Орындаған: Жұматай Гүлсезім Тобы: тфп19-030К



Дата20.10.2022
өлшемі489.76 Kb.
#463036
түріҚұрамы
ХИТ 5 сабақ

Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдік шикізатының талдауы, дәрілік өсімдік шикізатындағы сапониндердің таралуы.

Орындаған:Жұматай Гүлсезім

Тобы:ТФП19-030К

Тексерген:Пушкарская Н.С

Жоспар:


Құрамында алкалоидтары бар
дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
4
Кіріспе
1
Сапалық реакциялар
2
Медицинада қолданылуы
3
Қорытынды
5

Кіріспе:

  • Стероидты сапониндер табиғи күрделі гликозидтердің қатарына жататын органикалық қосылыстар болып саналады.
  • Шнайдер 1811 жылы дәрілік сабыншөптен стероидты затты бөліп алған.
  • 1819 жылы Мэлон осы қосылысқа сапонин деген терминді ұсынған болатын, себебі олардың сулы тұнбасын шайқағанда жақсы көбінеді.
  • Латынша аро көбіну, сабыну деген сөз. Сапониндердің көбісі эритритроциттердің ыдырау процесіне тікелей қатынасы бар.
  • Сапониндердің молекуласы көмірсулардың қалдығынан және агликонан (қантсыз бөлігі) тұрады. Олардың агликондары сапогенин деп аталады. Қышқыл гидролиз арқылы олар моносахаридтерге және сапонинге бөлінеді.

Сапалық реакциялар:

1.Сальковский реакциясы. Стероидтың хлороформдағы ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқанда қызыл түс пайда болады.

2. Либерман-Бурхардтың реакциясы. Стероидтың сірке қышқылы, сірке ангидридінің қоспасымен күкір қышқылын құйса қызыл-жасыл түс түзіледі.

3. Стероидты қосылыстары бензолдағы ерітіндісіне сірке және күкірт қышқылдарын қосса жасыл немесе көктүс пайда болады.

4. Розенхейм реакциясы. Сапониңдердің спиртті ерітіндісіне үш хлорсірке қышқылын қосқанда сия түс көктүске езгереді, өтетін стероидтар комплексті қосылыстары түзеді.

5. Стероидты сапониндер холестериннің спиртті өрітіндісімен ақ тұнба түзеді.

Медицинада қолданылуы:

  • Медицинада стероидты сапониндердің цитостатикалық, фунгистатикалық, қан қысымын темендететін, жүрек қызметіне есер ететін қасиеттері пайдаланылады. Осыған орай олар қандағы холестериннің мөлшерін азайту, атеросклероз ауруын емдеу үшін, сондай - ақ стероидты гормондары синтездеу үшін де қолданады.

Стероидты сапониндер 100 ден астам өсімдіктерде анықталған. Олар әртүрлі өсімдік түқымдастарында, көбінесе: лалагүлдер/Jiliaceal/,

  • дискореялар /Discoreaceal/,
  • бұршақтар /Fabaceal/,
  • алқалар /Solanaceal/,
  • сарғалдақтар /Ranunculaceal/ т.б. тұқымдастарда ұшырасады.
  • 150 стероидты гликозидтердің ішінде 100-ден астамы спиростанол, 40-қа жуық-фурастанол сапониндер кездеседі.

  • НИППОН ДИОСКОРЕЯСЫ Dioscorea nipponica Makino ДИСКОРЕЯЛАР ТҮҚЫМДАСЫ Dioscoreuccai

Сипаттамасы:

  • Диоскорея туысына жататын, ұзындығы 4 м-ге дейін жететін, көпжылдық шөптектес шырмауық. Көлденең жатқан тамыршасы бар. Сабағы жалаңаш, шөптектес, жіңішке, жұқа болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша, сағақты, ұзындығы 12 см-ге дейін жетеді. Гүлдері майда, сарғыш-жасыл түсті, шашақталып орналасқан. Жемісі үш ұялы қауашақ, ұзындығы 2,5 см-ге дейін болады. Тұқымы жалпақ, қанатшалары бар. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Мәуесі тамыз-қыркүйекте піседі.

Дайындалуы:

  • Дәрілік мақсатта тамыры мен тамырсабағын /Rhizomata et radices Dioscoreal /жемісі піскен кезінде, күз айларыңда жинап алады. Қазып алынған тамырдың сабағынан және бөліктерден тазартып алып оны 10 см-дей етіп кесіп бөлшектейді. Кептірілген күйінде немесе жаңа тамырды қабылдау пунктіне өткізуге болады. Кептіргіштерде 60°С температурада кептіреуге де болады.

Қолданылуы:

Тамырынан жасалған дәрілер қан қысымының жоғарылауына байланысты болатын атеросклероз ауруларына қолданады. Олар холестеринің организмдегі мөлшерін төмендету арқылы оның артерия сосудтарын да мөлшерін азайтып, осы арқылы аурудың қан қысымын төмендетіп, жағдайын, көңіл-күйін жақсартады.

Дәрі-дәрмектер. Полиспонин.

  • ОРАЛДЫҚ МИЯ. Glycyrrhiza uralensis БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ. Fabaceal/Jeguminosal/

Сипаттамасы:

  • Миятуысынажататын, өсімдіктіңжер бетіндегі бөлігінің биіктігі 60 см-ге дейін жететін, бірнеше сабақтан туратын, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қауырсынғаүқсас. Бүтагының ең үшыңда жалгыз жапырагы болады. Жапырақтарының екі жағында да түкті бездері бар. Гүлдері көкшіл түсті, жапырақтарының куысында шогырланып турады. Жемісі ораО! сияқты иіліп, бүтақталган қауыз. Жылтыр мияның гүлдері орал мияның п/лдеріне қарагандау қызылдау, майдалау. Шілде тамы айларықца гүлдейді.

Химиялық құрамы:

  • Өсімдіктің қүрамында калий және кальций тұздарының глициризин қышқылы болып табылатын глициризин /4,9 - 22,2/ флавоноидтар оның ішінде ликвиритигенин және оның гликозидтері, халқондар бар.
  • Қолданылуы:


Мия тамырының препараттары тыныс алу жолдарының ауруларында, қақырықтүсіретін, жұмсартатын дәрі ретіндежәне асқазан, ішек жолдарының ауруларында қолданады.
Дәрі-дәрмектер. Ликуразид, глицерам, қоюжәнеқүргакэкстрактар.
Сақталу мерзімі 10 жыл.

Қорытынды:

  • Сапониндер (лат. saponis—сабын) - өсімдік гликозидтері тобына жататын азотсыз күрделі органикалық қосылыстар. Сапониндер ерітінділері шайқағанда тұрақты көбік береді. Табиғатта кең таралған: көп өсімдіктердің жапырақтарында, сабақтарында, тамырларында, гүлдерінде, жемістерінде кездеседі. Углеводты және углеводсыз агликоннан (сапогенин) құралады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет