Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау



бет38/78
Дата26.02.2016
өлшемі7.92 Mb.
#27583
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
276-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау

1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.

2. Лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде әрбір лизингтік төлемді алған күні айқындалады.



Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.

3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады.



Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты, багаж ведомосы, почта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар; шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.

 

276-8-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау



2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаттары негізінде айқындалады.

Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі.



Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидатын ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.

Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген бағаның, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда бағасы көрсетілмеген кезде - тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасының негізінде айқындалады.

5. Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, осы алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері, осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай, осы Кодекстің 276-6-бабы 3-тармағында белгіленген күні көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.

Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері, сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді.

Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизинг төлемдері мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы аталған жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне енгізіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Салық қызметi органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.

Бұл ретте салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өз бетінше түзетеді.

 

276-9-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау



Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшері осы Кодекстің 238 және 241-баптарына сәйкес айқындалады.

 

276-10-бап. Кеден одағындағы тауарлардың экспорты



1. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасы қолданылады.

Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде осы Кодекстің 34-тарауына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

2. Осы баптың ережелері оларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты да қолданылады.

3. Меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасы қолданылады.

 

276-11-бап. Тауарлар экспортын растау



1. Тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі - шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі немесе зат түрінде қарыз берілетін жағдайда - лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);

2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште) (бұдан әрі - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш);

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Тауарлардың магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорты жағдайында тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.

Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операциялар бойынша өздері алған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарт) бойынша оларды әкеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған өзінің банк шоттарына тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде лизингтік төлемнің түсуін растайтын құжаттарды салық органына табыс етеді;

5) зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда - оның құны туралы зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растамасы.

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:

1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);

2) өңделетін өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);

3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатын әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;

Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

5) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің (аумағына өңделетін өнімдер импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан өңделетін өнімдерді әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің негізінде жүзеге асырылады.

Егер өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын өңдеу бойынша жұмыстар орындалған Кеден одағына мүше-мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе, - осындай өңделетін өнімдерді тиеп-жөнелтуді растайтын құжаттардың;

Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

3. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:

1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);

2) оның негізінде өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);

3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;

Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) өңдеу өнімдерінің Кеден одағы шегінен тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;

Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

6) тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы баптың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар кедендік жүк декларациясының;

7) мынадай жағдайларда:

тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген Кеден одағына мүше-мемлекеттің кеден органының белгілері бар толық кедендік жүк декларациясының;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

 

276-12-бап. Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу



1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 244-бабына сәйкес жүргізіледі.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға не аталған тауарларды Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:

1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;

4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:

1) орындалған жұмыстардың актiлерiмен, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерiмен;

2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет