Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы



бет44/78
Дата26.02.2016
өлшемі7.92 Mb.
#27583
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 332-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара



332-бап. Салық салу объектiсi

1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемi пайдалы қазбаларды өндiруге салық салу объектiсi болып табылады.



2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемi:

1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн өткiзiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;

2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге берiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)

2-1) кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайға - салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың көлеміне бөлінеді.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнайды беруді не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелінбеген жағдайда, кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлығы пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.

3) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген, салық кезеңi iшiнде өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың және газ конденсатының көлемiне;

4) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу есебiне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикi мұнай мен газ конденсатына;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзiлген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;

Жеке өндірістік мұқтаждарға пайдаланылған табиғи газ деп:

жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындау кезінде отын ретінде пайдаланған;

өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қазандықтар үшін;

ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және тасымалдау кезінде;

электр энергиясын өндіру үшін;

осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына қайта айдау үшін пайдаланылған табиғи газ танылады.

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.

3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi растау үшiн жер қойнауын пайдаланушыда шикi мұнай мен газ конденсатының нақты көлемiн және олардың тиiстi көлемiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактiсiн растайтын коммерциялық және тауарға iлеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi растау үшiн - тиiстi көлемi үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшiрмелерi болуға мiндеттi.



Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi болмаған жағдайда шикi мұнай мен газ конденсатының тиiстi көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшiн тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты ретiнде қаралады.

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)



3-1. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеу үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына бергенін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізгенін растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда тауарлардың және олардың өңдеу өнімдерінің нақты көлемі және оларды тиісті кедендік рәсіммен орналастыру фактісін растайтын мынадай құжаттардың:

тауарларды және олардың өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсіммен орналастыруды растайтын, тауарларға арналған декларациялардың;

тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжаттың;

нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілуге жататын шикі мұнай көлемі туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар бөлігінде шикі мұнайды өңдеу үшін әкетуге жататын, көрсетілген көлемнен алынатын өңдеу өнімдерінің көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының;

кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің;

тауарлар мен өңдеу өнімдеріне арналған коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттардың және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерінің;

нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнай көлемінен алынған өңдеу өнімдерінің нақты әкелінген көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері болуға міндетті.

Құжаттардың осындай түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда, шикі мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде табиғи газ бойынша төленбейдi.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 43-бабына сәйкес 332-баптың 5-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды



5. Осы баптың мақсаты үшiн факелдерде жағылған табиғи газдың көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын салудан босатылады.

 

333-бап. Салық базасы



Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 334-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



334-бап. Шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі

1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде өндiрiлген шикi мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртiппен:

1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшiншi тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнiмнiң бір бірлiгi үшiн нақты сатып алу бағасының көбейтiндiсi ретiнде;

2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бірлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)

2-1) жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнай берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу ретінде берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейіндісі ретінде;

3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемiнiң және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалатын беру бағасының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген тауарлы шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндiрiлген тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемi мен осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде есептелген өнiмнiң бірлiгi үшiн әлемдiк бағаның көбейтiндiсi ретiнде айқындайды.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Шикi мұнайдың және газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы бағамдауының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаты үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inc» компаниясының «Platts Crude Oil Marketwire» дереккөзiнде жарияланған ақпараттар негiзiнде салық кезеңiнде «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының стандартты сортының әрбірiн жеке алғанда шетел валютасындағы шикi мұнай бағасын бағамдауды бiлдiредi.

Осы дереккөзде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар:

«Argus Media Ltd» компаниясының «Argus Crude» дереккөзiнiң деректерi бойынша;

жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.

Бұл ретте, шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасын айқындау үшiн өлшем бірлiктерiн өндiрiлген шикi мұнайдың өлшемнiң стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетiлген сапасына келтiрiлген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргiзiледi.

Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

 

мұнда:

 

S - салық кезеңіндегі шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы;

Р1, Р2..., Рn - салық кезеңi iшiнде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

 

мұнда:

 

Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Сn1 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының төменгi мәнi (min);

Сn2 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).

Жер қойнауын пайдаланушы «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының белгiлi бір стандартты сортына шикi мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикi мұнайды беруге арналған шарттар негiзiнде жүргiзедi. Беруге арналған шартта шикi мұнайдың стандартты сорты көрсетiлмесе немесе жоғарыда көрсетiлген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикi мұнайдың сорты көрсетiлген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берiлген шикi мұнай көлемiн әлемдiк орташа бағасы салық кезеңi iшiнде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға мiндеттi.

4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерi бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды есепке ала отырып, салық кезеңi iшiнде бағаларды шетел валютасындағы күнделiктi бағамдаудың орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде көрсетiлген формула бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inc» компаниясының «Platts European Gas Daily» дереккөзiнде жарияланған ақпарат негiзiнде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының салық кезеңi iшiнде шетел валютасындағы бағамдалуын бiлдiредi.

Осы дереккөзде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға:

1)    «Argus Media Ltd» компаниясының «Argus European Natural Gas» дереккөзiнiң деректерi бойынша;

2)    жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.

Табиғи газдың әлемдiк бағасы мына формула бойынша анықталады:

 

 мұнда:

 

S - табиғи газдың салық кезеңіндегі әлемдiк бағасы;

P1, P2, … , Pn - салық кезеңi iшiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Е - тиiстi салық кезеңi iшіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

 

 мұнда:

 

Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Сn1 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгi мәнi (min);

Сn2 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).

5. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртiппен:

1) жер қойнауын пайдаланушы өндiрген табиғи газды Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген кезде - осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалатын салық кезеңiнде қалыптасқан өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде;

2) өндiрiлген табиғи газды өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бірлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өндiрiстiк өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Егер табиғи газ шикi мұнаймен iлестiрiле өндiрiлсе, табиғи газды өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны шикi мұнайды өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде:

табиғи газдың бір мың текше метрi 0,857 тонна шикi мұнайға сәйкес келетiн қатынасында айқындалады.

6. Шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдiк бағасын уәкiлеттi орган осы Кодексте белгiленген тәртiппен әрбір салық кезеңi бойынша айқындайды және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

 

335-бап. Салықты есептеу тәртібі



1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін ставканы қолданады.

Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.

Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.

3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы ставкаларының өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.



Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасын есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.

Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 336-бап өзгертілді



336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 7 бабына сәйкес 336-бабының бірінші және екінші бөліктерінің қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:

 


Рет №

Жылдық өндiру көлемi

Ставкалар, %-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

5

2.

500 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

7

3.

1 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

8

4.

2 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

9

5.

3 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

10

6.

4 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

11

7.

5 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

12

8.

7 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

13

9.

10 000 000 тоннаға дейiн қоса алғанда

15

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

18

 

Осы Кодекстiң 332-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген және (немесе) берген, оның iшiнде мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне заттай нысанда берген немесе өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгiленген ставкаларға 0,5 төмендетiлген коэффициент қолданылады.

Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасына нақты әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, осы бапта көзделген төмендету коэффициенті осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды.

Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.

Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:

 


Рет №

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар, %-пен

1

2

3

1.

1,0  млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

0,5

2.

2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда

1,0

3.

2,0 млрд. текше м.-ден жоғары

1,5

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет