алдымен, акционерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын және Банктің өзінің беделін құрметтеуге негізделеді және Банк қызметінің тиімді өсуіне, сонымен қатар Банктің кіріс әкелетін активтерінің өсуіне, жұмыс орындарын құру мен Банктің қаржылық тұрақтылығы және табыстылығын қолдауға бағытталған. Осы бөлімде көрінген корпоративті басқару ұстанымдары Банкті басқаруға байланысты туындайтын қарым-қатынастардағы сенімді құруға бағытталады және Кодекстің келесі бөлімдеріндегі барлық тәртіптер мен кепілдемелердің негізі болып табылады.

  2. Бұл Кодекстің негізін қалаушы ұстанымдар болып:

  1. акционерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғау ұстанымы;

  2. Банкті директорлар Кеңесі мен Басқарманың тиімді басқару ұстанымы;

  3. Банк қызметі жөнінде ақпаратты ашудың шынайылығы мен объективтілік ұстанымы;

  4. Заңдылық және әдеп ұстанымы;

  5. Тиімді дивиденттік саясат ұстанымы;

  6. Тиімді кадрлық саясат ұстанымы;

  7. Қоршаған ортананы қорғау ұстанымы;

  8. Корпоративті жанжалдарды реттеу саясаты.

  1. Акционерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғау ұстанымы.

Банк акционерлердің келесі негізгі құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:

  1. оларға тиесілі акцияларды иелену, пайдалану және меншік жүргізу құқығы;

  2. Банкке, оның жарғысымен белгіленген мерзімдерде Банктің қызметі жөнінде жазабаша сұраумен жүгініп және дәлелді жауап алу құқығы;

  3. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы;

  4. Басқару ұйымдарын сайлауға қатысу құқығы;

  5. Банктің үлестік кірісін (дивидендттер) алу құқығы.

6) Банк органдарының қабылдаған шешімдеріне сот тәртібінде келіспеу құқығы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда Банкке Банктің лауазымды тұлғаларының келтірген шығындарын өтеу талабымен сотқа жүгіну құқығы;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның акцияларына айырбасталатын акцияларды немесе Банктің басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алу.

Банк, акционерлердің директор Кеңесінің мүшелерін сайлау мен тағайындау сияқты корпоративті басқарудың негізгі шешімдерін қабылдауға тиімді қатысуды қамтамасыз етеді.

Акционерлердің, директорлар Кеңесінің мүшелері үшін сыйақы саясаты жөнінде өз пікірлерін білдіру мүмкіндігі болуы тиіс.

Банк өз акционерлеріне, Банк Жарғысымен көзделген тәртіпте, Банк акционерлерінің мүддесін қозғайтын, Банк қызметі жөнінде ақпаратты жеткізуі тиіс. Банк акционерлерді, оның қаржылық-шаруашылық нәтижесі жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Банк Басқармасы Банк қызметіндегі жоспарлы өзгерістерді негіздеуге және акционерлер құқықтарының болашақта нақты қорғалуы мен сақталуына міндетті.

Акционерлер, өздерінің негізгі құқықтарының сақталу мәселелері бойынша бір-біріне ақыл-кеңес беруге құқылы.



  1. Директорлар Кеңесі мен Банк Басқармасының Банкті тиімді басқару қағидасы.

Директорлар Кеңесі мен Банк Басқармасының Банкті тиімді басқару қағидасы. Директорлар Кеңесі мен Банк Басқармасының Банкті тиімді басқаруы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын тиісті орындаған және Банк қызметінің айқындылығы жағдайында Банк активтерін тиімді басқару мен табысының өсуінен көрінеді. Корпоративті басқарудың аталған қағидасы Банкте теңдестірілген, өзара байланысты және келісілген корпоративті басқару жүйесін жасап, ұстану арқылы іске асырылады.

7-1. Теңдестірілген, өзара байланысты және келісілген корпоративті басқару жүйесін жасап, ұстану:



    1. Банк бизнесінің қажеттіліктеріне сәйкес келетін Банк Басқармасындағы Комитеттерді (Комиссиялар, Топтар, өзге органдар) және Директорлар Кеңесіндегі Комитеттерді қосқанда корпоративті басқару құрылымын жасау;

    2. Уәкілетті органдар мүшелері және Банктің басшылық қызметкерлері ретінде қаржы нарығы саласында жеткілікті білімі мен тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделі бар жоғары кәсіби менеджерлерді сайлау/тағайындау;

    3. әр уәкілетті органға және Банктің басшы қызметкеріне нақты белгіленген қызмет бағытын, анықталған уәкілеттіктер мен жауапкершілікті бекіту;

    4. уәкілетті органдар және/немесе басшы қызметкерлер өзара теріске шығарылатын (толық немесе бөлігін) шешімдер қабылдағанында қарама-қайшылықтарды шешу тәртібін белгілеу;

    5. уәкілетті органдарға және Банктің басшы қызметкерлеріне бекітілген қызмет, уәкілеттік және жауапкершілікке және белгіленген сатыға сәйкес олардың қызметінің өзара толықтыру және өзара әрекеттесу жүйесін құру;

    6. Банктің қандай да бір уәкілетті органында/басшы қызметкерінде уәкілеттіктің шоғырлануын болдырмау;

    7. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімді жүйесінің болуы;

    8. Ақпараттық қауіпсіздік және техникалық мүмкіндік жағынан қарағанда ішкі нормативтік және өкімгерлік құжаттар тиісті базасының болуы.

Банкте теңдестірілген, өзара байланысты және келісілген тиімді басқару жүйесін құрудың негізі болып Банктің Басқармасы мен Директорлар Кеңесі арасында Банк қызметін стратегиялық және ағымдық басқаруды айыру табылады.

7-2. Директорлар Кеңесі Банкті стратегиялық басқарады, Банк қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды және Банк Жарғысымен оның ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Директорлар Кеңесінің Банкті тиімді басқаруын қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерінің бірі болып Банк пен оның акционерлерінің мүддесіне сай Банктің даму стратегиясын анықтау табылады. Банктің даму стратегиясы директорлар Кеңесімен нарық конъюнктурасына, Банк қорына, Банктің нарықтағы әлеуеті мен ұстанымына қарай анықталады және серпінді дамуын, сонымен қатар Банк табыстылығының тұрақты өсуін қамтамасыз етуі тиіс.

Директорлар Кеңесі Банктің директорлар Кеңесі отырысының күн тәртібін талқылауда директоралар Кеңесі мүшелерінің тікелей қатысуын шамалайтын көзбе көз отырыс өткізу арқылы Банкті басқаруға ұмтылуы тиіс.

Директорлар Кеңесінің отырысын шақыру реті, оның шешімдерін қабылдау мен рәсімдеу тәртібі Банктің директорлар Кеңесі туралы Ережемен реттеледі.

7-3. Банкті корпоративті басқарудың сапасын көтеру мақсатында Банктің директорлар Кеңесі арнайы органдарды – Директорлар Кеңесінің қарамағында Комитеттер құрады. Банк директорлар Кеңесінің Комитеттері Банк директорлар Кеңесінің құзіретін құрайтын аса маңызды мәселелер бойынша Банктің кеңес беруші органы болып табылады. Директорлар Кеңесіне ұсыныстар беруді Комитеттер қаралатын мәселелер бойынша ақпаратты/материалдарды талдау, бағалау негізінде жүргізеді.

Банк қызметінің мәселелері бойынша өкімгерлік-биліктік шешімдер қабылдау бойынша Банк директорлар Кеңесінің уәкілеттіктерін табыстауға жол берілмейді.

Банк директорлар Кеңесінің қарамағында Аудиторлық Комитет, тағайындау, өтемақылар және іскерлік әдеп Комитеті, тәуекелдер Комитеті, сонымен қатар өзінің құзіретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша директорлар Кеңесінің алтын ала талдау және олар бойынша ұсыныстар алу қажеттілігіне байланысты өзге де Комитеттер құрыла алады.

Қаралып жатқан мәселенің маңыздылығы мен көлеміне қарай директорлар Кеңесінің Комитеттері қаралып жатқан мәселе бойынша Комитет үшін қажетті материалдарды жинау, дайындау және жүйелеу үшін жұмыс топтарын құруға бастама жасай алады.

Комитет қызметтерінің өзге де мәселелері әр Комитет бойынша Банк директорлар Кеңесінің бекіткен Банктің жеке ішкі нормативтік құжаттарында реттеледі.

7-4. Бір тұлғаның Банк директорларының Кеңесінде, Банк директорларының Кеңесінің қарамағындағы Комиттерде және басқа ұйымдардың уәкілетті органдарында мүше болуына жол берілу, сондай-ақ басқа ұйымдарда басшылық қызмет лауазымын иелену Банк директорларының Кеңесімен Банк қызметін тиімді басқаруға ықпал ететін жағдайларды ескере отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып анықталады.

Банк директорларының Кеңесі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар Банктің ағымдық қызметін тиісті басқаруға бақылау жасау мақсатында Банк Басқармасының Төрағасынан басқа Басқарма мүшелері, Банк Басқармасының қарамағындағы органдар мүшелері және Банктің өзге де қызметкерлері Банктің директорлар Кеңесінің мүшелері болуға құқығы жоқ.

7-5. Директорлар Кеңесі тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың дәлме-дәл жүйесінің құрылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар Банктегі корпоративті басқару тәжірибесінің тиімділігіне бақылау жасайды.

Директорлар Кеңесі Банк акционерлері мен лауазымды тұлғаларының деңгейінде мүдделердің әлеуетті қайшылығын, сондай-ақ Банк жеке меншігін заңсыз пайдалану және мүддесі бар мәмілелер бекіткенде теріс пайдаланушылықтарды жыл сайын талдайды, қадағалайды және мүмкіндігінше жояды, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен талап етілетін өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.

Банктің директорлар Кеңесінің мүшелері:

- ақпараттанушылық, айқындылық негізінде, Банк пен оның акционерлерінің мүддесіне сай Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Жарғыға және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әрекет етуге;

- барлық акционерлермен әділ қарым-қатынас жасап, корпоративті мәселелер бойынша объективті тәуелсіз пікір білдіруге міндетті.

7-6. Акционерлердің Жалпы жиналысының және Банктің директорлар Кеңесінің құзіретіне жатқызылмаған, құзіретіне Банк қызметінің барлық мәселелері жататын Банкті корпоративті басқару жүйесінде Басқарма маңызды түйін болып табылады.

Банк ағымдық қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары Банктің директорлар Кеңесінің бекітетін Банктің даму стратегиясына сәйкес анықталады.

Банк Басқармасының қызметі Банк тәуекелдерін кәсіби және кешенді басқаруды қамтамасыз ету, Банктің жүргізетін ағымдық процестері мен операцияларына ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі кіретін Банктің барлық ағымдық қызметін басқаруды, сонымен қатар Банктің корпоративті қайшылықтарын реттеу саясатын жүзеге асыруды қамтиды.

Банк Басқармасының сандық құрамын, уәкілеттігінің мерзімін, лауазымдық жалақысының мөлшерін және еңбекақы мен Басқарма мүшелерін сыйлықақылау шарттарын анықтайтын директорлар Кеңесі Банк Басқармасын сайлайды.

Банк директорлар Кеңесінің Басқарма мүшелерін сайлауы Басқарма мүшелерінің директорлар Кеңесінің және/немесе оның жекелеген мүшелерінің мүддесін білдіруді көрсетпейді. Басқарма өз пікірінде тәуелсіз әрі объективті болуы, сонымен қатар Банк қызметінде туындайтын тәуекелдерді дұрыс және әділ бағалауы тиіс.

Басқарма қызметіне Банктің директорлар Кеңесімен лауазымға сайланатын Банктің Басқарма Төрағасы басшылық жүргізеді.

Банк Басқармасы ағымдық қызметінің басқару тиімділігін көтеру үшін Банк Төрағасы қызметтік міндеттерді, уәкілеттік салаларын және Банк Басқармасының мүшелері мен Банктің өзге де басшы қызметкерлері арасындағы жауапкершілікті Банктің бизнес-процестері бөлінісінде бөледі.

Жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес қызметтік міндеттерді, уәкілеттік салаларын және Басқарма мүшелерінің арасында жауапкершілікті бөлу Банктің алқалы орындаушы органы ретінде Банк Басқармасының жауапкершілігін шығармайды.

Осыған байланысты Банк Басқармасының жұмысы оның барлық мүшелері Банктің ағымдағы жағдайынан хабары бар болатындай ұйымдастырылуы, ал ақпарат жинау, өңдеу және беру оларға өз міндеттерін тиісті орындауға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.

Басқарманың әр мүшесі Банк қызметімен байланысты кез келген ақпаратты (қандай бағытқа жетекшілік жасайтынына қарамастан) алуы тиіс. Осы мақсатта Банктің ағымдық жағдайы туралы ақпарат Басқарманың әр мүшесімен жетекшілік жасайтын бағытына сәйкес Банк Басқармасының апта сайынғы отырыстарында хабарлануы тиіс, ал Басқарманың өзі Банк қызметімен байланысты мәселелерді тікелей талқылау және Басқарма мүшелерінің жеке қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көзбе көз отырыстардың аса жиі өткізілуіне күш салуы тиіс.

Басқарманың әр мүшесі уәкілетті органдардың/бағыттарға өздері жетекшілік жасайтын тұлғалардың олардың жетекшілік жасайтын Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуі және соңғыларының Басқарма шешімдерін орындауы мақсатында Банк Басқармасының қабылдаған шешімдері (құпиялыдан басқа) туралы хабарлануын қамтамасыз етуі тиіс.

Басқарма мүшесі басқа ұйымдарда Банк директорлары Кеңесінің келісімімен ғана жұмыс істеуге құқылы.

Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасын, Банк Жарғысын, Корпоративті басқару Кодексі мен Банктің өзге ішкі нормативтік құжаттарын бұзғаны үшін, сонымен қатар акционерлердің Жалпы жиналысының, директорлар Кеңесі мен Банк Басқармасының шешімдерін орындамағаны үшін жауапты болады.

7-7. Банк активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету, клиенттік база мен банктік операциялардың көлемін кеңейту, көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру, Банк үшін аса маңызы бар өзге де мәселелерді қарау мақсатында Банк Басқармасы өзінің өкімгерлік уәкілеттіктерінің бөлігін өзінің Жұмыс органдарына – Банк Басқармасының қарамағындағы Комитеттерге табыстауға, сонымен қатар жеке кеңес беру органдарын – Комиссиялар, Топтар және т.с.с. құруға құқылы.

Басқарма қарамағындағы Комиттер мен өзге де органдардың құрамына Банк Басқармасының мүшелері, Банктің өзге де басшы қызметкерлері, сонымен қатар Банктің өзге қызметкерлері кіре алады. Банк Басқармасының қарамағындағы Комитеттердің құрамына қойылатын міндетті талап болып өзінің қызметіне кіретін мәселелерді қарау мен шешуге кешенді қарауға қабілетті Банктің кәсіби қызметкерлерінен тұратын Комитеттер құру табылады.

Басқарма қарамағында құрылатын Басқарма органдарының саны мен түрі Банк Басқармасымен, жеке, Банктің бизнес-процестерінің/өзге процестерінің ерекшелгі мен қажеттілігіне қарай анықталады.

Комитеттердің уәкілеттігі, жұмыс тәртібі, жауапкершілігі және қызметінің басқа мәселелері тиісті органдар туралы Ережелер мен өзге де ішкі нормативтік құжаттарда анықталады.



  1. Банк қызметі жөнінде ақпаратты ашудың шынайылығы мен объективтілік ұстанымы.

  1. Банк қызметі жөнінде ақпаратты ашу, Банктің жаңа акционерлерінің акционерлік капиталға қатысу мен кіру жөніндегі шешімді қабылдауға көмектесуі, сонымен қатар Банк қызметін қаржыландыруға қатысу жөніндегі инвесторлардың жағымды шешіміне жәрдемдесуі тиіс.

Ақпараттық ашықтық Банкті басқарудағы барынша шынайылық пен дәйектілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Акционер немесе болашақ инвестор, тиісті шешім қабылдауға қажетті Банк жөніндегі ақпаратқа еркін және ауыртпалықсыз қол жеткізуге мүмкіндігі болуы тиіс.

Банк, акционерлердің мүліктік және басқа құқықтарына маңызды әсер етуі мүмкін, өз қызметінің болашағы және жоспарлары, негізгі нәтижелері жөніндегі ақпаратты дер кезінде ашады, сонымен қатар акционерлердің сұрауларына дер кезінде және толық көлемде жауап береді.

Банк, акционерлерге Банк қызметіндегі маңызды корпоративті оқиғалар жөнінде ақпаратты береді, сонымен қатар директорлар Кеңесімен анықталған ішкі (бұқаралық емес) ақпараттың құпиялық және ашылуының катаң және сенімді механизмін қолданады.



  1. Қаржылық есеп беру мен аудиттің тәртіптері мен реттері, Банк қызметіне акционерлер мен инвесторлар тарапынан сенімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржылық есеп беруді жүргізу мен аудитті өткізу келесі ұстанымдарға құрылады:

  • толықтық және шынайылық;

  • біржақты емес және тәуелсіздік;

  • кәсібилік және біліктілік;

  • жүйелілік және тиімділік.

Банк Басқармасы акционер немесе болашақ инвесторға беретін қаржылық ақпараттың толықтығы мен шынайылығына жауапты.

Директорлар Кеңесі қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жүйесіне кіретін ұйымдар мен тұлғалардың, олардың, ішкі бақылау жүйесін жасау, бекіту, қолдану және бағалау үдерістеріне қатынасына байланысты құзіреттерін бөледі.



  1. Заңдылық және әдеп ұстанымы.

Банк, Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік әдептің жалпы қабылданған ұстанымдарына (дәстүріне) және ішкі құжаттарына сәйкес қатаң әрекет етеді. Банктің ішкі нормативтік құжаттары заңнама талаптарының және корпоративті және іскерлік әдеп нормаларының негізінде жасалады.

Акционерлер, директорлар Кеңесінің мүшелері және Банк Басқармасы арасындағы қарым-қатынастар өзара сенім, құрмет, есеп берушілік және бақылауға құрылады.



  1. Тиімді дивидендттік саясат ұстанымы.

Банк дивиденд төлеу барысында Банк Жарғысын басшылыққа алады.

Банк Жарғысы дивиденд мөлшерін анықтау механизмі мен оларды төлеу тәртібінің шынайылығын қамтамасыз етеді. Банк Жарғысы акционерлердің әл-ауқатын көтеру және Банк капиталдандыруының өсуін қамтамасыз ету бойынша Банктің жалпы міндеттерімен қатар, заңдық және заңнамалық актілерге негізделген, нақты дивидендттік саясат тәртіптерін тұжырымдайды.

Бұл тәртіптер, дивидендттерді төлеуге, оларды төлеу шарттарына, дивидендттер мөлшерін есептеу тәртібіне, дивидендттерді төлеу, сонымен қатар оларды төлеу мерзімдерінің, орнының және түрінің тәртіптеріне бағытталған табыс бөлігін анықтау мен таратылмаған табысты есептеу тәртібін реттеуге бағытталған.

Дивидендттерді төлеу, Банк бизнесінің шынайы жай-күйінің негізінде дивидендттерді төлеу мен есептеу үшін жағдайлардың барлығы жөніндегі дұрыс ақпаратқа құрылады.



  1. Тиімді кадрлық саясат ұстанымы.

Банктағы корпоративті басқару, заңнамамен көзделген Банк қызметкерлерінің құқығын қорғау негізіне құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешу мен еңбек талаптарын реттеудегі Банк пен оның қызметкерлері арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға бағытталуы тиіс.

Кадрлық саясаттың негізгі кезеңдерінің бірі болып, жұмыс орындарын сақтау, Банктағы еңбек талаптарын жақсарту және Банк қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың нормаларын сақтау, табылады.

Корпоративті басқару, еңбек ұжымындағы жағымды және шығармашылық ахуалды құру үдерістерін ынталандыруы, Банк қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге көмектесуі тиіс.


  1. Қоршаған ортаны қорғау ұстанымы.

Банк, өз қызметінің үдерісінде қоршаған ортаға тиімді және ұқыпты қарым-қаынасты қамтамасыз етеді.

  1. Корпоративті жанжалдарды реттеу саясаты.

Директорлар Кеңесі мен Банк Басқармасының мүшелері, сондай-ақ Банк қызметкерлері, мүдделер жанжалын болдырмай, Банк пен оның акционерлерінің мүддесіне тиісті сақтық және көңіл бөлушілікпен, өздерінің кәсіби қызметтерін адал және қисынды орындайды. Олар, өз қызметтерінің Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және осы Кодекстің ұстанымдарына ғана емес, іскерлік әдептің жалпы қабылданған нормалары мен әдептілік стандарттарына толық сәйкестілігін қамтамасыз етеді. Корпоративті жанжалдар туындаған жағдайда, қатысушылар, акционерлердің ғана емес, сондай-ақ Банктің іскерлік беделін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, оларды келіссөздер жолымен шешуді қарастырады.

Корпоративті жанжалдарды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының қатаң сәйкестігінде шешілуі тиіс.


3 Бөлім. Акционерлердің жалпы жиналысы
14. Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу тәртібі мен ұйымдастыру үдерістері келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1) барлық акционерлерге әділ және тең қарау;

2) барлық акционерлер үшін Жалпы жиналысқа қатысу қол жетімділігі;

3) акционерлерге шешім қабылдауға қажетті ақпаратты барынша көлемде беру;

4) акционерлердің Жалпы жиналысын өткізудің шынайылығы мен жеңілдігі.
§ 1. Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізуді ұйымдастыру
15. Акционерлер алдағы өткізілетін Жалпы жиналыс жөнінде отыз күнтізбелік күн бұрын, сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында – жиналыс өткізу күніне дейін – қырық бес күнтізбелік күн бұрын хабарлануы тиіс.

Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу жөнінде хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе акционерлерге жазбаша хабарландыру жіберу арқылы жеткізілуі тиіс.

Осы тармақта белгіленген мерзімдерді санап шығару, акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу жөнінде хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау күнінен немесе оның акционерлерге жазбаша хабарландыру түрінде жіберілген күнінен бастап жүргізіледі.

Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және басқа тілдерде жариялау жағдайында, осы тармақта белгіленген мерзімдерді санап шығару, мемлекеттік тілде жариялау күнінен бастап жүргізіледі.

Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу күні мен уақыты, оған қатысуға құқығы бар тұлғалардың ең көп саны қатыса алатындай болуы тиіс.

16. Акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін директорлар Кеңесі құрады және ол, талқылауға шығарылатын нақты тұжырымдалған мәселелердің түбегейлі тізімінен тұруы тиіс.

Акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібі ірі акционермен немесе директорлар Кеңесімен толықтырылуы мүмкін, Банк акционерлері мұндай толықтырулар жөнінде Жалпы жиналыс өткізу күніне дейін он бес күн бұрын хабарлануы тиіс. Көзбе-көз тәртіпте өткізілетін акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу барысында, директорлар Кеңесі күн тәртібінің өзгеруі бойынша алған ұсыныстары жөнінде баяндауы тиіс. Акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту жиналыста ұсынылған Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санынан, көпшілік даусымен жүзеге асырылады. Күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар, егер олардың енгізілуіне акционерлердің Жалпы жиналысына қатысушы және Банктің дауыс беруші акцияларының жиынтығы тоқсан бестен кем емес пайызын иеленуші акционерлердің (немесе олардың өкілдері) көпшілігі дауыс берген жағдайда, енгізілуі мүмкін.

Сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің Жалпы жиналысының шешімін қабылдау барысында акционерлер Жалпы жиналысының күн тәртібі өзгертілмеуі және (немесе) толықтырылмауы мүмкін. Акционерлердің Жалпы жиналысы, оның күн тәртібіне кірмеген мәселелерді қарастыруға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы емес.

17. Акционерлер Жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдар аталған мәселелер бойынша негізді шешімдер қабылдау үшін қажетті көлемдегі ақпараттан тұруы тиіс. Банк директорларының Кеңесін сайлау мәселелері бойынша материалдар ұсынылатын үміткерлер туралы келесі ақпараттан тұруы тиіс:

1) аты, жөні, болған жағдайда тегі;

2) білімі туралы мәліметтер;

3) Банкке аффилиирленгендігі туралы мәліметтер;

4) соңғы үш жылда істеген жұмыс орны және иеленген лауазымы туралы мәліметтер;

5) үміткерлердің біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге ақпарат;

6) ұсынылатын үміткердің қай акционер өкілі болып табылатыны немесе ол тәуелсіз директор лауазымына үміткер болып табылатыны туралы мәліметтер. Егер үміткер акционер немесе Банк акционері болып табылмайтын және директорлар Кеңесінің сайлауына акционер өкілі ретінде ұсынылмаған жеке тұлға болса, мұндай мәліметтер, сондай-ақ, материалдарда акционерлер тізімін жасау күні Банктің дауыс беруші акцияларын акционердің иелену үлесі туралы мәліметтерді қосумен көрсетілуі тиіс.

Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдар:

1) Банктің жылдық қаржы есептілігінен;

2) жылдық қаржы есептілігіне жасалатын аудиторлық есептіліктен;

3) Банктің өткен қаржы жылына таза табысты бөлу тәртібі мен Банктің бір жай акциясына бір жылдағы дивиденд мөлшері туралы директорлар Кеңесінің ұсыныстарынан;

4) Банк пен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің жүгінуі және оларды қарау нәтижелері туралы ақпараттан;

5) акционерлердің Жалпы жиналысын өткізуге бастама көтерушінің қалауымен өзге де құжаттардан тұруы тиіс.

Акционерлердің Жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналыс өткізетін күнге дейін он күн бұрын дайын болуы тиіс.

18. Акционерлердің Жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелері бойынша шешім қабылдау мен қарастыруға, егер жиналысқа қатысушыларды тіркеудің соңында, оған қатысу және дауыс беру құқығы бар, Банктің дауыс беруші акцияларының жиынтығында елу және одан көп пайызын иеленуші, акционерлер тізіміне кіретін акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелген болса, құқылы.

Болмаған орнына өткізілетін акционерлердің екінші Жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырып, олар бойынша шешім қабылдауға құқылы, егер:



  1. кворумның қатыспау себебінен акционерлердің болмаған Жалпы жиналысын шақыру тәртібі сақталса;

  2. оған қатысу үшін тіркеу соңында, Банктің дауыс беруші акцияларының қырық және одан көп пайызын иеленуші акционерлер (немесе олардың өкілдері), сонымен қатар сырттай дауыс беруші акционерлер тіркелген болса.

Сырттай дауыс беру жолымен, акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу барысындағы кворум қатыспаған жағдайда, акционерлердің екінші Жалпы жиналысы өткізілмейді.

19. Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу барысындағы дауыс беруге қорытынды жасау мен дауыстарды санау, акционерлердің Жалпы жиналысымен анықталатын мерзімге Жалпы жиналыста акционерлермен сайланатын есеп комиссиясымен жүзеге асырылады.

Есеп комиссиясы келесі қызметтерді жүзеге асырады:


  1. акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға келген тұлғалардың уәкілеттігін тексеру;

  2. акционерлердің Жалпы жиналысының қатысушыларын тіркейді және оларға акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды береді;

  3. сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің шынайылығын анықтайды және шынайы бюллетеньдердің саны мен күн тәртібінің әр мәселесі бойынша онда көрсетілген дауыстарды санайды;

  4. акционерлердің Жалпы жиналысында кворумның, сонымен қатар жиналысты өткізудің барлық уақытында болуын анықтайды және кворумның бар немесе жоғы жөнінде хабарлайды;

  5. акционерлердің Жалпы жиналысында акционерлердің құқықтарын жүзеге асыру мәселелерін түсіндіреді;

  6. акционерлердің Жалпы жиналысымен қарастырылған мәселелер бойынша дауыстарды санайды және дауыс беру қорытындысын жасайды;

  7. акционерлердің Жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама жасайды;

  8. дауыс беру үшін бюллетеньдер мен дауыс беру қорытындысы жөніндегі хаттаманы Банк мұрағатына өткізеді.

Есеп комиссиясы акционерлердің Жалпы жиналысында дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдердегі ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.

20. Жалпы жиналысты өткізу тәртібі дауыс беру қорытындысын жүргізу барысында жиналысқа қатысушы барлық акционерлердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Банк акционерлері күн тәртібі мәселелері бойынша дауыстарды санау тәртібімен таныса алады. Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызын иеленуші акционерлер, есеп комиссиясы мүшелерінің дауыстарға санақ жүргізуді бақылауға құқығы бар.

21. Дауыс беру қорытындысы Жалпы жиналыста жүргізіледі және жарияланады. Дауыс беру қорытындысы бойынша есеп комиссиясымен, акционерлердің Жалпы жиналысының хаттамасына қосылатын дауыс беру қорытындысы жөнінде хаттама құрастырылады.

22. Жалпы жиналысты өткізгеннен кейін дауыс беру қорытындысы жөнінде хабарлама, заңнамамен белгіленген тәртіпте Банк Жарғысымен анықталған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

23. Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімі Банк акцияларын ұстаушылар тізілімінің аталған жүйесіне негізделген Банк тіркеушісімен құрылады. Аталған тізімді жасау күні акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу жөніндегі қабылданатын шешім күнінен бұрын белгіленбеуі тиіс.

24. Егер акционерлердің Жалпы жиналысына қатысу және онда дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімі жасалғаннан кейін, осы тізімге кірген тұлға, өзіне тиесілі Банктің дауыс беруші акциясын мүлігінен шығарса, акционерлердің Жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.

25. Акционерлердің кезектен тыс жиналысы:

1) директорлар Кеңесінің;

2) ірі акционердің бастамасымен шақырылады.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақыру жөніндегі ірі акционердің талабы, Банк Басқармасының тұрған орны бойынша директорлар Кеңесіне, мұндай жиналыстың күн тәртібінен тұратын тиісті жазбаша хабарламаны жіберу арқылы қойылады.

Қоғамның директорлар Кеңесі, күн тәртібі мәселелерінінің тұжырымдамасына өзгерту енгізуге және ірі акционердің талабы бойынша шақырылатын акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізудің ұсынылған тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу барысында қойылған талапқа сәйкес директорлар Кеңесі Жалпы жиналыстың күн тәртібін өздігінше кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.

Директорлар Кеңесі аталған талапты алған күннен он күн ішінде шешім қабылдап және акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысы немесе оны шақыртудан бас тартқаны жөнінде хабарламаны осы талапты қойған тұлғаға жіберуге міндетті.

Ірі акционердің талабы бойынша, акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақыртудан бас тартқаны жөнінде қоғамның директорлар Кеңесінің шешімі қабылдануы мүмкін, егер:


  1. осы тармақпен белгіленген акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақыру жөнінде қойылатын талап тәртібі сақталмаса;

  2. акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізу үшін ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақырудан бас тарту жөніндегі қоғамның директорлар Кеңесінің шешімі сотта даулануы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет