ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
281-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналар:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;
алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
жарғылық капиталға жарнасы;
акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) егер осы Кодекстің 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:
тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;
өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.
282-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізатын есепке қабылдаған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауы тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген ставкалар бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен, нысанда және мерзімде орындалуын ұсынады.
4. Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін өнім, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін өнімді (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 283-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
283-бап. Салық базасы
Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі (саны) ретінде айқындалады.
284-бап. Әртүрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне және шарап материалына салық салу ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне және шарап материалына әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі және шарап материалы үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеуді спирт пен шарап материалын алушы жүргізеді.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік және фармацевтік препартаттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдік және фармацевтік препараттарды шығарушылар мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.
285-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.
Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, (қасиетінің) оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетін өнімнің бүлінуі деп түсініледі;
2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетін өнімнің жоғалуы деп түсініледі.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
286-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізінде жүргізіледі.
2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудадаөткізуге жатқызу өлшемдері
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;
2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына сондай-ақ:
1) одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жөнелту;
2) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің беруі жатқызылады.
2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткізуі, сондай-ақ беруі;
2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
3) өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады
288-бап. Акцизделетін тауарлар экспортын растау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу кезінде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетін тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар жүктің кедендік декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді.
Акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар жүктің толық кедендік декларациясы экспортты растау болып табылады;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелерін табыс етеді.
Акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесімен әкеткен жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген жүктің кедендік декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен акциз салынуға жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.
289-бап. Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 290-бап өзгертілді
290-бап. Салық базасын түзету
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.
Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 276-23-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2. Осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.
Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.
291-бап. Салықтан шегерім жасау
1. Салық төлеушінің осы Кодекстің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгіленген шегерімдерге азайтуға құқығы бар.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
3. Мыналар:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.
4. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізінде есептелген акциз сомасына шегерім жасалады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;
3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;
4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
6. Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған жүктің кедендік декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және олардың импорты кезінде жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;
2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.
9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.
292-бап. Акциз төлеу мерзімдері
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.
4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.
293-бап. Акциз төленетін жер
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетiн объектiнiң орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша төлейді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.
294-бап. Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелер, салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.
3. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер, салық салуға байланысты объектілер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің банк шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қиспаты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.
295-бап. Салық кезеңі
Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
296-бап. Салық декларациясы
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
2. Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.
40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 297-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |