Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет580/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген бірлестіктердің қызметіне 
белсенді түрде қатысу
 -
 
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шекте- уге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қызметі азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен 
ұштасқан, не азаматтардың азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуға немесе кұкыққа қарсы 
өзге де әрекеттер жасауға түрткі болған діни немесе коғамдық бір- лестіктер кұру немесе оған 
басшылық жасау, сол сияқты діни негіздегі партия, Қазақстан Республикасының заңдары бойынша 
тыйым салынған көздерден қаржыландыратын саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар құру немесе 
оған басшылық жасау көрсетілген кылмысты істеуге жатады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың 
тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 403-бабындағы көрсетілген құраммен бірдей. 
Объективтік жағынан талданып отырылған құрам белсенді әрекет күйінде: заңсыз діни немесе 
қоғамдық бірлестіктер құру; оларға басшылық жасау; Қазақстан Республикасының заңдарында 
тыйым салынған көздерден қаржыландыратын діни пар- тиялар, саяси партиялар, кәсіподактар құру 
жэне оларга басшылық жасау арқылы жүзеге асырылады. 
Яғни көрсетілген әрекеттердің барлығы коғамдык бірлестіктер немесе саяси пар- тиялар туралы 
заңға қайшы болуы қажет. Осы іс-әрекеттер орын алысымен қылмыс аяқталған деп танылады, 
өйткені ол материалдық-формальдық құрамға жатады. 
Субъективтік жагынан қылмыстык кукык бұзушылықтікелей касаканалықпен жүзеге 
асыры.іады. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыктың субъектісі - арнаулы, заңсыз когамдық бірлестік- тер құрган 
немесе оган басшылык жасаган 16-га толған адам. 
Нәсілдік, ұлттық, рулык, элеуметтік, таптык немесе діни төзбеушілікті немесе артыкшылыкты 
уагыздайтын немесе оны іс жүзінде жүзеге асыратын, конституциялык кұрылысты күштеп күлатуга, 
мемлекеттің кауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтык 
тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қогамдық бірлестік құру, сол сияқты осындай 
бірлестікке басшылық жасау - осы қылмыс кұрамының (404-баптың 2-тармагы) ауырлататын түрі 
болып табылады. 
Ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде (404-баптың 1 -тармагы, 404-бап тың 2-
тармагы) аталган бірлестіктердің қызметіне белсене араласқаны үшін жауаптылық Қылмыстық 
кодекстің 404-бабының 3-тармагында көзделген. Бұл құрамның субъектісі болып бірлестіктің 
қызметіне белсене араласкан адам ғана танылады. Белсене араласуға оны кұруга үндеу жасау, 
адамдарды соган кіруге үгіттеу, солардың пайдасына басқа да белсенді іс-эрекеттерді істеулер 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет