Кодексіне және 2008 жылғы 6 ақпандағы «Мемлекет саясатының басты бағыты Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру», 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан-дамуға»



Дата23.02.2016
өлшемі172.08 Kb.
#4181
түріКодекс



2010 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп
2010-2012 жылдарға арналған облыс бюджеті 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне және 2008 жылғы 6 ақпандағы «Мемлекет саясатының басты бағыты – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру», 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан-дамуға», 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауларына сәйкес облыстық бюджет параметрлері мен әлеуметтік-экономикалық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған болжамы негізінде әзірленді.

2010 жылы дамудың барлық бағыттары бойынша өсудің оң динамикасы қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 624,2 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28,9 % өскен. Өнеркәсіп өнімін шығару көлемінің физикалық индексі – 108,6 %.

2011 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қоса есептегенде) 69119 бірлікті құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 0,1%-ға жоғары. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 0,2% ұлғайды, 240,1 мың адамды құрады. Шығарылған өнім (жұмыс және қызмет) көлемі 307,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңінен 2,1%-ға жоғары.

Негізгі капиталға түскен инвестициялар көлемі 150,9 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бағалар индексі есебімен 2,5%-ға ұлғайды.

Бюджет және салық саясаты – шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жұмыспен қамтамасыз етумен қоса, облыс халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі облыстың алған барлық міндеттемелерін толық және уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыруға және жинақтауға бағытталды.

2009 жылмен салыстырғанда ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 23,4% төмендеді және 5,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздар санының азаюы бірінші кезекте 28655 жаңа жұмыс орнының ашылуы, соның ішінде Жол картасы шеңберінде – 11904 есебінен болды. Одан әрі жұмысқа орналастырумен даярлау және қайта даярлауға 7,0 мың жұмыссыз, қоғамдық жұмыстарға 10 мыңнан аса жұмыссыз адам тартылды, жастар тәжірибесіне – 2,8 мың оқу орындарының түлегі, әлеуметтік жұмыс орындарына 4,5 мың адам жіберілді.

Экономикалық белсенді тұрғындар санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,7%-ды құрады, 2009 жылға қарағанда 0,2 пайыздық тармаққа төмен.

2009 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтар саны 4,0% төмендеді, бұл өз кезегінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 15,6% және тұрғын-үй көмегі 14,5% азайтты. Балалар жәрдемақысын алушылар саны 5,1% қысқарды және 51528 балаға құрады (2009 ж – 54305 адам).



Түсімдер бойынша облыстық бюджеттің орындалуы

2010 жылы облыстық бюджетке 130695,2 млн. теңге болжаммен 130941,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 113214,9 млн. теңге сомасында субвенция мен нысаналы трансферттер түсті.


Меншік кірістер 101,4 %-ға орындалды, 17480,3 млн.теңге болжаммен 17726,6 млн.теңге түсті, белгіленген жоспардан тыс 246,3 млн.теңге түсті.


Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы облыстық бюджеттің түсімдері 962,4 млн.теңгеге, оның ішінде жеке табыс салығы (717,9 млн.теңге), әлеуметтік салық (75,9) млн.теңге, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (48,9) млн.теңге, орманды пайдаланғаны үшін төлем (17,9 млн.теңге), жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар (143,2 млн.теңге) бойынша түсімдер өсті.




Облыстық бюджеттің шығындар бойынша орындалуы
2010 жылғы облыстық бюджет шығындары 133856,8 млн.теңгені немесе жоспар үстіне 99,3 % құрады, 2009 жылмен салыстырғанда есептік жылы 23517,9 млн. теңге артық жұмсалған.


Жалпы сомадағы шығындардың игерілмеген қалдық үлесі 0,7 % құрады немесе 952,7 млн. теңге, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 504,2 млн. теңгеге жоғары.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар шығындарына 2009 жылға 21 % кері өсіммен 133856,8 млн. теңге жұмсалды. Білім 14489,7 млн.теңге (99,8%), денсаулық сақтау 24910,2 млн.теңге (99,7 %), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 5554,1млн.теңге (100,0 %), тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық 8918,2 млн.теңге (99,9%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 2955,2 млн.теңге (99,9%), ауыл шаруашылық 6631,1 млн.теңге (98,6 %), көлік және коммуникация 7312,7 млн.теңге (99,8 %) игерілді.

2010 жылы бюджет саясаты әлеуметтік шығындар басымдылығына бағытталды. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризм шығындар динамикасы соңғы 10 жылда қалыпты, егер 2001 жылы осы шығындар 4777,5 млн. теңге болса, ал 2010 жылы олар 47909,2 млн. теңгені құрады немесе 10 есеге өсті.

2010 жылы білімге 14489,7 млн. теңге жұмсалды.

Дарынды және дамуында проблемалары бар балаларға жалпы білім беру, оқулықтар сатып алу және жеткізу, мектептен тыс іс-шаралар өткізу, біліктілікті арттыру, балалар мен жеткіншектердің психикалық денсаулығын зерттеу және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік лицейлерде және колледждерде мамандар дайындау бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қамтамасыз етілді, оларға 11721,3 млн.теңге жұмсалды.

Жалпы 901,1 млн.теңгеге кәсіптік орта оқу орындары оқушыларының стипендияларын өсіру, жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстау, кәсіптік лицейлерге шет ел ағылшын тілінің оқытушыларын тарту, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, білім саласында жаңа технологияларды енгізу республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің орындалуы қамтамасыз етілді. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде 2487,0 млн.теңгеге білім объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеулер бойынша бағдарлама іске асырылды.

Білім объектілерін салу және қайта жаңартуға 2021,7 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 1648,4 млн.теңгесі республикалық бюджет трансферттері. Есеп беру жылы аталған қаражаттар есебінен Глубокое,Үржар, Күршім аудандарында жаңа мектептер және Жарма ауданында балабақша салынды, Жарма ауданында Үшбиік, Үржар ауданында Благодарное, Катонқарағай ауданында Өрел ауылдарында және Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі мектептер пайдалануға берілді. Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің 1000 орындық зияткерлік мектебінің құрылысы бойынша 23,8 млн.теңге игерілмей қалды, 2011 жылы толығымен іске асыру қарастырылған.

Облыстық бюджет қаражаттары есебінен 4 білім объектісі салынды, оның 3-уі ауылдық мектеп, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді кеңейту және жаңғырту үшін 4 объектінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу шығындары болды.


Зияткерлік әлеуетті дамыту мақсатында жаңа үлгідегі мектептер құрылуда.

«Тұңғыш Президенттің 20 зияткерлік мектебі» жобасының шеңберінде балаларды қамтумен:

- Семей қаласында физикалық-математикалық бағытта;

- Өскемен қаласында химиялық-биологиялық бағытта 2 зияткерлік мектеп қызмет етуде.

Денсаулық сақтау шығындары 24910,1 млн.теңгені құрады, оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін жөндеу жұмыстарына 1443,9 млн.теңге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1121,3 млн.теңге жұмсалды.

Азаматтардың жекелеген санаттарын жеңілдік жағдайларында дәрілік құралдармен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарды техникалық жарақтандыру, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге қарастырылған республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері толығымен игерілді.

Даму арналған республикалық трансферттердің есебінен 8 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы салынды, оның 6 ауылдық жерлерде, 7 объекті пайдалануға берілді, оның ішінде Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында және Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында аудандық орталық аурухана, Өскемен қаласында онкологиялық диспансер жанында сәулелі терапия орталығы (радиологиялық корпус), сонымен қатар Тарбағатай ауданы Көкжыра және Жәнтікей ауылдарында, Күршім ауданы Қаратоғай ауылында, Абай ауданы Архат ауылында 4 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Одан басқа Тарбағатай ауданы Ақжар және Ақсуат ауылдарында аудандық ауруханалар пайдалануға берілді.

Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiгiнің өмір деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға 5554,1 млн.теңге жұмсалды.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы мерекесіне байланысты соғыс мүгедектері мен қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға 564,2 млн.теңге сомасында қосымша көмек көрсетілді.

51,9 млн.теңгеге мүгедектерге арнайы құралдармен (жиналмалы және тірек таяқтары, есту аппараттары, телефакстер, мобилді телефондар сатып алынды) қолдау көрсетілді, 98,4 млн.теңге сомасына протездiк-ортопедиялық көмек көрсетілді.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 105,8 млн.теңге сомасына табысы аз  отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы, 117,3 млн.теңге атаулы мемлекеттік көмек толығымен төленді, 486,7 млн.теңге тамақтану нормалары ұлғайту және қосымша мүмкіндігі шектеулі балалардың күндіз болуына арналған топтары ашылды, медициналық-әлеуметтік мекемелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қамтамасыз етілді. Әлеуметтік жұмыс орнын құруға және жас мамандарды практикамен қамтамасыз етуге 468,0 млн.теңге жұмсалды.

«Жол картасы» шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде жалпы сомасы 111,6 млн.теңгеге ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізілді.

Мәдениет, спорт, туризмге және ақпараттық кеңістікке 2955,2 млн. теңге бағытталды.

Облыстық мәдениет мекемелерін ұстауға және облыстық, өңірлік іс-шаралар өткізуге 1649,8 млн.теңге жұмсалды. «Жол картасы» шеңберінде 83,5 млн.теңгеге мәдениет мекемелері жөнделді.

Облыстың бұқаралық спортын дамытуға, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындау және қатысуға іріктеу кезеңіне 262,9 млн.теңге жұмсалды. Өткен жылы 34,8 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған дамыту бағдарламалары 21145,8 млн.теңгеге орындалды.

Автомобиль жолдарының құрылысы, жөндеу және ұстау бойынша жобалар толығымен іске асырылды,олардың шығыстары 5790,1 млн.теңгені құрады, оның 1859,7 млн.теңгесі «Жол картасы» шеңберінде. Риддер қаласының айналма жолының құрылысы, Күршім ауданындағы Қара-Қаба және Глубокое ауданындағы Карагужиха өзендері арқылы өтетін көпір, Самар тас жолындағы темір жолы арқылы өтетін автокөлік жолсерігі, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Ақшауле», «Семей-Қайнар», «Көгілдір шығанақ» демалыс базасына кіре жолы» көлік жолдарын қайта құру, Өскемен қаласы аэродромының жол басқару қондырғысы және әуе кемелерінің тұрақ орнын қайта құру, «Семей-Курчатов», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Большенарым-Күршім», «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка», Мақаншы-Жалаңашкөл, «Ақсуат-Бөкей-Қарасу-Ақжар» автокөлік жолдарының атыздарын күрделі жөндеу бойынша, сондай-ақ дағдарысқа қарсы бағдарламаның іс-шаралары шеңберінде облыстың 15 өңірінде елді мекендерінің жергілікті автожолдар мен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Глубокое және Катонқарағай аудандарының автожолдарын жөндеуге, сонымен қатар Шемонаиха ауданындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер толық көлемде игерілді.

Қала маңындағы теміржол бағыттарында жол жүруге халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыларға 208,3 млн. теңге, ішкі тұрақты авиатасымалдауларды субсидиялауға 120,4 млн. теңге төленді.

Есептік кезеңде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 8918,2 млн. теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы аяқталды.

Нысаналы трансферттер есебінен 596,6 млн.теңгеге коммуналдық тұрғын-үй құрылысы бойынша жобалар іске асырылды, Өскемен қаласында 2 тұрғын-үй пайдалануға берілді, 1183,9 млн.теңгеге салынып жатқан тұрғын-үйге жүргізілген инженерлік коммуникацияға құрылыс және қайта құру жүргізілді.

Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыс республикалық бюджеттен 2877,5 млн.теңге кредит алды, оның ішінде: 1107,0 млн.теңгесі тұрғын-үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, 1170,5 млн.теңгесі «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде, одан жалпы 2812,4 млн.теңге көлемінде игерілді немесе 97,7 %. Республикалық бюджет алдында кредиттерді уақытында өтеу жөніндегі 2007 жылы алынған міндеттемелер толығымен орындалды, 882,0 млн.теңге қайтарылды.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, 2010 жылы облыстың 13 аймағында 21 сумен жабдықтау объектілері бойынша құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізілді, 1365,2 млн. теңге қаражат игерілді, бұл 2009 жылмен салыстарғанда 412,7 млн. теңгеге жоғары, оның ішінде 1239,8 млн. теңге республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері.


Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін 4800,0 млн.теңге қаражат жұмсалды, оның есебінен үш элиталық-тұқым өсіру шаруашылығының элиталық және бірегей тұқым түрлерін өндіруге кеткен шығынның 40% дейін өтеу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін суды жеткізу бойынша қызмет көрсету құнын өтеу, эпизоотияға қарсы және ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шараларды қаржыландыру жүргізілді.


5,2 млн.теңгеге су қорғау аймағы мен жолағын, 101,2 млн.теңгеге табиғатты қорғау іс-шаралары жұмыстары жүргізілді.




2671,5 млн.теңге сомасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумын өткізу шаралары үшін республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді.

Семей қаласын жылумен қамтамасыз етуді жаңарту схемасы бойынша трансферттер толық игерілді.



2010 жылғы көктемгі су тасқын салдарын жою бойынша бірінші кезектегі шараларды жүргізу мақсатында, отын сатып алу үшін, сонымен қатар (45 %) ішінара шығынды өтеу үшін ауылшаруашылық құрылымдарында аналық мал басын (сиырлырды) ұстауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві, басқа облыстар мен облыстық бюджет есебінен 2010 жылы 7066,3 млн.теңге игерілді, соның есебінен үй құрылысы, ішкі инженерлік коммуникация(электржарығымен қамтамасыз ету жүйесі), көшелер салу, тұрғын үйлерге су құбырын орнату, ауыл әкімдігінің ғимаратын салу, Көкпекті ауданындағы су қоймасынан су іркуішін және бөгетін қайта құру,Тарбағатай ауданындағы «Ақсуат-Бөкей-Қарасу-Ақжар» автожолдарындағы Қарғыба өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу, Абай, Тарбағатай, Күршім аудандарындағы жолдарды орташа жөндеу, және Зайсан, Күршім аудандарында сәулеттендіру, көшелерді жарықтандыруға ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге ауылға 100,0 млн.теңге жұмсалған болатын, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы «нөлдік» сыйақы ставкасы бойынша шағын бизнесті дамытудың 46 жобасын кредиттеуге мүмкіндік берді.
Бюджетаралық қатынас

2008 - 2011 жылға дейінгі қалалар мен аудандардың бюджетіне берілуші трансферттердің жалпы сипаттамасы туралы мәлімет














мың теңге

Атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Өскемен қаласы

0,0

294 213,0

500 636,0

0,0

Семей қаласы

0,0

177 775,0

333 283,0

856 459,0

Риддер қаласы

0,0

48 699,0

147 743,0

408 919,0

Курчатов қаласы

0,0

12 921,0

39 155,0

45 016,0

Абай ауданы

718 849,0

857 593,0

1 024 426,0

1 183 312,0

Аягөз ауданы

1 181 353,0

1 443 737,0

1 149 088,0

2 336 063,0

Бородулиха ауданы

993 191,0

1 209 024,0

1 475 945,0

1 196 715,0

Бесқарағай ауданы

776 180,0

942 134,0

1 125 276,0

1 312 772,0

Глубокое ауданы

850 088,0

1 058 203,0

1 306 882,0

1 326 174,0

Жарма ауданы

1 215 138,0

1 482 256,0

1 775 016,0

2 172 104,0

Зырян ауданы, Зырян қаласы

421 489,0

624 902,0

872 614,0

1 322 057,0

Зайсан ауданы

1 007 154,0

1 230 648,0

1 519 943,0

1 682 203,0

Катонқарағай ауданы

1 196 283,0

1 453 344,0

1 725 220,0

2 052 004,0

Күршім ауданы

1 360 926,0

1 648 355,0

1 974 082,0

2 330 622,0

Көкпекті ауданы

1 282 894,0

1 555 981,0

1 884 206,0

2 144 804,0

Тарбағатай ауданы

1 772 616,0

2 149 116,0

2 600 695,0

3 030 989,0

Ұлан ауданы

985 266,0

1 188 404,0

1 450 386,0

1 691 218,0

Үржар ауданы

1 936 831,0

2 371 746,0

2 866 036,0

3 171 478,0

Шемонаиха ауданы

622 030,0

774 689,0

960 280,0

710 306,0

Барлығы

16 320 288,0

20 523 740,0

24 730 912,0

28 973 215,0

Сонымен қатар, жыл сайын облыс бюджеттіне республикалық бюджеттен мақсатты трансферт түрінде көптеген қаражат бөлінді.

2008 жылы республикалық бюджеттен аймақтар бойынша 19620,5 млн. теңге бөлінсе, 2010 жылы қазірдің өзінде 39137,1 млн. теңге бөлінді.

стрелка вправо 5стрелка вправо 6

Облыстық бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру

Облыстық бюджет тапшылығы 1729,3 млн. теңге сомасында қалыптасты немесе жоспардан 1308,0 млн. теңгеге аз.

Бюджет тапшылығын қаржыландыруға 3005,1 млн. теңге көлемінде қарыз тартылды. Республикалық бюджет алдындағы облыс қарызын өтеу бұдан бұрын алынған қарыздар бойынша 891,9 млн. теңгені құрады. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша пайдаланылмаған бюджет қаражатының қалдығы 1308,5 млн. теңгені құрады.

Шығыс Қазақстан облысының маслихаты 2010 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарастыру нәтижелері бойынша 2011 жылғы 11 наурыздағы № 27/333-IV сессия шешімімен есеп бекітілді.






Жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2010 жылғы негізгі қорытындылары

2010 жылы бақылау тиімділігін арттыру және объектілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында қаржылық бақылау тексерулерін жоспарлау тәсілдері өзгертілді. Атап айтқанда, бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі әзірленді және енгізілді. Осындай дәлме-дәл тәсілді қолдану есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді тексерудің жалпы саны азайды, бірақ тексеріс саны азайғанымен бюджет заңнамасының бұрмалаушылықтары ұлғайды және 3181778,08 мың теңгені құрады (2009 жылы – 559426,0 мың теңге).


Сондай-ақ, 2010 жылы бюджеттің бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және қайтару көлемдерін айтарлықтай ұлғайтуға қол жеткізілді. Осылайша, 2010 жылы бюджетке 2739462,0 мың теңге қалпына келтірілді және қайтарылды, бұл алдыңғы жылдың осындай көрсеткішіне қарағанда 13 есе көп (2009 жылы – 210045,56 мың теңге).

Мемлекеттік сатып алуды өткізудің мониторингі бойынша атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша 2010 жылы заңнаманы бұзушылықпен өткізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сомасы 2009 жылмен салыстырғанда 3 918 988,67 мың теңгеге ұлғайып, 10 837 038,4 мың теңгені құрады.

Бақылау объектілеріне бақылау нәтижелері бойынша жіберілген ұсынымдардың орындалуының өсуіне қол жеткізілді. Мәселен, егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 93 % құраған болса, 2010 жылы 95 % құрады.

Құқық қорғау органдарына 7 382 883,7 мың теңгенің бұрмалаушылықтарымен 82 бақылау материалдары жіберілді. 56 лауазымды тұлға сомасы 5906,35 мың теңгеге әкімшілік жазаға тартылды, оның ішінде жыл ішінде бюджетке түскені 5521,5 мың теңге (93,5%).

Тәртіптік жауапкершілікке 512 лауазымды тұлға тартылды, бұл 2009 жылдың көрсеткішінен 87 есе көп.



Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі қаржылық бақылау комитетінің қаржылық бақылау Инспекциясының 2010 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берген ұсынымдары

  1. Жергіліктік бюджетті қалыптастыру кезінде экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларының нақты макроэкономикалық көрсеткіштерін пайдалану.

  2. Бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау. Бюджеттің негізгі көрсеткіштерін «Бюджетті бекіту туралы» маслихат сессиясы шешімдерінің негізінде ғана өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

  3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде және қаржылық есептілік депозитарийінде мемлекет активтері мен мүліктерінің толыққанды есебін және мониторингін қамтамасыз ету.

  4. Квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қызметтерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін олардың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жүргізу және көп сатылылық пен функцияларының қосарланушылығын жою.

Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өзара іс-қимылдарының тетігін жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет