Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда



Pdf көрінісі
бет27/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Қайшылықтарды анықтау
R210.5 
Кәсіби бухгалтер мүдделердің қайшылығын туғызуы мүмкін 
жағдайларды және бір немесе бірнеше негізгі қағидаларды сақтау 
қауіп-қатерін анықтау үшін ақылға қонымды қадамдарды жасау 
қажет. Мұндай қадамдар келесі анықтамадан тұрады:
(а) 
Сәйкес мүдделер мен тартылған жақтар арасындағы қарым-
қатынастың сипаты; 
(b) 
Сәйкес жақтардың қызметі және оның мәні.
R210.6 
Кәсіби бухгалтер кәсіби қызметін орындау барысында мүдделердің 
қайшылығын туғызатын қызметтер, мүдделер мен қатыснастардың 
уақыт бойында өзгеруін мұқият қадағалауы керек.
Мүдделердің қайшылығын туғызатын қауіп-қатерлер
210.7 A1 
Тұтас алғанда кәсіби қызмет пен мүдделер қайшылығы арасында 
неғұрлым тікелей байланысты болған сайын соғұрлым қауіп-
қатердің деңгейі қалыпты деңгейде болмайды.
210.7 А2 
Мүдделер қайшылығын туғызатын қауіп-қатерді жоятын іс-әрекет 
мүдделер қайшылығына алып келетін мәселеге байланысты шешім 
қабылдау үрдісінен шығып кету болып табылады. 
210.7 А3 
Мүдделер қайшылығын туығызатын қауіп-қатерден сақтайтын іс-
әрекетке мыналар кіреді:
• Белгілі бір міндеттер мен жауапкершілікті қайта құрылымдастыру 
немесе бөлу. 
• қажетті қадағалауды алу, мысалы орындаушы немесе орындаушы 
емес директорды жетекшілікке алу.


41 
Ақпараттың мәнін ашу және келісім беру
Жалпы
210.8 A1 
Әдетте қажет болады:
(a) 
Мүдделер қайшылығының сипатын және туындаған қауіп-
қатерлердің тиісті тараптарға, оның ішінде жанжалға 
ұшыраған жұмыс беруші ұйымдағы тиісті деңгейлерге қалай 
бағытталғанын ашу; сондай-ақ
(b) 
Қауіп-қатерді жою үшін сақтық шаралары қолданылған кезде 
кәсіби бухгалтердің кәсіби қызметпен айналысуына тиісті 
тараптардың келісімін алу. 
210.8 A2 
Кәсіби бухгалтер тараптардың жағдайды басынан бастап білетінін 
және олар қайшылықтың болуына қарсы болмаса, мүдделер 
қайшылығын қабылдады деген тұжырым жасауға жеткілікті 
дәлелдері бар болған жағдайда келісім беруі тараптардың мінез-
құлқымен байланысты болуы мүмкін.
210.8 А3 
Егер ақпараттардың мәнін осылай ашу немесе келісімін жазбаша 
нысанда бермесе, онда кәсіби бухгалтерге келесідей құжаттау 
ұсынылады:
(a) 
Мүдделер қайшылығына алып келетін жағдайдың сипатына;
(b) 
Қажет болған жағдайда қауіп-қатерді жою үшін сақтық 
шараларын қолдану; 
(c) 
Алынған келісімдер.
Басқа ойлар
210.9 A1 
Мүдделер қайшылығын шешкен кезде кәсіби бухгалтерге жұмыс 
беруші ұйымнан немесе басқа адамдардан кеңес алу ұсынылады, 
мысалы, кәсіби орган, заң кеңесшісі немесе басқа бухгалтерден. 
Мұндай ақпаратты ашу немесе жұмыс беруші ұйымның ішінде 
ақпарат алмасу кезінде және кеңес алу үшін үшінші тараптарға 
жүгінген кезде құпиялылық қағидасын қолданылады.


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет